Home » Мақалалар » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНО–МӘДЕНИ ҚАРЫМ–ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕГІ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНО–МӘДЕНИ ҚАРЫМ–ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕГІ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНО–МӘДЕНИ ҚАРЫМ–ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУДЕГІ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ

 

Исмагамбетова Зухра Нұрлановна, филос.ғ.д., профессор
Канагатов Манат Канагатулы. Әл Фараби ат. ҚазҰУ 2 курс докторанты, kaznu.kz

Қазіргі таңдағы әлемдегі болып жатқан қым-қуыт саяси төңкерістердің, 60 жылдардағы «қырғи-қабақ соғыстың» көлеңкесін көрсетердей алпауыт мелмекеттердің геосаяи деңгейдегі теке тіресін, дін атын жамылып, мемлекеттің тұтастығына іріткі салуды көздейтін әртүрлі экстремисті адасқан топтардың әрекеттерін, бүтіндей мемлекеттердің қазынасын «жылан жалағандай» тоқырататын экономикалық дағдарыстардың, ғылым мен діннің, мораль мен этиканың, ар мен ұяттың құндылықтарын аяққа таптап күннен күнге үдеп келе жатқан адамзаттың рухани азғындалуын байқаған мынандай бір уақыттың шеңберінде әр халық, әр мелмекет өзінің сақталуы мен тұтастығын, болашағының жарқындығын көксеп, сол жолда келелі істер жасауға талпынары анық. Қазақ халқының, ғасырлар бойына аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізген кезде, ол тәуелсіздіктің баянды, ұзақ ғумырлы болуы тікелей ел мен мемлкеттің кемелді стратегиялық қадамдарының шынайылығы мен бекемдігіне байланысты. Осы тұрғыда, еліміздегі этникалық тұтастық мәселесі, мәдениеттің ерекше бітім болмысын анықтайтын рухани құндылықтарымыздың маңызды порблемаларының шешімі табылуы аса маңызды саналады. Осы жағдайда қазіргі кезеңде еліміздің ұлттық идеясы мен идеологиясына айналып отырған «Мәңгілік Ел» түсінігінің рөлі мен орны ерекше.

Қазақстан халқы әлемдегі әртүрлі ұлттар мен этностардың басын қосып, бүтіндей мемлекет құрып, кемелденген мемлекетке айналудың сара жолына түскен санаулы мемлекеттердің қатарында. Мемлкетті құрап отырған Қазақ халқы, өз кезегінде өзінің мәдениеті, тарихы және дүниетанымдық құндылықтарының негізінде мемлекетті құраушы ғана емес, сонымен қатар ортақ құндылықтар жүйесін, ұлттық идеялық бағдарды түзетін елге айналыр отыр. Осы тәуелсіздік алған жылдардың ішінде халықтар достастығын, этникалық ұлттар арасындағы қарым-қатынас құндылықтарын қалыптастырып, дәріптеу мемлекеттің іргесін бекітіп, мығым тұрақтылық орнатуда басты анықтаушы факторлардың бірі болды. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы осы тұрақты байланыс пен ынтымақты жалғастыруға көптеген мүмкіндіктер берері анық.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзінің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Жолдауларында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру жайында келелі ой тастады, ол өз кезегінде мелмекетіміздің саясаткерлері, философтары мен қоғамдық қайраткерлердің арасында жедел қолдау тауып, идеяның кеңінен қолданысқа енгізуге мүмкіндік берді[1]. Осы орайдағы этносаралық бірегейлілікті дәріптеудегі Қазақстандық моделдің бірегей үлгісі саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан хадқына үндеуінде «Қазақ халқының мыңжылдық тарихи тәжірибесінен, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан жолынан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді. Ортақ мақсатымыз – «Мәңгілік Елді» нығайту, Отанымыздың – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Ортақ мүддеміз – біздің баршамызға ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеуші елде өмір сүруге деген құштарлығымыз! Ортақ болашағымыз – «Мәңгілік Елдің» — біздің ортақ үйіміздің – Қазақстан Республикасының гүлденуі» деген ой айтылады. Жалпылама, топтастырып айтқанда «Мәңгілік Ел» — Қазақ халқының жанындағы этникалық қауымдастықтардың басын қосып, ынтымақты, бірлікті қоғам құра отырып қазіргі әлемдегі дамыған, алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына кіруге арналған стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы өздерінің жиындарында атап өткендей: 1) Қазақстан халқы алдында тұрған стратегиялық міндеттердің орындалуы Қазақстанда жасақталған бірегей модель – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік моделі негізінде ғана жүзеге асуы мүмкін; 2) тұрақты түрде өркендеуші Қазақстанды құру, қасиетті жерімізде берекелі қоғам құру сынды озық міндеттерді орындау үшін ұйымдасып, бірігу қажет (Астана, 17 қаңтар, 2014 ж.) [2]. Ғасырлай бойындағы мәдениеті мен дәстүрі өз кезегінде тек бейбітшілікке құрылған Қазақ халқының рухани құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізін құрай отырып, еліміздегі саяси, экономикалық, рухани тұрақтылықпен қатар ұлтаралық теңдік пен бірліктің жаршысы бола алатынына мүмкіндік жоғары.

Ғасырлар бойында қалыптасқан ата-бабаларымыздың дүниетанымдық құндылықтарын негізге ала отырып тарихқа көз жүгіртсек, ары мен намысын малы мен жанынан жоғары қойған, елі мен жерін ең жоғарғы байлығы ретінде бағалаған көне түріктердің тікелей жалғасы болып табылатын Қазақ халқының ел болудағы мақсаты ең алдымен Тәңірі, екіншіден Елі мен жері, сосын ары мен ұяты маңызды саналған құндылықтары осы «Мәңгілік Ел» идеясында айқын көрініс табады. Бұдан ұлттық және мәдени проблемаларды шешудің кілтін аңғаруға болады.  Қазіргі замандағы әлемдік мәдени шекаралардың жойылып, жаһандық бірегейлену дәуірінде, «Мәңгілік ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды – болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін заманға лайық қайта жаңғыртудың, еліміздің алдыңғы қатарлы қуатты мемлекет ретінде өркендеуінің кепілі болып табылады. Тәуелсіздіктің келуімен еліміз тари­хи тұрғыда осы идеяны жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды. Яғни, тәуелсіздік халқымызға ғасырлар қойнауындағы құндылықтар арқылы заманауи мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік берді.

Қазақ халқы әлемдегі толеранттылықтың түрлі салаларын игере білген, бейбіт өмір мен татулықты қанына сіңіре білген халық екенін тарихтағы кез-келген зерттеулерден, ауыз әдебиетіндегі бай мұрадан аңғара аламыз. Бұл татулық көршілестікке, бейбітшілікке ұмтылған мемлекет ретінде әлем қауымдастығына танымал Тәуелсіз Қазақстанның әзірге ешкім бағаламаған және игерілмеген аса зор әлеуетке ие екендігін білдіреді. Ал бұл «Мәңгілік ел» идеясы – біздің ұлттық кодымыздың кілті»,- деген ойды білдіреді [3]. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен қатарласуына мүмкіндік беретіндігін білдіруде. Бұл –  ұлттық бірлік пен бейбітшілік, экономиканың нығаюы, халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі. Ел дамуының бүгінгі жағдайында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – болашаққа сенімді қадам. Ол барша қазақстандықтардың ынта-жігерін қоғам алдында тұрған маңызды міндеттерді шешуге жұмылдыруы тиіс.

Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Г.Сұлтанбаева осы идеялық құндылықтар турасында «Мәңгілік Ел» идеясы Қазақстанды ел ретінде ғана емес, біртұтас ұлт ретінде танытады. Біз экономикалық тұрғыда ғана емес, рухани да дамуымыз керек. Қазақстан өзінің көпұлттығына қарамастан, біртұтас, ортақ идеяны дүниеге әкелді. Бұл – біздің өмір бойы аңсаған, іздеген арманымыз. «Мәңгілік Ел» — Қазақстанның қазіргі даму жағдайындағы мемлекеттік идеологиясының түпкі мәні, – деп жазады [4].

Кеңес Одағының құлауы және кеңестік өткен кезеңнің келмеске кетуі тұтастай алғанда жеке деңгейде де, қоғам деңгейінде де жаппай бағытсыздану, сәйкестікті жоғалту арқылы жүрді. Бір жағынан, өз өмір сүруін тоқтатқан КСРО азаматтары ретіндегі жеке тұлғалардың сәйкестігінің дағдарысы байқалды. Басқа жағынан қарағанда Қазақстанның Тәуелсіздік алуымен, нарықтық экономикаға көшудің басталуымен байланысты жаңа сәйкестік бағдарлары пайда болды. Сондықтан тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Қазақстан басшылығы рухани дағдарыстың алдын алуға тиіс, қоғамды ұйыстырудың маңызды бөлігі болуға тиіс жаңа жалпы мемлекеттік идеяның негізгі қағидаларын қалыптастыруға әрекеттер жасады [5].

Этникалық мәселелер мен мәдени проблемаларды шешіп, олардың өзекті саналатын салаларға жұмылдыру, Ұлттық бірліктің басты қағидасы ретінде ұлт рухын нығайтып дамы­ту біріктіруші және нығайтушы негіздер ретінде белгіленеді. Рухани негіз – ұлтты біртұтас етіп біріктіретін күш. Халық рухы күшті болған сайын оның мемлекеттілігінің болашағы да жоғары. Бұл тарих пен біздің тағдырымыздың басты қозғаушы тетігі. Ұлт рухы кез келген ел келбетінің қайталанбас қасиетін айқындайды, бағытын анықтап, дамуына екпін береді. Біздің ұлттық рухымызды көтеру үшін: дәстүрлер мен патриотизм рухы, жаңару, жарысу және жеңіске жету рухы; дәстүрлі құндылықтарға сүйену (тіл мен мәдениетке құрмет, имандылық, отбасы, ұрпақтар байланысы, патриотизм және төзімділік) қоғамның рухани негізі ретінде негізгі басымдықтар болуы тиіс [6].

Қазіргі таңда «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары­на сәйкес қазақстандық қоғамды ұйыстырушы басты күшке айналған құрал болып табылады. Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Елдің экономикалық өсуі, әлеуметтік жағынан алға жылжуы және демократиялық да­муы қоғам бірлігін ұйыстырып сақтағанда ғана мүмкін. Тәуелсіздікті сақтау мен мемлекеттілікті нығайту, мүмкіндіктер теңдігі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, зияткерлік ұлт қалыптастыру, ұлттық рухты дамыту біздің ұлттық бірлігіміздің басты негізі мен әрқайсымыздың өмірлік қағидаларымыз болуы қажет. Осының барлығы еліміздің алдағы жыл­дары үдемелі дамуының негізін жасайды, — Қазақстанның ұлттық бірлігі Доктринасында маңызды құжат ретінде көрсетіліп беріледі [6].

«Қазақстан-2050» стратегиясында [7] біздің қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтауда қазақ халқына үлкен жауапкершілік арта отырып, Қазақстан Республикасының Прези­денті: «Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қастерлі өлкеде өмір сүріп өркен жаятын болады. Қазақ жеріне тағдырдың жазуы­мен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көп ұлтты сипаты бар, бір тұтас елміз. Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты. Ендеше, тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысыжоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт» деп атап өтеді.

Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен енген сөздер құраса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күнсайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзіхалықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы ба­тыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек. Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек. Мемлекеттік тілмен қатар Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз» [7].

Қорыта келе айтар болсақ, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының Қазақстан Республикасында ара тұра кездесіп қалатын, ұлтаралық мәселелерді шешуге, мәдениетттің ұлттық сипатта жанданып, ертеңгі болашақтың ұлттық-патриоттық негізде тәлім-тәрбие алуына негізгі септігін тигізетінін атап өткеніміз жөн. Ата-бабабаларымыздан келе жатқан, мәңгі ел болуды көксеген арман тілектерін алға сүйреген қазіргі мемлекеттік келелі саясаттың негізінде, қазақ халқы өз діліндегі құндылықтармен қайта қауышып, ынтымақ пен бірлікті ту еткен кемелді қоғам құруға қада басуда. Қазақтың дәстүрлі құндылықтарын мемлекеттік құндылық ретінде дәріптеу, тіл мен тарихты, әдебиет пен өнерді қазақ өркениетінен бастатып, рухани қазық қылу өз кезегінде бірегей мемлекеттік идеяныңжемісі деп бағалаған жөн. Яғни, қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылатын этникалық тұтастық мен мәдени-рухани тамырымызды нығайту дәл осы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының негізінде жүзеге асатынына сенеміз.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Интервью Президента РК Агентству «Хабар»: «Размышления у подножия Улытау» (24 августа 2014 года) //pravo.zakon.kz/4648972-ervju
  2. Обращении Ассамблеи народа Казахстана к гражданам страны» (Астана,17 января 2014г.).
  3. В чем значение формулы «Казахстан — Мәнгіліқ Ел»?//altyn-orda.kz/v-chemznachenie 4.
  4. Национальная идея «Мәңгілік Ел»// …nform.kz/rus/article/2627527.
  5. Лапенко М.В. Идейная консолидация казахстанского общества http://www. contur.kz/node/161
  6. Доктрина национального единства Казахстана, 2010 г.
  7. Послание Президента Республики Казахстан-Лидера нации Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050». Новый политический курс состоявшегося государства — декабрь, 2012 г.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.