Home » Ашық сабақтар » Адамның азаматтық тұлғасы    

Адамның азаматтық тұлғасы    

Калиева Дина Жакуповна
Батыс Қазақстан облысы
Бәйтерек ауданы
«Өркен» мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Мектеп: «Өркен» мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ

Мерзiмі:   21 қаңтар,    № 18  сабақ

Тақырып:  Адамның азаматтық тұлғасы

Құндылық:   Дұрыс әрекет

Қасиеттер:  әділеттілік, өз-өзіне сенімді болу, әдепті болу.

Мұғалiм: Калиева.Д.Ж.  Сынып – 7. Оқушылар саны — 6

Сабақ мақсаты: Оқушыларға ізгілікті адамның азаматтық тұлғасы жайлы  әңгімелей  отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері: Оқушыларды азаматтық тұлғасы өз елін мақтан ету сезімдеріне сенімді болу қасиетін  дамыту;

Оқушыларды әрбір істе әділеттілікке үйрету;

Өмірде әдепті болуға  тәрбиелеу

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін  «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремі

1. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар: 1. Азаматтық формуласы қандай сезімдермен, қасиеттермен шектесіп жатады деп ойлайсың?

2. Өздеріңнің азаматтық ұстанымдарың қандай?

3. Бойында  қандай қасиеттері  бар адам дұрыс әрекет жасай алады?

«Хрустальная грусть» композициясы
1. Дәйексөз. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе!» Ыбырай Алтынсарин.   

Жақсылықты қандай ниетпен жасау керек?

— Риясыз қызмет дегенді қалай түсінесіңдер?

—  Өздерің дұрыс әрекет танытып, жақсылық жасаған кездерің болды ма?                                     

Ұл балалар қайталайды,  қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.

(Ұлағатты сөздер жинағы Алматы кітап 2012ж)

Ы.Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841-1889)- қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/referat/1331-altynsarin.html
© www.ZHARAR.com

5. Әңгiмелеу. Оқиғаларды әңгiмелеу:

«Құм мен тас»

Екі дос шөл далада  саяхаттап жүреді. Бір кезде  екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің  жағынан тартып жібереді.  Соңғысы ауырсынса да,  ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы  досым менің жағымнан шапалақпен  тартып жіберді».

Олар әрі қарай жүріп  келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені  суға секіріп кетеді де,  батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне  келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін  менің ең жақсы досым менің өмірімді  құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген досы, құтқарып қалған  досынан сұрайды:

— Мен сені ренжіткенде  сен құмға жаздың, ал енді тасқа  жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

Досы былай деп жауап береді:

-Бізді біреу ренжіткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей  етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

1. Не себепті ренжігенін құмға жазды деп ойлайсыздар?

2. Жақсылық жасағанды тасқа неліктен қашап  жазды?

Әпсана әңгімелер жинағынан  2012 ж

құрастырған

Муштанова.Б.С

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Сыныпты 2-топқа біріктіріп, әр топқа тапсырма беру.

Тапсырма: Жағдаяттарды сахналап, жағдаятты жалғастыру.

І топ.  «Көшеден бір адамның құжаттарын  тауып алдың, бұл жағдайда не істеуге болады?

ІІ топ. «Сенің сыныптасың автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, үйіне қайта алмай жүр, сенің іс-әрекетің қандай болар еді?»

 
 6. Топпен ән айту. А.Бегей. «Аспанға қараймын» әні өзгертілген. «Асқақтай бер, елім» әні. \Сөзі өзгертілген.\ 
7.Үй тапсырмасы.

№ 20 сабақ «Бір шымшым топырақ» мәтінін оқып келу.

 
8. Соңғы тыныштық сәтi.

Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.