Home » Ашық сабақтар » Берекелі алтын күз

Берекелі алтын күз

Шумекеева Жанагуль Сагидуллаевна 
Нұр-Сұлтан қаласы
№31«Ақ сұңқар» балабақшасының
І санатты тәрбиешісі

 

Әсем безендірілген залға әуен ырғағымен қолдарына жапырақ ұстаған балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар,

Бармысыздар жадыраған ұстаздар!

Берекелі алтын күз құтты болсын!

Уа, халайық  мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың алтын күзге арналған ертеңгілігімізді бастайық!

Ән: «Жапырақ»

Жүргізуші: Биыл жаңбырлы жаз болды,

Ал, күзде қоймаға дән толды.

Көкөніс, жемісті жинап ап,

Елімде көңілді той болды.

Күз (Амандасады,құттықтайды)

Алтын күзбін, келіп қалдым

Жомарт күзбін, жемісті.

Сары жапырақтар төгілген,

Торғайды да көрдім мен.

Енді сары бояумен,

Күз суретін салам мен!

Жүргізуші:  Құрметті Алтын күз, төрлетіп біздің қонағымыз болыңыз! Балалардың сізге арнаған әндерін тыңдап, өнерлерін тамашалаңыз.

Би: «Жапырақтар»

Тақпақтар:  Алишер, Аянат, Нұрлыхан, Арайлым

Ән «Жаңбыр жауды»

Жүргізуші: Күзде өздері пісетін,

Тамаққа келіп түсетін.

Мақтанбақшы сендерге,

Көкөністер мен жемістер.

Тақпақтар: Аянат, Расул, Ибрахим, Айша, Нәргүл, Кенесары

Сергіту  ойын: «Күн мен жаңбыр»

Көрініс «Шалқан» Альтайыр, Амина, Арайлым, Захар, София, Мансур

Алтын күз: Келді міне ,алтын күз

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

Ойын «Банка жабу» Күз ойнатады

Тақпақтар: Алишер, Медина, Мұхамедали, Алинұр, Аят, Әлия

Жүргізуші:  Мың бұралып билеген,

Бишіні кім сүймеген.

Қараңдаршы жігіттерге

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.