Ұлы отан соғысының аяқталғанына 80 жылға таяу уақыт өтсе де, соғыстан қалған жара жазылар емес. ҰОС қаза болған жауынгерлердін қаншама. Арттарында жұбайы жесір, әкесіз балалар қалды. Бауырларынан айырлды. Қаншама боздақ хат хабарсыз кетті. Осы күнге дейін ұрпақтары әкелері туралы бір дерексіз қалғандар да жетерлік. Солардың ішінде бізде бармыз. Біздің бабамыз Тыныкеден төрт ұл дүниеге келген:
Тыныке ұлы Көшербай 1901 ж.т.
Тыныке ұлы Қыпшақбай 1903 ж.т.
Тыныке ұлы Төлеген 1905 ж.т.
Тыныке ұлы Бөлеген 1907 ж.т.
Соғыс басталып, сол жылдары майданға Қарсақбай әскери коммисариатынан Тынекенің төрт ұлы да майдан даласына аттанған. Солардын ішінде тек Бөлеген әкеміз ғана 316 Панфилов дивизия құрамында шайқастарға қатысып, бірнеше рет жараланып, елге мүгедек боп келді. Қалған үш ағайын осы күнге дейін хат-хабарсыз болған. Ұзақ ізденістердің арқасында Төлеген әкеміз 1942 жылы бір топ жерлестермен майданға бара жатқанда әскери эшелонға жау самолеттерінің бомбалаунан қаза болған екен. Ол кісіні Воронеж облысы, Байчурово станциясында бауырластар зиратына жерленгені анықталды. Тыныкеұлы Көшербай 1943 жылы маусымда майданға Қарсақбай әскери коммисариатынан аттанған, артында жары Кенжебекқызы Күлзапия, 40-күндік ұлы Олжабай қалған. Әскери архив деректерінін куәләндіруі бойынша «Көшербай әкеміз 1943 жылдың 28 желтоқсанда Белорусия жеріндегі Витебск районы Зазыбы деревнясында қаза болып 1500 жауынгерді бауырластар зиратына» жерлеген деген ақпарат табылды. 1952 жылы ол жерге егін салатын болып Октябрь селсоветінің Шапуры деревнясына қайта жерленген ұақытында тізімнен түсіп қалған. Витебск қаласындағы М.Ф.Шмырева атындағы әскери музей қызметкерлерінің араласуымен 2020 жылы 9 мамырға қарсы біздің әкеміз Тыныкеұлы Көшербайды Октябрь ауданнын Шапуры деревнясындағы бауырластар зиратының тақтасына құрметпен жазылған. Алла нәсіп етіп 2021 15 наурызда Көшербайдің немересі Олжабай ұлы Берік екеуміз әкеміз жатқан жеріне Құран бағыштауға аттандық. Айта кету керек өте жылы қабылдады, ол мемелекетте бұрынғы кеңес дәуіріндегідей орта, мекеме жекешелендірілмеген, халықтың ықыласы қонақ жайлығы өте жоғары. Біз барған Сельсовет қызметкерлері, жұмыс аяқталса да бізді арнайы күтіп тұрды, әкеміздің жатқан жерін көрсетті. Белорусь жерінде әр елді-мекендерде қаза тапқан жауынгерлер зираты көп, сондыктан тура жолды білетін жолбасшы болмаса бірден табу қиын. Короновирус салдарынан жол ауырлау боса да, әкеміз мұрдесі жатқан жерді көргенде, денең босап бір мезет есеңгіреп қалдық. Сауатымыз жеткенше Құран дұғасын оқып көңіліміз басылды. Әкеміздің жатқан жерін көреалмаған анамыз Күлзапия, бауырымыз Олжабай, туысқандарымыз үшін Құран бағыштадық. Келер жолда бойы өскен теректер бізге әкелерімізді еске алғандарымызға ризашылық білтіргендей әсер етті. Келесі күні бізді Қазақстаннан арнайы келгенімізді естіген Белорусиядағы Қазақстан елшісі Асқар мырза Асанұлы кездесуге шақырды. Елші өте жылы қабылдап, өз тарапынан ризашылығын білдіріп, азды-көпті сұхбаттасып, Белоруссия майдангерлері туралы кітапті сыйға тартты. Қазақстаннан әкелерімізді іздеп, арнайы келгенімізді естіген Белоруссияның мұсылмандар бас имамы шейх Әбу-Бакір қабылдады. Ол кісімен де өз кезегінде аз-кем пікір алмастық. Өз тарапынан 18.03.21 ж Хатынь деревнясында болатын Республика басшысы қатысатын, бүкіл діни конфессия қатысып ҰОС — да қаза болғандарға дұға оқитынын, сонда біздін әкемізге де дұға бағыштайтынын хабарлады. Және әкеміз жатқан деревняда №4420 бауырластар зиратының күтімін қадағалайтынына уәде берді. Осындай біздін әкеміз Тыныке ұлы Көшербайға деген кұрметті тек оған емес, ҰОС қаза болған Қазақстан жауынгерлеріне деп түсүндік. Әрине біз де ол кісілерге ризашылығымызды білдірдік. Қазақстан елшісі Минск қаласындағы Ұлы Отан Соғыс Жауынгерлеріне арналған музейге апарды. Ол жерден де көпдеген мағлұматтар алдық.
Қадырменды ағайын мен әкеміздің қаза болып, зиратын іздеу жолында естелікті мақтану үшін жазып отырған жоқпын. Әр ұрпақ майдангер әкесін іздеп Құран бағыштауға парыз деп ойлаймын. Егер осы жөнінде қандай да кеңес, ой-пікір керек болса, қолдан келген көмекті, кеңесті беруге әзірмін. Бауырлар!!! Хабарсыз кеткен ҰОС боздақтарын іздейк. Сәттілік тілеймын!
Сәтбаев қаласының кұрметті азаматы,
денсаулық сақтау ардагері: Серік Қолданұлы.
2. Суретте: Көшербай әкеміздің немересі Берік екеуміз Белорус жерінде әкеміз жатқан бауырластар зиратында
3. Суретте: Серік Қолданұлы, Белорусияда Қазақстан елшісі Асқар Асанұлы, Көшербай немересі Берік
4. Серік Қолданұлы , Белорусия Мұсылмандардарының бас имамы шейх Әбу Бакрмен сұхбаттасуда