Мукашева Салтанат Бауржановна
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы Бумакөл ауылы
Бумакөл МББК мектепалды
даярлық тобының тәрбиешісі
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Гг дыбысы мен әрпін оқуды жалғастыру. Гг дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Гг дыбысын сөз ішінен табуға, г дыбысы арқылы берілген сөздерді дұрыс жазуға үйрету.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын, шығармашылық қабілетін, жазу дағдыларын қалыптастыру.Тіл байлықтарын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, сауатты жазуға, адамгершілікке, ізденімпаздыққа үйрету. Сыйластыққа, әдептілікке, табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер .
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі. Жаңа сабақ
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: (психологиялық дайындық)
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Сәлеметсіз бе, күн!
Сәлеметсіз бе,сіз!
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
ІІ. Ой пысықтау. «Гүл құрастыру» әдісі.
- Дыбыс деген не? (айтамыз, естиміз)
- Әріп деген не? (көреміз, жазамыз)
- Дыбыс нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)
- Дыбыстан не құралады?
- Сөзден сөйлем құралады?
-Балаларұ сурақтарға жауап беру арқылы не шығардық? (гүл)
— Олай болса,гүл дегеніміз не? ( Гүл көңілімізге қуаныш сыйлайды. Гүлдің де тағдыры, тіршілігі,, мінезі бар. Олар өте сезімтал. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.
Біз бүгін сабағымызды өте қызықты өткіземіз. Сабақта түрлі ойындар ойналады. Ойындарға жақсы қатысқан балаға гүл көбірек беріледі. Гүл алғымыз келе ме? Олай болса, біз өз білімімізді көрсетейік.)
«Гүл – қуаныш» әдісі.
-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Г дыбысымен таныстық)
Оқулықпен жұмыс.
1.Сөздерді оқу
- «Доп лақтыру» ойыны. «Гг дыбысына» сөздер айту.
- «Сауатты жаз» әдісі. Тақтамен жұмыс. Егін, сегіз, шеге сөздерін жазу.
4.«Дыбыстарды үйіне қондыр» әдісі. (Дыбыстық талдау жасау)
-Гг қандай дыбыс?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбын, мақсатын хабарлау
«Гүл-сыйлық» әдісі.
Қолы бар,
Саусағы жоқ.
Мойны бар,
Басы жоқ.
Күні бойы сен оны
Екі аяқтап аласың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың.
Сабы – таяқ,
Басы – қалақ.
Ұшын жүрер,
Жерге қадап.
Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген.
Етегі желкендей,
Киім еді ол нендей
Сөз соңында К әрпінің Г-ге айналып кету жағдайы.
Г дыбысы қазақ тілінде сөз соңында келмейді. Кк дыбысынын аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе «к» «г-–ге айналады.
Кимешек-кимешегі, күрек-күрегі, етік-етігі, көйлек-көйлегі.
ІҮ. Мағынаны тану.
а) Сөз соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.
терек-терегі ілгек-ілгегі жәшік— жәшігі
білек-білегі етек-етегі шелек-шелегі
ә) Баған түрінде берілген сөздерді хормен оқыту, мағынасын ашып түсіндіру.
Бәйге Мерген ертегі жүгері Шеген
Мәре Дәрігер әңгіме жүген Төлеген
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
-Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?
ҮІІІ. Үйге тапсырма. Мадақтау
Гүл — дүниенің көркі.
Гүл — жердің көркі.
Гүл — әдеміліктің символы.
Гүл — нәзіктіктің белгісі.
Гүл — көңіл ашады.
«Қоштасу» Жылу шеңбері.
Қолымызды ұстайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!