Home » Ашық сабақтар » Ағаштар

Ағаштар

Имагамбетова Жадыра Есенгалиевна 
 Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданы
«Өркен» мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ

тәрбиешісі

 

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Жаратылыстану

Мақсаты: Жалпы ағаштар туралы мағлұмат беру. Ағаштардың 2-3 түрін тану және атауын атауға үйрету. Қарапайым тәжірибе-зерттеу жұмысын жасау қабілетін дамыту. Туған өлкенің өсімдіктер әлемін қорғауға деген құлшынысын арттыру. Балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ағаштар, жапырақтар суреті, слайд

Алдын ала жұмыс: ағаш туралы тақпақ, тыйым сөздер жаттау

Биллингвалдық компоненті: ағаш-дерево-wood

Жапырақ-листья-leaves

Балалар алдымен үлкендермен амандасып алайық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Бәріңізге құрметпен,

Бас иеміз біз.

Сәлеметсіз бе! Здраствуйте! Hello!

Оқу қызметімізді жақсы тілекпен бастайық

Нұр құшап әлемге,

Арайлап таң атты.

Жарқырап күніміз,

Жер көкті оятты.

Қайырлы таң, қайырлы күн! Балалар, бүгін біз не туралы айтатынымызды білгілерін келе ме? Олай болса, жұмбақ шешіп көрейік. Егер жұмбақтың шешуін дұрыс тапсаңдар, жасырын кейіпкеріміз шығады.

Шақырсаң, өздігінен бара алмайды,

Сұрасаң, бірде жауап бере алмайды.

Егер де отқа салсаң, өліп кетер,

Бір жерін кесіп алсаң, қанамайды. (Ағаш)

Жарайсыңдар, балалар!  Балалар, біз оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын тілімізге, қолымызға жаттығу жасап алайық.

«Көңілді тіл» ертегісі

«Кім бірінші» саусаққа, тіл, қол жаттығулары

Тәрбиеші: Айнала сары киінді,

Құстар жылы жаққа ұшады.

Күн бұлттанып ызғарланды,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Бұл күз мезгілінде болады.

Тәрбиеші: — Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

Балалар: Жылдың төрт мезгілі болады: қыс, көктем, жаз, күз

Тәрбиеші: Қазыр қай мезгіл?

Балалар: күз мезгілі

Тәрбиеші: Күздің ерекшелігін кім айтады?

Балалар: Күн суык, жылы киінеміз, ағаштар сарғаяды, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, көкініс, жеміс-жидектерді жинап аламыз.

Тәрбиеші: Кім күз туралы тақпақ біледі?

Сауле: Алтын сары, қызыл, көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар балабақша айналасында өсіп тұрған ағаштарды білеміз бе?

Балабақшамызға кірер алдында сол жақта қандай ағаш өсіп тұр?

Айару: қарағаш, сирен және роза гүлдері өсіп тұр.

Тәрбиеші: Ал келесі оң жақ қапталында не бар?

Даниял: гүлдер өсіп тұр, балабақша жанында жеміс ағаштары бар.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Бақшамызда өсетін ағаштарды, гүлдерді жақсы біледі екенсіңдер. Неге осы картада түрлі бояумен боялған?

Балалар: Өйткені күз мезгілі. Жапырақтар сарғайған.

Сергіту сәті.

Бойды бүкпей тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Жай оң қолды оң жаққа,

Жай сол қоды сол жаққа.

Екі қолды белге ұста.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Қос аяқтап топ-топ,

Алақанды соқ-соқ.

Біздің айналамыздағы ағаштар өте маңызды және әрқашан адамның жағдайын жақсарту үшін қажет – оның ішінде егін жинағаннан кейін де. Бұл керемет планетада біз ағаштарсыз өмір сүре алмайтынымызға сену қиын емес. Ағаштар біз өмір сүру үшін маңызды, өйткені біз оны білеміз және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жер асты әсері. Біздің бар ормандар мен ағаштарды біз жақсы әлем құру үшін таңдаймыз.

Енді маған осы ауылда өсетін ағаштардың аттарын кім айтады?

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы шам арқылы суретке қарап, атын тап»

Айару: Көше бойы аралас

Қаптап өскен қара ағаш

Жемісі жоқ болса да

Саясы көп дара ағаш.

Жастілек: Жаз жасылға оранған

Қыс та ән қосқан дауылға

Бір қарағай орманнан

Әкелінді ауылға.

Жасмина: Егістікті көлемді,

Қоршай ектік еменді.

Ескен желді егінді,

Қорған тұрар ол енді.

Жарайсыңдар балалар!

Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жапырағы?»

ТРИЗдік әдіспен: «Торғай қонды ағашқа»

Үрлеу әдісі және саусақпен салу жолдарымен бейнелеу.

Табиғатты сүйіндер,

Сүю үшін біліңдер.

Қамқорлық жасау жолында,

Жан тәңімен күйіңдер.

Қорытынды: Біз бүгінгі сабағымызда не туралы айттық?

Ағаштардың қандай түрлері бар? Қандай пайдасы бар? Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатынастыңыздар.

Мадақтау, марапаттау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.