Шудабаева Гульзипа Бржановна
Ақтөбе облысы Қобда ауданы
Ақырап орта мектебінің
мектепалды даярлық
сыныбының тәрбиешісі
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзегі де формалары, бұл сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері.
Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолынан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу үрдісінде жоспарлы түрде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтың жұмысы еңбексүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизмге тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ талпыныс пайда болады.
Бұның бәрі де баланың өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Баланың рухани-адамгершілік дамуы мектеппен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас, тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау, кеңпейілдік, қарапайымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б.
Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын ұйымдастырады. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғанның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, ягни сыртқы ұғымды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.
Рухани-адамгершілік тәрбие бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде адаммен жолдас болудың оң әсерін халқымыз ежелден білген.
«Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа…», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» деген мақалдардан білуге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, өлеңдер адамгершілік тәрбиесінің арқауы.
Адамзаттық құндылықтары бала іс-әрекет барысында, әртүрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін жаңа қадам болып табылады.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Осы қасиеттерді балаға жастайынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік іргетасын қалағанымыз.