Home » Ашық сабақтар » Көру арқылы қабылдау және зейін

Көру арқылы қабылдау және зейін

Тастанбекова Гульмира Даукешевна
Балқаш қаласындағы
№ 10 арнайы мектеп-интернатының
логопед мұғалімі

Сабақтың  оқыту мақсаттары:

  1. Көру арқылы есте сақтау жаттығуларын орындата отырып, оқушыларды тапқырлыққа баулу;
  2. Оқушылардың өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру, көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамыту; Диафрагмалды тыныс алуды қалыптастыру, ұзақ фонациялық дем шығаруды дамыту. Тілдің фонетика-фонематикалық, лексика-грамматикалық қатарын, тілдік байланысын дамыту;
  3. Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік, ойын, дамытудың белсенді әдістері.

Көрнекілігі: кестелер, слайд, заттық суреттер, краскалар,смайликтер.

Сабақтың барысы:

Мотивациялық-қозғаушылық кезеңі:

— Ұйымдастыру кезеңі

-Педагогикалық -психологиялық сәт

—  Шаттық шеңбері:

Мұғалім:  Өте жақсы, балалар. «Жақсы сөз — жарым ырыс» демекші, қане балалар бір-бірімізге  жақсы тілектер айтайық.

— Еліміз аман болсын, бақытты болайық,  аналарымыз аман болсын, достарымыз көп болсын!

Ұйымдастырушылық-іздестіру кезеңі:

— Сенсорлық жаттығулар:

  1. «Шынтақпен амандасу» әдісі — қолымызды белімізге қоямыз, шынтақтарымызды түйістіреміз, оңға, солға тербелеміз, бір-бірімізге жымиып қараймыз.
  2. «Көзбен амандасу» әдісі — қазір мен сіздермен көзбен амандасамын, бірақ сөзбен емес, көзбен ғана үндемей амандасамын. Ал, сіздер әдемі көздерін арқылы өз көңіл күйлерінді жеткізіңіздер.

— Балалар, сіздермен «Сұрақ-жауап» ойынын ойнайық, жауабын ауызша емес, карточкамен көрсетеміз.

  1. Бағдаршамда неше көз бар? (3)
  2. Қолғапта неше саусақ бар? (5)
  3. Адамда қанша көз бар? (2)
  4. Аспанда неше күн бар? (1)
  5. Бір аптада неше күн бар? (7)
  6. Адамда қанша саусақ бар? (10)

Дидактикалық ойын: «Сұрақ-жауап»    

-Қазір мен сіздерге мынадай сандар көрсетемін. Сендер 30 секунд уақыт зейін салып қарап, есте сақтауға тырысыныздар: 5,2,3,1,0

Мақсаты: Балалардың санды есту және оны цифрмен көрсету дағдысын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Әр баланың алдында  1-ден 10-ға дейін цифрлар.

Жаттығулар:

  1. Көру арқылы есте сақтау
  2. Логикалық сұрақ: ненің суреті жасырылған?
  3. Қай пішінге ұқсайды?
  4. Тапсырма «Не өзгерді»
  5. Артық затты тап, оны сыз.
  6. Цифрға жатпайтын заттарды қоршап сыз.

Ойын: «Өнерлі саусақтар» шарты: қағазды алып умаждау, оны түзетеміз, саусақтарымызды акварель бояғыштарға салып, саусақтарымызбен «гүл» саламыз.

Сергіту сәті:   Су-Джок жаттығуы                    

Орнымыздан тұрамыз

Қолымызды созамыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Жаттығулар жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз

Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындары:

1.«Үш құбылыс» — оқушылар шеңбермен тұрады. Мұғалім «су» — десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

  1. «Сөзді есіңде сақта» — мұғалім оқушыларға 4 қосарлы сөздерді оқиды. Оқушыларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді мұғалім айтады, оқушылар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек.

көктем – жаңбыр

жаз – күн шықты

аспан – бұлт

жер – шөп

Ми гимнастикасы «Жалқау сегіздіктер»- ауада сегіз санын алдымен оң қолыңмен, сосын сол қолыңмен сегіз санын сал, одан кейін екі қолыңмен үш рет қайтала.

  1. «Орныңды тап» оқушылар шеңберге тұрады. Әр оқушы өзінің жанындағы оқушыны есінде сақтап, қарап алуы керек. Мұғалімнің  бірінші белгісі бойынша, сынып бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау арқылы  беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған оқушылар ойыннан шығарылады.

Рефлексивті-түзетушілік кезеңі:

Тренинг «Көңілді суретшілер» — шарты: шеңбер болып тұрамыз, бір- біріміздің арқамызға сурет саламыз.

— Күн саламыз (күннің бейнесін салу)

— Күнді бұлт баса бастады (бұлт салу)

— Ақырыңдап нөсерлеп жаңбыр жауа бастады (арқаны жолақпен жүру)

— Қар жауа бастады (арқаны нүктелеу)

— Қар қаттырақ жауа бастады

— Жел соқты (сипалау)

— Күн шықты.

— Қандай сезімде болдыңыздар? (жағымды болды, ұнады).

Рефлексия. «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» —сіздердің алдарында «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» жатыр, қолдарына алып сабақтан қандай көңіл-күй алдыңыздар көрсетіңіздер (смайлингтер арқылы көңіл-күйін көрсетеді).

Мадақтау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.