Home » Мақалалар » Музыка арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

Музыка арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту

Жумекова Динара Бақытбековна
Түркістан облысы
Түлкібас ауданы Састөбе ауылы
«Қарлығаш» МКҚК балабақшасының
саз жетекшісі

Баршамызға мәлім, бала дүние есігін ашқаннан бастап, анасының әлдиіне бөленеді. Мұның өзі, бала бойындағы алғашқы музыкалық қабілеттің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. «Туғанда дүние есігін ашады өлең», — деп данышпан Абай жазып кеткендей, бала шыр етіп жерге түскеннен бастап өмір бойы ән ырғағына бөленіп жүреді. Нәрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар: «Шілдехана», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», — бәрі де ән, өлеңсіз өтпейді. Бесік жыры барлық халықтарда бар. Оның түп тамыры тереңнен бастау алып, алғашқы қауымдық дәуірмен ұласады. Әуел баста ыңылдаған әуен ырғағында келетін бұл әннің алдымен музыкалық сазы пайда болған да, кейінірек мәтіндер қосылып, бас-аяғы бар шығармаға айналады. Әуендік-интонациялық құрылымы, ырғақтық-өлшемдік жағынан бесіктің тербелісіне сай бірқалыпты сарында үнделеді. Құлаққа жағымды әуен мен мағыналы сөздері бар бұл әндердің балаларға берер тәрбиелік мәні зор.

Ұрпақ тәрбиесін дүниежүзілік құндылықтар негізінде жетілдіру, қазіргі педагогика ғылымының алдында тұрған ауқымды істердің бірі. Әрбір жас ұрпақтың жеке тұлғалық сапалары жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады. Қазіргі мектептерімізде жеке оқушыны рухани құндылықтарға, көркем шығармашылық әрекеттерге тарту басым бағыт алуда.

Адамның, сонымен қатар мектеп жасындағы оқушылардың музыкалық тәрбиесінің тиімділігін арттырудың қажетті алғы шарттары — олардың музыкалық дамуларының есебі мен білімі болып табылады. Музыкалық қабілеттерінің әрі қарай дамуын анықтауды және бақылауды оқушылардың музыкалық дамуын жан-жақты зерттеуінің тұрақты және нақтылы жасалған әдістемесі негізінде біртіндеп жүргізуге болады.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың музыкалық қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың музыкалық қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Ғалымдардың пікірінше табиғи жаратылысында музыкалық қабілетінің алғашқы шарттары 50-60% байқалған. Баланың музыкалық ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Балалардың толыққанды музыкалық тәрбиесін қарапайым музыкалық түсініктерді қалыптастырудан бастау қажет.

Баланың музыкалық даму процесі музыкалық қызметтерді ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Сәбилік шақтан бастап музыкалық қызығушылықтарын дамыту – тәрбиешінің міндеті.

1-2 жаста бала ересек адамның әнін тыңдай отырып дауыс интонациясына уілдейді, былдырлайды. 2 жаста бала қарама-қарсы сипаттағы әндерге шаттанып қуанады, немесе сабырлы күй танытады. Алақандарын шапалақтап, аяқтарын топылдатады. Кейде әннің жеңіл буындарын «әй-әй», «топ-топ» буындарын қайталайды. 3-4 жаста шағын әндерді ересектердің көмегімен орындай алады. Дербес әрекет етуге ұмтыла отырып билеуге, ойнауға талпынады. 5 жас – баланың көп білуге құштар кезеңі. «Неге?», «неліктен?» деген сұрақтарды көп қояды. Бала жетекшінің қойған талаптарын, ән, пьесалардың көңілді, қуанышты, сабырлы сипаттарын сезіне отырып, пьесадағы қарама-қарсы екі бөлімді, музыкалық аспаптар тембрін, қол ұстасып ән айту, жеңіл би қимылдарын орындай алады. 6 жас – балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта-ықыласы айқын көріне бастайды.

Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт-дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу. Білім берудің ең төменгі сатысы – мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады. Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.

— Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;

— Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;

— Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;

— Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым-қатынасты орнату;

— Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;

— Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулиды.

— Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы мультимедиялық құралдарды пайдалану.

Отбасында ата-аналарға педагогикалық білім өте қажет, себебі ата-ана бала тәрбиесінің мақсат-міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды. Ата-аналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігін олармен бірге өткізілетін тренингтерде ескерту қажет.

Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды, сондай-ақ даму барысында кідірісте болмау қажет. Сондықтан ата-ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық дамуының көрсеткішін білуі маңызды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.