Кожантаева Айнаш Есимовна
Қарағанды обылысы білім басқармасы
Нұра ауданы білім бөлімінің
«Балбөкбе» бөбекжайы» КМҚК
тәрбиешісі
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көніл-күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша –«Алтын күз, әсем айналдым, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдініздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып, өні тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтындаршы
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші:
Ал, балалар,балалар,
Енді бері қарандар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Құлағымды асырам.
Таба алсандар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, сары жібек көйлегін» — Бұл не, балақайлар (Күз)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіндер ме, балалар, сендер бүгін қандай әдемі болып кеткесіңдер.Мен сендердің өнерлерінді тамашалауға келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, күз ханшайымы, келіңіз, төрлетіңіз біздің өнерлі балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыз.
-Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
Тақпақтар:
Асылхан: Тоназытып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Судырып түседі.
Нұрай:Алтын, сары, қызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Милена: Сарғайды тоғай,сап-сары манай
Соңгы әнің айтып, құс кетті қайтып.
Гүлназ: Жапырақ ұшты, суық та түсті
Сонда да бізге, қызық көп күзде.
Ән: Күзгі вальс
Жүргізуші: Балабақша бағында
Сайрандаймыз жанында.
Нақ өзіндей бүлдіршін,
Көп достардың жанында,-деп біздің кішкентай қыздарымыздың «Күзгі сый биі» қарсы алыныздар.
Ойын: «Қолшатыр кімге тиеді»
Шарты: Балалар шеңберде жатқан қолшатырдың жанына тұрады, музыка ойналады, балалар билеп жүреді, музыка тоқтағанда балалар қолшатырдың жанына тұра қалу керек, қай балаға қолшатыр жетпей қалса, сол бала ойыннан шығып отырады.
Тақпақтар:
Алихан: Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет тамаша,
Қандай әсем күз.
Раяна: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Ілияс: Аспанда сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Томирис: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келді жар салып,
Күзгі сық басталды.
Салидат: Күзім ау күзім ау
Мінезін бұзық ау
Жаңбырын сіркіреп
Келгенің қызық ау.
Ән: Кап-кап,тук-тук.
Ойын: «Жемістер мен көкеністер»
Шарты: Көзі матамен байланған бала. Жемістерді сипап сезу арқылы атау.
Би:Ұлдардың билеуінде «Көкеністер биі»
Күз ханшайым: Балалармен қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар, сендер өте керемет қатыстыңдар, рахмет.