Мұратова Дариха Жұмаділдәқызы
Алматы облысы білім басқармасының
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
«Ерке-Нұр» бөбекжай-балабақшасы» КММ
тәрбиешісі
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Ғажайып қыс»
Мақсаты: Білімділік мақсаты:
а) Әр музыкадағы жанрды түсінуге бағыт жасау немесе тәрбиелеу.
б) Музыка тыңдау арқылы, музыканың төрт түрлі жанрларын ажыратуға үйрету. Музыканың көңіл-күйін, темпін, характерін, дыбыстық динамикасын анықтауға үйрету.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауаптар, суреттер, буклеттер көру, түсіндіру, тақпақтар оқу, компютерден электронды тапсырмалар мен оқу іс-әрекеттерге байланысты жұмыстар жүргізу.
Пайдаланған көрнекі құралдар: Балаларға арнайы тігілген ергежейлі қалпақтары, Жалқаубек костюмі мен құстарды атуға жасалған рагатка, мнема кесте, проектор, балаларға арналған түрлі аспаптар.
Армысыздар, құрметті қонақтар, бүгінгі біздің «Ғажайып қыс» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне қош келдіңіздер. Балалар қараңдаршы біздің бүгінгі оқу қызметіне көп қонақтар келіп отыр екен, ендеше қане, бәріміз сәлемдесейік.
Балалар: Сәлемдеседі.
Жұмбақ: Шанамен сырғанап ойнайтын
Аққала жасап қуанып
Қар атысып жүгіріп,
Шырша тойын тойлайтын
Бұл қай кез деп ойлайсыңдар?
Балалар: Қыс.
Дұрыс айтасыңдар.
Қане, бәріміз бірге айтайық Қыс; Зима; Уйенті
(Осы кезде есік тықылдатып, қонақтар ергежейлілер келеді)
Ергежейлер: Сәлеметсіңдер ме ?
Балалар сәлемдеседі.
Ергежейлер: Біз Ақшақарды іздеп келдік. Ақшақарды сағындық. Сендерге сыйлық алып келдік.
(Ергежейлердің қалпақтары және тәттілер)
Жетекші: Жарайсыңдар. Ақшақарда сендерді сағынды. Бізбен бірге қызықты оқу қызметіне қатысыңдар. Бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу қызметі қыс мезгілі жайлы; Қыстың қызығы мен ғажайыптары.
Бәріміз бірге: Ақшақар; Белоснежка, Шнөу уайт
- Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?
- Қазір қандай ай?
- Біз жақында қандай мерекені тойладық?
- Қыс мезгілінде ойналатын қандай ойындарды білесіңдер?
- Қыстап қалатын құстарды атау (Сауысқан, торғай, қарға, көгершін т.б) бұл құстар қыстың суығынан қорықпай, өз қоректерін тауып жейді екен.
(Осы кезде ортаға бір бала торғайды таспен атып жүгіріп келеді.)
Жетекші:Балақай, сен кім боласың?
Жалқаубек: Мен — Жалқаубекпін ғой.
Жетекші: Жалқаубек, торғайды атуға болмайды. Бұл қолыңдағы не? Біздің балалармен бірге құстарға қамқор болуды үйрен.
Айару: Таспен атып торғайды
Ұя бұзуға болмайды
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды.
Бекарыс: Құс ұясын бұзбаңдар
Балапанын алмаңдар
Құстар біздің досымыз
Обалына қалмаңдар
Нұрасыл: Үйге кірші торғайым
Мен суықтан қорғайын
Үйшік жасап берейін.
Алдыңа жем себейін.
Күн жылынып, қар кеткенде
Босатамын көктемде.
Димаш: Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын.
Жүрсе суық далада
Жем шашуды ұмытпа.
Жетекші: Балалар, мен үйден мынадай ұя жасап әкелдім. Қазір далаға серуенге шыққанда ағаштарға іліп қоямыз. Сендерде үйге барғанда әртүрлі материалдардан ұя жасап ілулеріңе болады. Яғни біз құстарға қамқор болып, қыс мезгілінде сумен жем шашып тұруымыз керек.
2) Музыка тыңдау: «Қыс мезгілінің» дыбысы (Аяз, боран, қардағы аяқ ізінің дыбысы.)
Айлин:Қыс айы қаңтардан
Басталады жыл басы
Алып келді қыс қарды
Ұзақ күндер қысқарды.
Би. Ырғақтық- қимылдар жасау (Ергежейлілермен бірге қалпақтарын киіп, би қимылдарын жасау)рдағы әндеріменкілдірімізң екіге бөлінетінін үй құстары ,жабайы құстар болып бөлінетінін))
Дауыс жаттығуын жасау. Ма-ме-ми-мо –му….
«Ән» қайталау. «Ақшақар» әні. (Аспаптармен балалармен қосылып орындау.)
ІV. Жаңа әнмен танысу. «Қыс қызығы»
- Ойын: «Жақсы мен жаман/ойыны». (Мнема кесте арқылы)
Қыс мезгілінде қар жауса жақсы ма?
Қарда шанамен ойнаған жаман ба?
Қыста қар атысып ойнаған жақсы ма?
Қыс мезгілінде даладан қар жеген жақсы ма?
Қыста суық тиіп ауырған жақсы ма?
Қыс болғанда жаңа жылды тойлаған жаман ба?
Жетекші: Балалар біз ергежейлермен және Жалқаубекпен қоштасайық.
Қош сау болыңдар. Жалқаубек сенде қайтатын шығарсың. Енді біздің балалардан біраз нәрсе үйренген боларсың. Құстарды атуға болмайды. Оларға қамқорлық жасап, қыстың күні жем шашып , ұя жасап беру керек. Қош сау бол.
VІ. Жаңа оқу қызметін қорытындылау:
1.Қазір қай мезгіл?
2.Балалар, қандай құстар қыстап қалады екен?
3.Біздің оқу қызметімізге кімдер келді?
4.Музыка арқылы көңіл-күйді білуге болады ма?
VІІ. Үй тапсырмасы: Бағалау: Oқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды марапаттау.
Сыйлық: (Балаларға тәттілер ұсыну)