Шериева Баян Төребайқызы
Түркістан облысы
Түркістан қаласы
«№ 31 бастауыш мектеп-балабақша
кешені» КММ тәрбиешісі
Бүгінгі білім беру үрдісі жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытудың инновациялық технологияларын ұсынады. Инновация үрдісі дамыған сайын білім индустриясының бағыттары жаңа парадигмалық концепциялармен толықтырыла түседі. Жаңа реформалардың пайда болуы білім және тәрбие рессурстарының өзгеруіне түрткі болады. Бұл біздің санамызда жаңа технологиялардың, цифрлық ақпараттық мәліметтердің сақталуына негіз болады. Цифрлық білім беру ортасында өмір сүріп жатқан біздер үшін технологияларды меңгеру маңызды болып табылады. Сондықтан да тақырыптың өзектілігі еш күмән туғызбайды.
Сондықтан адам капиталына инвестиция салу – балалар мен жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту, оларды өз-өздерін табысты жүзеге асыруға тарту және тиімді технологияны пайдалану мектепке дейінгі білім беру ұйымдары стратегиясының негізгі элементі болып табылады. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы үздіксіз білім беру аясында айтқан: «Жас ұрпақ өкілдері шығармашылықпен айналысулары қажет. Қазіргі уақыт балалар үшін соншалықты қауіпті, сондықтан олардың энергиясы мен қызығушылығы дұрыс бағытқа бағытталуы керек»-деген болатын. Президенттің бұл сөзі ойымызды тереңдете түседі. Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру балабақшадан бастау алуы кездейсоқ емес.
Балабақша — балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді. Осы орайда балабақшада заманауи технологияларды қолданудың маңызы ерекше.
Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық технологияларды қолдану тәрбиешінің шеберлігін көрсетеді. Бұндай жаңа технологиялар балалардың шығармашылығын дамытады. Шығармаылық қасиетті дамыту отбасында, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асады. Шығармашылықты дамытудың негізгі технолгиясы-арт-терапия болып табылады. Арт-терапия психологиялық процесс. Арт-терапия ұғымы «өнермен емдеу» деген мағынаны береді. Бұл терапия баланың тек шығармашылық қабілетін дамытпайды, сонымен қатар баланың бойындағы барлық ресурстарының мүмкіндігін ашуға жағдай жасайды. Арт терапия – баланың жан дүниесіне шығармашылық жұмыстар арқылы әсер етеді. Баланың ішкі мотивтерін ояту арқылы, оның арманын, қиялын, қоршаған ортаға деген қатынасын оятады. Бала өз әлемін сыртқа шығарады, оны суреттер арқылы бейнелейді. Бұндай технология баланың шығармашылығын дамытады.
Арт-терапия жаттығулары балаға өзінінің шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Арт — терапия бейнелеу, мүсіндеу, музыка өнерінің элементтерін қолдану арқылы ұйымдастырылады.
Арт-терапия әдісін британ дәрігері Анриан Хилл өзінің тәжірибесінде қолданған. Бұл әдіс Еуропа елдерінде медицина саласында жиі пайдаланылған. Арт-терапия – бұл өнер мен шығармашылыққа негізделген психотерапиялық және психологиялық түзету түрі. Өнер арқылы баланың ішкі сезімін ояту педагогика ғылымының негізі болып табылады. Шығармашылық қабілет, шығармашылық қиял, шығармашылық келбет сияқты күрделі қаситеттер қалыптасады.
Сондықтан да мектепке дейінгі біім беру ұйымдарында арт — терапияны қолданудың маңызы зор. Арт-терапия жаттығулары балаға өзінінің шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді. Арт — терапия бейнелеу, мүсіндеу, музыка өнерінің элементтерін қолдану арқылы ұйымдастырылады.
Арт — терапия баланың бойында шығармашылық, коммуникативтілік, жауапкершілік, визуализация сияқты құзыреттіліктер қалыптасады. Педагогикалық тәжірибеде арт-терапияның көптеген түрлері қолданылады.
Атап айтсақ, музыка терапиясы, құм терапиясы т.б. Бұл технологиялар баланың релаксациялық қасиеттерін дамытады. Мысалы, құм терапиясы арқылы баланың қол моторикасын дамытады. Құммен сурет салу арқылы бала өзінің ойын, қиялын, табиғатқа деген қарым-қатынасын көрсетеді. Табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды құм арқылы бейнелеуге тырысады. Құммен жұмыс істеу нәтижесінде өлі табиғатқа жан бітіреді. Баланың шексіз ойын құмдағы сурет жеткізеді. Шексіз кеңістікке бойлай отырып, бала табиғат пен адам аасындағы гармонияны ұғынады. Алақанымен құмды ұстау қол моторикасын орнына келтіреді.
Арт терапияның көптеген бағыттары бар. Олар: музыкатерапия, сурет терапиясы, битерапия, кинотерапия, драмтерапия, куклотерапия. Балабақшада жиі қолданылатын терапиялардың бірі ойын терапиясы. Бала ойыншықтармен ойнау арқылы өзінің достарымен коммуникациялық қарым-қатынасқа үйренеді. Театр ойыны баланың өмірінде жиі қолданылады. Сахналық көріністер арқылы олар образдарды бейнелеуге үйренеді. Осындай ойындар олардың шығармашылық қабілетін дамытады.
Музыка терапиясы баланың зейінін бір нысанаға шоғырландыру үшін қолданылады. Музыка тыңдаған баланың әсемдікке, сұлулыққа деген сүйіспеншілігі оянады. Ырғақпен айтылған музыка әуені баланың ми қатпарларының дұрыс жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Баланың көңіл күйін көтереді, мотивациясын оятады. Бейнелеу өнері немесе сурет терапиясы. Баланың шығармашылық дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы бейнелеу өнері арқылы жүзеге асады.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту құралы ретінде сурет салу терапиясын қарастырып көрейік. Суреттердің тақырыбы әр түрлі болуы мүмкін. Балалар өздері қызыққан суреттерді салады. Қоршаған ортаны, жекелеген заттарды, әдеби кейіпкерлерді және т.б. Балалар көбінесе ертегілердегі кейіпкерлерді салуды ұнатады. Ертегі кейіпкерлерін салу арқылы олар ертегіге деген қызығушылықтарын және логикалық ойлау дағдысын дамытады. Ертегі образдарын суреттеу, бейнелеу маңызды әрекеттеріне айналады. Жағымды және жағымсыз кейіпкерлердің суретін салу арқылы олар адамның бойындағы қасиеттерді түсіне бастайды. Сонымен қатар ертегілердегі табиғаттың тылсым күштері мен құбылыстарын бейнелеуге үйренеді. Осы арқылы табиғаттағы қарапайым заттар туралы түсініктерін кеңейтеді. Сурет салудың әдістері өте көп. Соның қарапайым түрлері балабақшада қолданылады. Суреттегі түстер баланың эмоциясын көрсетеді. Мысалы: қызыл түс – ашулы, қара,– көңіл күйінің жоқтығы, сұр – мазасыздығын білдіреді. Кейбір жеке түстер баланың жеке ішкі сезім күйін, мысалы: сары мен қызыл көтеріңкі көңіл күйді, жасыл – тыныштықты, сабырлықты білдіреді. Сурет салу кезінде баланың көңіл-күйін көтеруге, қуаныш сезімдерін оятуға болады. Арт терапия арқылы баланың бойындағы қабілетті ашып, шағдауға болады.
Мысалы: сәбилер тобында балалар алақанмен, бастырмамен, саусақпен сурет салуды үйренсе, ересек топтарда қағазды екіге бүктеу арқылы, түтікшемен үрлеу, шашырату әдісімен, далаппен салуды және жіпті, жапырақтарды қолданып сурет салуды үйренеді.
Балабақшаның бағдарламасында әртүрлі бағыттар бар. Сол бағыттарда бұл терапияны қолдануға болады. «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» атты білім беру бағыттарында инновациялық технологиялар заманауи талаптарға сай пайдаланылады. Мысалы, «Шығармашылық» білім беру бағыты бойынша балалардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында арт –терапияның мүмкіндіктері жүзеге асады. Шығармашылық дағдысын қалыптастыру барысында сурет салу терапиясы, құм терапиясы, музыка терапиясы қоданылады. Шығармашылық бағытында балалардың қабілетін ашу үшін әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыру маңызды. Шығармашылықты дамытуда өлең, ән жаттаудың мүмкіндігі зор.
Арт терапияның заманауи түрлері баланың ойлауына, шығармашылық дамуына, қабілетін жетілдіруге көмектеседі. Мүсін салу арқылы бала өзінің өмірдегі ойын жүзеге асыруға тырысады. Арт-терапия психологиялық релаксация болғандықтан көбіне баланың сезімін, эмоциясын, мінезін тұрақтандыруда қоданылады.
Арт-терапия әдістері арқылы бала табиғаттың түрлі құбылыстары туралы білімдерін жетілдіреді, оның сырын ұғынуға тырысады. Эмоциясы мен сезім моторикасын психологиялық тұрғыда басқаруға үйренеді. Арт–терапия өз ойын еркін білдіру және өзін-өзі тану құралы болып табылады. Яғни адам өзінің ішкі жан дүниесіне көңіл аударады және жоғары төзімділікті қажет ететін сенімді тудырады. Арт-терапия арқылы баланың шығармашылығы шыңдадалады. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады.
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру мазмұны аясында белсенді әдістерді, дидактикалық принциптерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану мұғалім жұмысының жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер
- Копытин А. И. Основы арттерапии. СПб., 1999. 4. Психотерапия / Под ред. Б. Д. Карвасарского. СПб., 2000
- Сидоренко М.Н. Возможности арт-терапии в развитии и коррекции эмоционально-поведенческой сферы детей дошкольного возраста // Интернет ресурс: http://sibac.info/index.php.
- Мардер Л.Д. Цветной мир. Групповая арт-терапевтическая работа с детьми дошкольного и младшего школьного возраста. – М.: Генезис, 2007. – 143с.