Бегимбетова Раушан ДЖаркинбекова
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 45 Самұрық балабақшасының
тәрбиешісі
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: «Ғажайып білім әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балаларға ғажайып білім әлемне саяхат жасау арқылы дыбыстарды, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді қайталата отырып, балалардың білімдерін тиянақтау. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Балалардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын тіл байлығын, тілін дамыту. Балаларды ұғымталдыққа, әдептілікке тәрбелеу.
Әдіс-тәсілі : сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, сөз және сөйлем құрау.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, әріптер, суреттер, текшелер, сызбалар.
Шаттық шеңбері: Балалар бір-біріне гүл беру арқылы тілектерін айтады.
ҰОҚ: Салеметсіздер ме! Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз «Ғажайып білім әлеміне саяхат» Бейнетақтаға назар аударыңдаршы!
Буратино: Сәлеметсіздер ме, балалар
Балалар: Сәлеметсіз бе, Буратино
Буратино: Балалар, мен алтын кілтімді жоғалтып алдым. Маған көмектесіңдерші. Жолда келе жатып тиынды көріп едім, Ғажайып білім әлеміне барып, мына тапсырмаларды орындасаң, алтын кілтіңді табасың деді. Мына тапсырманы орындап, алтын кілтімді табуға көмектесіңіздерші.
Тәрбиеші: балалар, көмектесеміз бе?
Балалар: иә, көмектесеміз
Бірінші тапсырма: Суретті әңгімелеу. Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар, қазір қай ай?
Мнемотехника әдісі арқылы өлең жолдарын құраңдар.
Көктем мезгіліне арналған тіл ұстарту жаттығуы.
Тем тем тем
Көңілді көктем.
Ғай ғай ғай
Жарқылдайды найзағай
Шек шек шек
Шығады бәйшешек
Ал ал ал
Төлдейді мал
Ыр ыр ыр
Жауады жаңбыр
Екінші тапсырма: Дыбыс дегеніміз не?
Дыбысты естиміз , бірақ көрмейміз.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дыбыстар екіге бөлінеді дауысты және дауыссыз дыбыс.
Дауысты дыбыстар қалай айтылады, қандай текшемен белгілейміз?
Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады, қандай текшемен белгілейміз?
Әріптерді атаңдар, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып, сөз құраңдар, өз сандықтарына орналастырайық.
Сандықтың сыртындығы сөздерді оқып айырмашылығын табыңдар
Алма, сағат. «Алма» сөзі дауысты дыбыстан басталады, екі буынға бөлінеді. Ал «Сағат» сөзі дауыссыз дыбыстан басталады, екі дауысты, екі дауыссыз дыбыс бар.
3-тапсырма: Түстері бірдей шарларды біріктіріп сөздерді оқып жазыңдар.
Шана, қоян, мама, кеме
Сергітту сәтті: Біз жаздық, біз жаздық
Қолымыз шаршады
Ақырын демалып
Қайтадан жазамыз
4-тапсырма: Сызба арқылы сөйлемдер құрайық.
5-тапсырма: Ребус шешу
6-тапсырма: «Бес қадам» тәсілі арқылы сөз құрау
Буратино: Балалар, сендерге көп рахмет. Сендер барлық тапсырманы дұрыс орындап, алтын кілтті қайтарып алдындар. Мен сендерге алтын кілтті сыйлыққа беремін.
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу қызметімізде сендерге не ұнады ? Қай тапсырма сендерге қиын болды?
Балалар, бүгінгі оқу қызметімізге сендер өте жақсы қатыстыңдар. Мен сендерге Буратиноның алтын кілтің сыйға беремін.