«Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл –сарайын танитын адам болу керек», -деп педагог жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқандай, балаларға тәлім –тәрбие беруде оқушы көңілін тауып, ойын оқитын, тілін түсініп, жүрегіне жол таба білетін жаңашыл әрі тәжірибелі маман Рахимжанова Меруерт Камзеевна.
Рахимжанова Меруерт Камзеевна 02.08.1972 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданыңда дүниеге келген. 1994 жылдан бастап Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келе жатыр. Меруерт Камзеевна сабақ жоспарын оқушының пәнге деген қызығушылығын оятатындай етіп ойластырады. Қызмет еткен уақыт ішінде өзінің дайындығы жоғарғы деңгейлі кәсіби педагог ретінде көрсетті. Мұғалім білім мен дағдының жоғарғы деңгейде болуымен қатар, оқушының жан-жақты дамуы мен тәрбиесіне үлкен көңіл бөледі.
Оған дәлел 2019 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты. 2020 оқу жылында қалалық сайыс «Репрессия құрбандарына арналған» ашық сабақ жоспары бойынша І Дәрежелі Дипломды иеленді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығында жалпы орта білім беретін мектептерге арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерге үнемі сарапшы болып келе жатыр. Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірыңғай талаптарын сақтау және 2020 жылдың жоғары оқу орындарына түсушілердің даулы мәселелер жөніндегі аппеляциялық комиссия мүшесі болды. Сонымен қатар биылғы 2020-2021 оқу жылында «Теле-сабақтар» жобасының «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні сабақтарының сарапшысы болып жұмыс атқарды.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Алдын қойған мақсаты- оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыру. Оған дарынды оқушыларының көптеген жұмыстар атқарып, нәтижеге қол жеткізгені дәлел: 2016 ж., Грамота ІІ (аудандық) кезеңінің Қазақстан тарихы пәнінен, Райхан Ардақ; 2017 ж., Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобаның қалалық кезеңі Грамота Райхан Ардақ; 2018 ж., Грамота ІІ (аудандық) кезеңінің Қазақстан тарихы пәнінен, Бақтыбай Нұрила; 2019 ж., ІІ (аудандық) кезеңінің Құқықтану негіздері пәнінен, Грамота Абулғожа Медина; 2019 ж., Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобаның қалалық кезеңі ІІІ Дәрежелі Диплом, Абулғожа Медина; 2019 ж., Жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сыныптарына арналған «Әлемді өзгертетін идеялар» қалалық жобалар конкурсы Грамота, Аманова Хадиша; 2019 ж., Халықаралық ғылыми-практикалық конференция І Дәрежелі Диплом, Жұматаев Азамат; 2020 ж., республикалық қашықтық олипиада ІІ-ші дәрежелі Диплом, Амреева Әдемі; 2021 ж., ІІІ Дәрежелі Диплом ІІ (аудандық) кезеңінің Қазақстан тарихы пәнінен, Амреева Әдемі;
2021 ж., ІІ Дәрежелі Диплом, ІІІ (қалалық) кезеңінде Қазақстан тарихы пәнінен, Амреева Әдемі жеңімпаз атанды.
Меруерт Камзеевна шәкірттерінің көңіл төрінен ерекше орын алған ұлағатты ұстаз.
Нұр-Сұлтан қаласы
Сырбай Мәуленов атындағы
№37 мектеп- лицей
Курсанова Бакыт Кабылдаевна