Home » Мақалалар » Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңартылған білім мазмұнын іске асыру

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жаңартылған білім мазмұнын іске асыру

Темір Айгерім Зарубайқызы
Қарағанды облысының
білім басқармасы
Нұра ауданы білім бөлімінің
«Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК
тәрбиешісі

Қазақстан Республикасында қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа тәсілдерді және оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа тиімді нысандарын іздестіруді талап ететін терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда.

Білім мазмұнының жаңаруы, жаңа инновациялық технологиялардың дамуы, ғылым мен білімнің интеграциялық сабақтасуы, педагогикалық теорияның қарқынды дамуы, білім үрдісінің әлем кеңістігіне бағытталуы жоғарыда айтылған өзгерістердің негізі болмақ.

Еліміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама болды. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Білім беру парадигмасының ауысуы, оның тұжырымдамалық негіздерін қайта бағалау, білім беру мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын қайта пайымдау жалпы білім беру жүйесінде және оның мектепке дейінгі буынында  көптеген өзгерістер болуда.

Балабақша — балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді.

Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулер саласында, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі ұйымдардың алдында бала тұлғасын жан-жақты дамыту, баланы жоғары сапалы деңгейде тәрбиелеу міндеттерін  қояды.  Бұл міндеттерді шешу жаңартылған білім мазмұны арқылы жүзеге аспақ.

Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру үрдісінің мазмұны жаңа әдістер мен педагогикалық технологияларды қолданумен ерекшеленеді.

Жаңартылған білім мазмұнының  мақсаты – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесін құру.  Жаңа парадигма білім беру жүйесінің мазмұнын өзгертуді, оны жаңаша құруды ұсынады. Ол мектептің тұтас педагогикалық үрдісі арқылы жетілдіріледі. Сабақ барысында тиімді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың ойлау, көркем сөйлеу, қарым-қатынас дағдысы қалыптасады.

Балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда ұлттық құндылықтар және баланың тұлғалық құзыреттілігін дамыту мәселесі негізге алынады. «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» атты білім беру бағыттарында инновациялық технологиялар мен ұлттық тәрбие үлгілері кіріктіріліп, заманауи талаптарға сай пайдаланылады. Заманауи тенологиялар мен әдістерді пайдалану балалардың қызығушылығын оятады. Мысалы, «Шығармашылық» білім беру бағыты бойынша балалардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында белсенді әдістерді қолдануға болады. Атап айтсақ, миға шaбуыл, диaлoг, тoптық шығармашылық жұмыс, пaзл, cинквeйн т.б.

Мектепке дейінгі білім берудің педагогикалық үрдісінде жиі қолданылатын әдістердің бірі – ойын.

Ойын – мектепке дейінгі жастағы  бала қызметінің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі.

Тілді дамыту отбасында, балабақшада және мектепте әртүрлі пәндердің интерграциялық байланысы негізінде жүзеге асады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрдастарымен   белсенді түрде сөздік қатынас жасайды.

Баланың тілін дамытуда ойынның маңызы ерекше. Баланың қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.

Ойын – мектепке дейінгі жастағы  бала қызметінің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі болып табылады.

Ойын балалар үшін айналаны танып-білу тәсілі. Ойын кезінде бала өзін еркін ұстайды. Дидактикалық ойындар арқылы балалар қоршаған ортадағы заттармен танысып, қасиеті мен сапасын ажыратуға, әртүрлі құбылыстардың ерекшеліктерін білуге талпыныс жасайды, өзіне қажетті көптеген мәліметтер жинайды және олардың сөздік қорлары кеңейеді. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша,  «Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы» [5].

Балабақшада лего-конструктор мектепке дейінгі мекемелер жұмысында жаңа бағыт болып табылады. Бұл тек қана құрастыру ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балалардың техникалық дағдыларын, ұжымда жұмыс істей алу іскерлігін дамыту құралы.

Құрастыру кезінде ұсақ моторикасымен бірге, баланың ойлау қабілеті дамиды.  Лего арқылы оқыту ойын түрінде жүзеге асады.

Құрастырмалар жеңіл болғандықтан оларды кез келген кеңістікте пайдалануға болады. Мәселен, үстел үстінде, кілемшенің үстінде т.б. Бала еркін сезіне отырып,  құрастырмаларын жалғыз немесе топпен де, жұппен де ойнай алады. Конструкторлар баланың үйлесімді және жан-жақты  дамуына көмектеседі.  Конструктілеу мен робототехника жаңа заманауи бағыт.

Бұл әрекеттің түрі баланың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Конструктордың көмегімен балалар кез келген қиялдарды іске асыра алады, өзінің қайталанбас әлемін құрады,  күрделі физикалық және геометриялық заңдарды меңгереді, моториканы, қимылдарды үйлестіруді, көз өлшегіштерді дамыта алады.

Заманауи әдістердің бірі – aрт-терапия әдісі болып табылады. Арт-терапия жаттығулары балаға өзінінің шығармашылық қабілетін ашуға  мүмкіндік береді.  Арт-терапия бейнелеу, мүсіндеу, музыка өнерінің элементтерін қолдану  арқылы ұйымдастырылады.

Көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге,  сүйе білуге баулиды.

Баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы бейнелеу өнері арқылы жүзеге асады.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту құралы ретінде  сурет салуды қарастырып көрейік.

Суреттердің  тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар өздері қызыққан суреттерді салады. Қоршаған ортаны, жекелеген заттарды, әдеби кейіпкерлерді және т.б.

Педагогикалық процесте балаларды сурет салуға үйретудің әртүрлі әдістері қалыптасқан. Олар былай топтастырылады: құммен сурет салу, бастырма, бір бастырма, нүкте арқылы сурет салу, әртүрлі заттарды пайдалану арқылы далаппен сурет салу, сия тамшысымен сурет салу, жіппен  сурет салу т.б.

Қызықты әдістердің бірі – құммен сурет салу. Құммен сурет салу бүгінгі білім беру жүйесінің инновациялық әдістерінің бірі болып табылады. Құмды алақанымен  ұстаған кезде бала белгілі бір шексіздікті сезінеді.                                                Р.В. Паранюшкиннің айтуы бойынша, құм адам бойындағы жағымсыз энергияны тазартады, адамға позитивті психологиялық ахуал сыйлайды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерiнен түзiледi. Осы технологияны тәрбиешілер әр сабақтың ерекшелiгiне қарай қолдануына болады. Бес жолды өлең, Венн диаграммасы, Еркiн жазу, Миға шабуыл т.б.

Мектепке дейінгі ұйымдарда жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асады.

ТРИЗ шығармашылық технологиялары бүгінгі мектепке дейінгі мекемелер үшін өте тиімді болмақ. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновацияға деген қажеттілік қандай да бір мәселені шешу жолында туындайды.

Қорыта айтқанда, мектепке дейінгі кезеңде білім берудің мазмұнын жаңарту – бұл ең алдымен «құзыретті тұлға» ұғымының басты мағынасын ашу, білім беру үдерістерін дұрыс талдау, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа инновациялық технологияларды қолдана білу.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы. — Нұр-Сұлтан, 2016 //www.akorda.kz/
  2. Назарбаев Н.Ә. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы. -Нұр-Сұлтан, 2018 //www.akorda.kz/
  3. Мектеп жасына дейіңгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына моноторинг жүргізудің Әдістемелік ұсынымдары. -Нұр-Сұлтан, 2018.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.