Home » Мақалалар » Шәкіртім мақтанышым

Шәкіртім мақтанышым

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін  тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» — деп Альберт Эйнштейн айтып кеткендей, осы мақаламда Нұр – Сұлтан қаласының, № 29 орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушысы Буркитбай Мәдина туралы айтып кеткім келіп тұр. Мен, математика және информатика пәнінің мұғалімі Анарбаева Айнур Султановна осы мектепте 24 жылдай қызмет етемін. Буркитбай Мадинамен 5 сыныптан бері жұмыс жасап келе жатырмын және осы сыныпқа сынып жетекшілік етемін.
       Буркитбай Мәдина – сабаққа өте алғыр және жауапкершілігі өте жоғары оқушы.  Сыныптың үздік оқушысы. Барлық сабақтардан өте жақсы болғанымен де, математика пәніне қызығушылығы өте жоғары. Бұл оқушының математика пәні бойынша үлгерімінің жоғары екенің қалай анықтадым?
Сыныпта жаңа тақырып бойынша берілген деңгейлік есептердің аз уақыт аралығында А,В,С деңгейлерінің барлығын үнемі бірінші аяқтап отыратыны қадағалап, оқулықтан тыс қосымша есептер бере бастадым, сонымен математикаға деген ынтасының ерекше екенің байқап ол оқушымен қосымша жұмыстар жүргіздім. Сол жұмысымның нәтижесін қазіргі кезге дейін коріп келемін. Мадинаны математика пәні бойынша кез  — келген Халықаралық, Республикалық,Қалалық олимпиадаларға қатыстырып келе жатырмын. Қатысқан олимпиадаларының нәтижелеріне тоқтала кететін болсам:

  • 2018 жылы ақпан айында өткен 5 — 7 сынып оқушылары арасында өткен қалалық «Жас математик» олимпиадасынан  — ІІІ дәрежелі диплом;
  • 2019 жылы сәуір айында Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінде математика пәнінен  — ІІІ дәрежелі диплом;
  • 2020 жылы наурыз айында өткен, Академик Ө.Сұлтанғазин атындағы қалалық математикалық олимпиада — грамотамен марапатталды
  • 2020 жылы мамыр айында қашықтықтан өткен «Кенгуру — математика барлығы үшін» халықаралық зияткерлік конкурсында І дәрежелі диплом;
  • 2020 жылы қараша айында қашықтықтан өткен Республикалық «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында 3 орын жүлдегері атанды.  Мәдинаның математика пәніне деген ынтасы өте жоғары, сондықтан да әлі де болса талай жетістіктерге жететініне сенімдімін.

Математика пәнінің мұғалімі
және сынып жетекшісі:
Анарбаева Айнур Султановна

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.