Кожахметова Шарапат Жаксыбековна
№143 мектеп-лицей
тарих пәнінің мұғалімі
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕРІ
(Тәуелсіздіктің 30 жылдығы)
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында негізгі төрт кезеңнен тұратын үлкен жолдан өтті.
- Тәуелсіз мемлекеттің қалыптаса бастауы (1990-шы жылдардың бірінші жартысы).
- Мемлекеттілікті нығайту және дағдарысты еңсеру (1990- шы жылдардың екінші жартысы).
- Өрлеу және әлемдік дағдарыс арқылы әрі қарай алға басу (2000-шы жыл – 2010-шы жылдардың басы).
- Жаңа жаһандық ахуалда қалыптасқан мемлекет (2010- шы жылдар).
Тәуелсіздікті қалыптастыру аса күрделі жағдайда өтті. Бұрынғы КСРО-дан шыққан барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттер сияқты, Қазақстан да кеңестік жүйенің жалпы дағдарысы мен құлдырауын бастан кешірді, соның салдарынан тәуелсіздіктің қалыптасу процесі аса күрделі болды. Шынайы егемендікке аса маңызды қадам жасалды. Қазақстан төл валютасы – теңгені айналымға енгізді. Мемлекеттік-құқықтық аспектіде мемлекетті конституциялық ресімдеу «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңмен басталды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы 1995 жылғы Конституциясымен аяқталды. Осылайша, берік мемлекеттік құрылым жасақталды. Байырғы қазақ даласында жүздеген жылдар ауқымында тұңғыш рет еліміздің ішінде де, халықаралық аренада да заңдық тұрғыдан толық мойындалған мемлекет орнады.
Семей ядролық полигонын жабу және еліміздің аумағын жаппай қырып-жою қаруынан азат ету Қазақстан үшін айрықша маңызды шешім болды. Қазақстан ядролық қаруды иелену емес, одан құтылу бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілі болатынын көрсетті.
Бірінші кезеңнің басты жетістіктері – мемлекеттілік, нарықтық экономика, әлеуметтік татулық пен тыныштық.
Мемлекеттікті нығайту және дағдарысты еңсеру (1990-шы жылдардың екінші жартысы) Президенттік институт пен Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттілік пен саяси тұрақтылықтың мызғымас қос тірегіне айналды. Берік іргетас дағдарысты жеңіп шығуға және ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегия негізінде жүйелі, жоспарланған дамуға жол ашты. 1997 жылы «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында Қазақстан ХХІ ғасырға бірінші болып көз тікті. Астананы көшіру туралы шешім біздің келешекке деген нық қадамымыздың дәлелі болды. Қиындықтар мен күмәнға қарамастан, мемлекеттік құрылымдар жаңа елордаға ойдағыдай қоныс аударды. Астана туралы шешім – аса маңызды оқиға. Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінде Қазақстан әлемге аса танымал емес болса, екінші кезеңінің соңында жағдай түбегейлі өзгерді. Қуатты сыртқы саясат Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың белгілі және көпшілік мойындаған мүшесі етті.
Өрлеу және әлемдік дағдарыс арқылы әрі қарай даму (2000-шы жыл – 2010-шы жылдардың басы) Мемлекет басшысы ретінде Н.Ә.Назарбаев болашақтың басымдықтары мен жақын жылдардағы міндеттерді белгілейтін халыққа Жолдауларында жаңа ғасырдың ерекшеліктерін жүйелі түсіндіруге тырысты. Әрбір Жолдау көптеген тың ойлардан тұратын. Олардың әрқайсысы мемлекеттік басқару жүйесін тұтас қамтып, нақты әрекеттерге бастайтын, заңға бергісіз күші бар жалпыұлттық жан-жақты жоспарға ұласатын. 2000-шы жылдардағы Жолдаулардың бас тақырыбы – әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы. 2000-шы жылдары білім беру, ғылым, мәдениет, спортта өрлеу басталды. 2010 жылы білім беру жүйесінің жаңаруына негіз болған Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептері ашылды. Мемлекеттік тіл мен қазақ мәдениеті тың қарқынмен алға басты. Үш тілдің үйлесімді дамуы туралы бастама көтерілді. Қазақ спортының жеңістеріне бүкіл әлем куә болды. 2000-шы жылдар сыртқы саясат үшін де жылдам өрлеу дәуірі болды. Осының бәрі – мемлекетіміздің абыройын асқақтататын айшықты жетістіктер.
Қалыптасқан мемлекет жаңа жаһандық ахуалда (2010-шы жылдар) ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында әлем тұрақсыздық пен жаңа сапалы трансформация кезеңіне аяқ басты. Шындығында, адамзаттың көз алдында «жаңа жаһандық ахуал» пайда болды. Оған қалыптасқан мемлекет ретінде «Қазақстан-2050» стратегиясымен жауап берді. Жаңа стратегияны қабылдауға барлық негіздер бар еді: Қазақстан жаһандық дағдарыстың салдарын жеңіп, әлемнің бәсекеге анағұрлым қабілетті елу елінің қатарына кірді және 2030 стратегиясының басты міндеттерін мерзімінен бұрын іске асырды. Тәуелсіздіктің төртінші кезеңінің мәні – 2050 стратегиясынан айнымай, жүйелі алға басу. Қазақстан Республикасы аймақтық державаға айналды, оның халықаралық абырой-беделі осыны