Мамина Зауреш Толегеновна
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің
«Мамандандырылған балалар үйі»
жоғары деңгейдегі психолог
Жеке түзете-дамыту оқу қызметі
Тақырыбы: «Кірпі қонаққа келді»
Мақсаты: Баланың танымдық коммуникативтік түсінігін және эмоциялық аумағын дамыту.
Міндеті:
- Сенсорлық доппен белгілі бір іс- әрекетті орындауға үйрету;
- Белсенді тілін, шығармашылық қиялдарын дамыту;
- Бет бөліктерін көрсете білуге пысықтау, танымдық іс-әрекеттерді дамытуға ынталандыру.
Көрнекі құралдар: бүдір доп, саңынауқұлақтар, бұршақ, ылғалды құм,таяқшалар, түрлі түсті шаршылар, резинадан жасалған кірпі.
Барысы:
Психолог: — Сәлем Аймара! (Қонырау сылдырлайды)
Аймара сырдырлатады, амандасады.
Психолог: -Аймара қәне , дене мүшелермен амандасамыз.
Қане менің қолым, міне, менің қолым.
Қане менің көзім, міне, менің қөзім.
Қане менің мұрным , міне, менің мұрным.
Қане менің аузым , міне менің аузым.
Психолог: Аймара, қарашы, менде қандай әдемі доп бар, мынау допты қолымызбен домалатайық. ( Бір доп балаға, бір доп психологқа беріледі )
Психолог:
Доп, доп, доп
Қап, қап,кап
Добым домалады
Балшыққа жоламады
- Жарайсың, Аймара
— Осы доп неге ұқсайды?
— Ол кірпіге ұқсайды.
Психолог: Аймара екеуміз мынау құмнан кірпі жасайықшы, сен маған көмектесесің. Бұршақтан көз жасаймыз,таяқшамен оның инесін сен жасайсың.
Кірпі саңырауқұлақты жақсы көреді,оған іздеуге көмектесейікші.
(Психолог бұршақ салган ыдысты береді )
Аймара бұршақтың ішінен саңырауқұлақты жинап өз орына салады.
Психолог: Аймара екеуміз турып жаттығу жасайық.
Сергіу сәті .
Жел соғады бетіме
Ағаштарды желпіді
Кіп кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
Психолог :
-Аймара бізге кірпі қалай секіре алатындығын көрсеткісі келіп тұр.
-Қане, сен оған көмектесші ( кірпі шаршылардың үстінен секіреді)
-Енді сен кірпіге шаршыдан мұнара құрастырып берші!
-Аймара , жарайсың біз екеуміз бүгін кірпіге к-мектестік .
— Аймара бүгін бізге қонаққа кім келді?
— Кірпі.
— Оның үсті қандай екен?
— Тікенек.
Қорытыңды:
Аймара кірпі саған рахмет айтты , менде саған рахмет айтамын.Екеуміз бірігіп тапсырманы дұрыс орындадық.