Home » Мақалалар » Азаттық қаhарманы-Ағыбай батыр

Азаттық қаhарманы-Ағыбай батыр

      Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған ел тәуелсіздігі жолында аянбай күресіп келген.Ұланғайыр жерімізді ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен қызғыштай қорғап өткен. Тарихтың талай бұралаңы  мен қатаң сыңдарынан аман өткен қазақ халқы қай кезеңде де еркіндігі мен азаттығы үшін үздіксіз тартысып өткен. Ең бастысы – тәуелсіздіктің оңай келмегенін, сол азаттықтың жолында  бабаларымыз, бертін келе Кеңес үкіметі тұсында өрімдей жастарымыз бастарын қауіпке тігіп, жанын сала күресіп өткенін сезінгеніміз жоқ. Ел басы Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдауында өткен тарихқа былайша әділ баға берілген: «Абылай ханның немересі Кенесарының тұлғасы, тәуелсіздік үшін орналасқан басқа да елдердің бейнесі. Біздің жадымызда жатталып қалады. ХХ ғаырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақта мүмкіндік туды. Ол мүмкіндікті туғызғандар Алаштың ардақты азаматтары еді». Әсіресе ХХІ ғасырдағы қазақ елінің тарихи – әлеуметтік саяси жағдайы ана ғұрлым ауырлау болды. Өйткені, бұл кезеңде Ресей патшалығы қазақ елінің ішкі саясатына араласа бастады. Қазақ елін қалай әлсеретіп, іштен ірітуге болатынын зерттеп білген Ресей үкіметі «Бөліп ал да, билей бер » саясатына көшті. Қазақтың көптеген би-болыстарына шен беру тәсілі арқылы бір-біріне айдап салып қарсы қоюға күш салды. Соның кесірінен ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Кенесары хан Қасымұлына аға –сұлтандар, би-болыстар толық тірек бола алмады. Керісінше кейбір болыстар патша үкіметінің жақтаушысы болды. Осындай қиын шақта Кенесары ханның әскері де, бар тірегі Ағыбай, Иман, Бұқарбай, Басықара секілді халық арасынан шыққан ержүрек батырлар болды. Кенесары ханның тірегі, ақылшысы болған айбынды батыр, көтерілістің бас қолбасшысы — Ағыбай Қоңырбайұлы.

Ағыбай батыр 1802 жылы Ұлытау өңірінде Қоңырбай шаңырағында дүниеге келген. Ағыбайдың балалық шағы айтарлықтай толыққанды өтпейді. Әкеден жастай айырылған жетімдіктің қиыншылығын көріп өседі. Жақынынан теперіш көрген Ағыбай ерте ержетуді армандайды. Ағыбай 13 жасынан бастап қабілеттілігі мен орасан күштілігімен таныла бастайды. Сөйтіп батырлықты мақсат тұтқан жас Ағыбай бірте-бірте ел мақтанышына айналады.

Он жетімде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп құдай тілекке – деп жырлаған.

Ақтанберді жырау толғанғандай Ағыбай да он жеті жасынан бастап ел үшін атқы мініп тарихи оқиғаларға араласа бастайды.  Жасы жиырмадан асқан шағында 1824 жылы патша өкіметі саясатына қарсы болаған Қарқаралы округі қазақтарының көтерілісін басқарады. 1832 жылдан бастап, Қасымның балалары Есенгелді мен Саржанның қасына ереді. Ағыбай батырдың Кенесарымен табысып достасуы да ерекше жағдай. Көкшетауда Қасымханның тоқалы босанып, сәбидің атын Наурызбай деп қояды. Ұлан-асыр той жасап, сол жиын тойда Кенесары мен Ағыбай жекпе-жекке батырлар сайысына шығады. Сайыс үстінде Кенесарыдан бұрын қимылдап үлгерген Ағыбайдың мерейі үстем болса керек. Жас жігіттің ерлігіне сүйсіне қараған Қасымхан Ағыбайды шақырып алып «Мен Кенесарыға тірек боларлықтай ержүрек батыр іздеп жүр едім, сені көріп сол арманым орындалғанға ұқсайды. Кенесары екеуің айнымас дос болыңдар» — деп батасын береді. Сол табысқаннан Ағыбай Кенесарының өмірлік адал досына айналады. Осы тұрғыда Е.Бекмахановтың «Ағыбай Кенесары ханның құрдасы, әрі бірінші әскери кеңесшісі болды. Көтерістің соңғы күндеріне дейін Кенесары ханға адал қызмет етті» —  деуінде үлкен шындық бар. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс өріс алған он жыл ішінде патша әскеріне қарсы талай-талай ірі шайқастардың барлығында да Ағыбай хан әскерінің дарынды да қабілетті қолбасшысы бола білді. Шындығында да Кенесары хан маңызды мәселелердің басы-қасында Ағыбаймен ақылдасып барып, шешім қабылдап отырған. Ағыбай көзінің тірісінде есімі ұранға айналған әруақты батыр. Әскердің бір шеті жауға «Абылайлап» шапса екінші шеті «Ағыбайлап» шабатын болған. Атақты Нысанбай жырау: Әуелі «А құдайлап, Абылайлап

    Сосын әрең құтылдық Ағыбайлап» — деп жырлауы осыдан болса керек. Көтеріліс аяқталғаннан кейін де Ағыбай Кенесарыға деген адалдығынан айныған емес. Омбы губернаторынан жер белкілетіп алып, егіншілікпен айналысады. Ел ішіндегі дау-дамайға әділ билік айтып, аузы дуалы ел ақсақалына айналады. Батырдың кеңдігінен тараған ұрпақтары Жезқазған өңірінде Балхаш маңында өмір сүріп жатыр. Ақжолтай Ағыбай батыр 1885 жылы 83 жасында дүние салады. Зираты Сарыарқаның Бетпақдаламен шектескен жері Тайатқан Шұнақ жайлауында. Келер жылы Ағыбай батыр бабамыздың 220 жылдығы осы эссені жазуыма себеп болды. Өйткені, мектебіміздің атауы Ағыбай батыр атындағы шағын орталықты негізгі мектебі. Мектебімізде мұражай ашылған. Онда батыр бабамыздың суреті бар. Ел ішінен жиналған жәдігерлермен толыққан.  Қорыта айтқанда, Ағыбай батырдың азаттық үшін алысып өткен өмірі ұрпаққа өнеге. Ел есінде мәңгі сақталады.

Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,
Қияқты станциясы мектеп директоры
Мұртазаев Айдын Әділұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.