Бәрімізге мәлім елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 16-наурыздан бастап кәсіптік техникалық білім беру орындары қашықтықтан білім беру технологиясына көшті. Оның негізгі мақсаты білім алушылар мен оқытушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау, пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу болатын.
Осындай мақсаттарды алға қоя отырып «Болашақ» университеті жоғарғы колледжі де CollegeSmartNation қашықтықтан білім беру платформасымен оқыту жүйесін бастап кетті. Колледждің аудиториялық, практикалық сабақтары жаңа жүйеге көшіріліп білім алушыларға да оқытушыларға да жаңа жүйемен жұмыс жасаудың мүмкіндігі жасалынды.
Платформаның жұмыс жүйесі,ондағы ереже мен бағыттары туралы Оnllain түрде білім алушылар мен оқытушыларға толықтай түсіндірілді.
Аталған жүйеден бөлек қазіргі таңда WhatsApp, Zoom мессенджерлері де қатар қолданыста. Мен осы қашықттықтан білім беру жүйесін білім алушыларымды жаңа қырыннан тануыма және олардың осы жаңа дүниелерді меңгеруіне мол мүмкіндік берді десем болады. Күнделікті аудиториялық сабақтарды мессенджерлер арқылы түсіндіріп, аталған тақырып аясында тәжірибелік жұмыстар, зерттеулер жасап өз бетінше дербес тапсырмалар орындап білімдерін кеңейтті. Әсіресе өзін-өзі тану, психология, бейнелеу өнері және оқыту әдістемесі, технология және оқыту әдістемесі, педагогика пәндері бойынша білім алушылар жеке тапсырмалар орындап шеберліктерін шыңдай білді. Және де бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында білім алушылармен түрлі Оnllain шаралар ұйымдастырдым. Студенттер бос уақытардында түрлі бағытта жұмыстар жасады, атап айтар болсам, Өзін-өзі тану пәні бойынша «Ізгілік ең асыл қасиет» тақырыбында өткен сабақтың түйіні ретінде студенттер карантин кезінде ең қажетті медициналық маска тігіп, мұқтаж жандарға таратса бірі қол көмектерін көрсетіп өзге де білім алушыларды жақсылық жасауға шақырып видеолар түсірді. Сонымен бірге педагогика, педагогикалық шеберлік сабақтарында тыңдаған лекцияларын өз беттерінше практикалық жұмыспен жалғап балалардың сөйлеу, ойлау, шығармашылық қабілетін дамытуға арналған логикалық тапсырмалар, дидактикалық ойындарды тұрмыстық қалдық заттардан жасап өз шеберліктерін шыңдады. Тағы бір айта кететін жағдай қазірге жастар арасында кітап оқу деген үрдіс кенже қалып қойған еді, міне карантин уақытында осы бір кітап оқу дәстүрін қолға алдық. Бір қатар студенттер CollegeSmartNation базасындағы кітаптар мен қатар көркем әдеби кітаптар оқып, Google Duo желісі арқылы пікірлесіп, бөлісті. Сонымен бірге «Мен үйде оқып, білім аламын», «Үйде бол» атты видеолар түсіріп көпшілікті сабырға шақырып, пандемияның еркін таралмауы үшін қоғамдық жұмыстарға да атсалысты. Жалпы еліміз үшін алғаш рет жарияланған төтенше жағдай менің ғана емес көптеген адамдардың жаңа нәрселерді үйренуіне мүмкіндік бергені анық. Тек қандай да қиын кезең болмасын сабырлы түрде еңсере білсек алар асуымыз көп болмақ.
А.Нургалиева
«Болашақ» университеті жоғырғы
колледжінің жалпы пән оқытушысы
Қызылорда қаласы