Home » Ашық сабақтар » Жабайы жануарлар

Жабайы жануарлар

Такелова Аққенже Сатайқызы
Атырау облысы
Мақат ауданы
Доссор поселкесі
«Сандуғаш» балабақшасының
«Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»

Мақсаты: Балаларға жабайы жануарлар туралы түсінік беру, күшіктерімен таныстыру; жабайы жануарлардың күшіктерін бір-бірінен ажыратып атау дағдыларын жетілдіру; жабайы жануарлардың күзгі табиғаттағы тіршілігі мен өзгерістері жайлы білімдерін қалыптастыру; жабайы табиғат әлемі туралы ұғымдарын кеңейту, еске сақтауы мен ойлау қабілетін, зейіні мен шығармашылығын дамыту; жабайы жануарлардың күзгі тіршілігіне қызығушылықтарын ояту; бір-біріне деген жолдастық қарым-қатынас пен ізгілік ережелеріне, белсенділікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жабайы аңдар тақырыбы бойынша слайдтар немесе мазмұнды суреттер;

Әрекет кезендеріПедагогтың іс-әрекетіБалалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

/Кіріспе бөлім/

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды.

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн!

Біз сүйкімді баламыз!.

Шеңбер бойына тұрып орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру-

іздестіру

 

Кіріспе әңгіме.

Тәрбиеші  оқу қызметін бастай бергенде жабайы жануарлардың дыбыстары естіледі

— Балалар, мына дыбыс қайдан естіледі? – деп сұрайды.

— Тыңдайықшы, балалар, ненің дауысына ұқсайды?

— Балалар, ненің дауысына ұқсайды екен?

— Қандай аңдардың дауысына ұқсайды?

— Балалар, жабайы табиғат әлемі дегенді қалай түсінесіңдер?

— Жабайы аңдар қайда жүреді?

Балалар, жабайы аңдардың балаларын не деп атаймыз?

— Ал, жабайы аңдардың балалары қалай аталатынын білеміз бе?

— Олай болса, балалар, тақтадағы суретке назар аударайықшы.

— Балалар, суреттен нені көріп тұрсыңдар?

— Балалар, мынау аюдың күшігі ме?

Аюдың күшігін қалай атаймыз?

Қасқырдың күшігі қалай аталады?

Қоянның күшігі қалай аталады? Көжек.

Тиіннің күшігін қалай атаймыз?

Түлкінің күшігі қалай аталады?

Сергіту сәті. «Жабайы жануарлар».

— Балалар, орнымыздан тұрып, бой жазып алайық.

— Аю болып қорбаңдап (аю сияқты қорбаңдайды),

— Маймаңдаймыз, жүреміз (орындарында тұрып, маймақ жүрісті салады).

— Қоян болып әндетіп (қолдарымен қоянның құлағын жасайды),

— Секіреміз, күлеміз (орындарында тұрып секіреді).

«Не артық?» дидактикалық ойыны.

Ойынның шарт: суретке қарап отырып, үй жануарларының арасынан жабайы жануарды табу, жабайы жануарлардың арасынан үй жануарды табу.

-Жолбарыс,  Тиын Сиыр,Түлкі не артық? Дұрыс! Сиыр артық.

 

 

 

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

 

-Аңдардың

 

 

-Жабайы аңдар жүреді.

 

-Орманда.

Күшіктер

 

 

Аңдарды.

-Қонжық.

-Бөлтірік.

–Көжек.

-Тиіннің баласы дейміз.

— Мыршай

 

Балалар сұраққа жауап береді.

 

 

 

 

Рефлексивті – түзету

/Қорытынды/

Қорытынды

— Балалар, біз бүгін немен таныстық?

Жабайы жануарлар мен олардың күшіктерінің атауларымен таныстық.

— Қасқырдың күшігін қалай атаймыз?

— Аюдың күшігін қалай атаймыз?

— Қоянның күшігі қалай аталады?

— Тиіннің күшігі? Тиіннің баласы.

— Түлкінің күшігін қалай атаймыз?

— Жолбарыстың күшігін?

— Тамаша, жарайсыңдар!.

-Қатысқындарың үшін көп-көп рахмет. Осымен балалар біздің ашық оқу қызметі аяқталды.

 

Балалардың жауаптары.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жануарлардың дауысын табуды

Игереді: Жануарлардың төлдік ерекшеліктерін

Меңгереді: Жабайы жануарлар туралы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.