Home » Ашық сабақтар » Бабалар аманаты — Тәуелсіздік

Бабалар аманаты — Тәуелсіздік

Хасенова Макпал Зейнуллаевна
Нұр-Сұлтан қаласы
Әлихан Бөкейхан атындағы
 76 мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі

Желтоқсан желі….

Ол кезде жас еді олар

Жиырма бес, отыздағы.

Болмаған ойларында қорқу жағы.

«Елбасын сайласақ» -деп қазағымнан,

Жастарым бас көтерген оқудағы.

Термесі Ақтанберлі әуеледі,

Жан дауысы шақырғандай тамам елді.

Қанымен боздақтардың бүгін міне,

Арайлап, тәуелсіздік таңы келді.

Бүгін міне, Елбасым ел аңсаған,

Құтылып бодандықтан елім аман

Кешегі өткендерді еске алып,

Елдікті көрсететін туды заман!

Міне, биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Тәуелсіздік – әрбір қазақ елінің  баға жетпес байлығы, құндылығы, сан ғасырлар бойы аңсаған асқақ арманы. Тәуелсіздікке қол жеткізу бабалардың қанымен, аналардың көз жасымен келген қасиетті нығмет. Тәуелсіздіктің әр жылы біздер үшін қасиетті күн. Желтоқсан желінің  ызғарлы естелігі әрбір болашақ жастарымыз үшін ұмытылмас аманат. Сондықтан да тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау — әрбір қазақтың, әр болашақ жастарымыздың  ең басты борышы деп білемін. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.