Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында бірқатар бірегей іс-шаралар қолға алынғаны белгілі. Сол маңызды шаралар қатарында – Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен колледждер қашықтықтан оқыту түріне көшірілді. Қазіргі таңда Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты да осы әдіспен білім беруде.
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылып оқытудамыз. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырада (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процестерін қолданып отырмыз.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес білім алушылардың оқудағы жетістіктерін тіркеу бөлімі ААЖ «PLATONUS» платформасында жүзеге асырылуда. Бұл платформада білім алушы мен оқытушының жеке кабинеттері арқылы оқу үрдісінің барлық негізгі операциялары орындалады.
Қазіргі таңдағы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтындағы қашықта білім беру сәттері
Сонымен қарат студенттер мен оқытушылардың тығыз байланысын: Zoom, WhatsApp, Instagram бағдарламалары арқылы жүрзеге асырылып отыр.
Жалпы, бүгінгі күні «Көлік құрылысы және құрылыс материалдарын өңдеу» кафедрасы қолда бар қашықтықтан онлайн-оқыту жүйелерін барынша оқытушы мен студенттер арасында тығыз байланыс орнықтыруға мүмкіндік беріп отыр. Жоспарда жүргізілетін дәріс беру үрдістері, кафедра мәжілісі мен ғылыми кеңіс отырыстары мен бірге студенттердің эдвайзерлік сағаттары да жоспар бойынша қамтамасыз етіліп отыр. Бұл дегеніміз қазіргі төтенше жағдайдағы білім алудағы сапасы төмендеуіне ешқандай күмін жоқ деп есептейміз. Білім алуға – барлық әдіс қолайлы деп айта аламыз!
«КҚжҚМӨ» кафедрасының меңгерушісі Бектұрсынова Г.С
«КҚжҚМӨ» кафедрасының аға оқытушысы Жанакова Р.К