Мұратбек Айнұр
Ақмола облысы
Ақкөл ауданы Азат ауылы
Азат ауылы жанындағы
жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Көрнекі іс-əрекеттік, сөздік-логикалық əрекеттерін дамыту, ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, топпен жұмыс жасауда ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, белсенділікке тəрбиелеу.
Сайыстың жүру барысы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сыныбымызда өткелі отырған «Тапқыр болсаң, тауып көр!» сайысымызға қош келдіңіздер!
Бəйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тəрбие тəлім таба ма? — деп сыныбымызды 3 топқа бөліп алайық.
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба орта жолда қалыспа
Əділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс, мəре жақын ба əлде алыс па? — деп бүгінгі сайысымыздың əділқазыларымен таныс болайық.
1-айналым. Таныстыру
І топ «Талап»
Ұраны:
Жас ұрпақпыз талапты,
Жақсы оқимыз сабақты
ІІ топ «Білгірлер»
Алға қарай самғаймыз,
Қарсыластан қалмаймыз!
ІІІ топ «Алғырлар»
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды
Қабылдаңыз шын жүрекпен,
Сəлем сізге жалынды!
2-айналым. «Сөз ойла, тез ойла» деп аталады.
3 топқа бірдей сөз беріледі. Сол сөзден бірнеше сөз құрайды. «Қазақстан» сөзінен қай топ көп сөз ойлап табады екен?
Мысалы, қаз, қазақ….
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер — деп 3 айналымға да келіп қалдық.
3-айналым «Көсемдікке ұмтылу».
Əр топқа 2 минут уақыт беріледі. 10 сұраққа жауап беру. Сұрақтар слайдта беріледі.
І топқа сұрақтар:
- Біз тұратын мемлекет қалай аталады ?
- ҚР рəміздерін ата
- 1 жылда неше ай бар ?
- 6+4=?
- У дыбысы дауысты болады, егер…?
- «Керемет» сөзінде неше буын бар?
- 10 санының көршілерін ата
- Қазақ əліпбиінде неше əріп бар?
- Үшбұрышта неше бұрыш бар?
- Төменде үш қаз ұшады,
Үшеуі бұлтты құшады.
Өзеннен көрдік екеуін
Айтшы, қаз нешеу екенін? 8
ІІ топқа сұрақтар:
- ҚР мемлекеттік тілі қай тіл?
- ҚР Президенті кім ?
- Неше жыл мезгілі бар?
- 2+7=?
- У дыбысы дауыссыз болады, егер…?
- «Оқымысты» сөзінде неше буын бар?/4 буын/
- 7 санының көршілерін ата /6, 8/
- Қазақ тіліндегі жуан дауысты дыбыстарды ата /а,о, ұ, ы/
- Төртбұрышта неше бұрыш бар? /4/
- Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қоян, бір түлкі —
Бəрі нешеу кім білді ?/8/
ІІІ топқа сұрақтар:
- Еліміздің астанасы қай қала?/Нұр-Сұлтан/
- ҚР туының туында не бейнеленген? /қыран құс, күн, ұлттық ою/
- 1 аптада неше күн бар?/жеті/
- 10-7=?
- «Тау» сөзінде у дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? /дауыссыз/
- «Көкжиек» сөзінде неше буын бар?/3 буын/
- 5 санының көршілерін ата /4,6/
- Қазақ тіліндегі жіңішке дауысты дыбыстарды ата / ә,е,ү,і,ө/
- Қосарлы дауысты дыбыстарды ата /ё,ю,я/
- Зауза қоңыз болған екен,
Бұта түбін қылған мекен.
Ұл мен қызы, əке, шеше,-
Сонда қоңыз екен неше ?/5/
4-айналым «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Жұмбақтар сайысы. Сөзжұмбақ шешу.
Оқушылар шешуін тауып жауап береді.
І топқа :
Өзі арық, Сөзі əріп (қалам)
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады (қоңырау)
ІІ топқа:
Ұшымен қазық, Тор көзді жазық.
Үстіне өттім, Асыл сөз жазып (дəптер)
Білімнің дəнін тереді,
Балаға тəлім береді (мұғалім)
ІІІ топқа:
Қабы сояу, Діңі бояу (қарындаш)
Тілі жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде (қалам)
Сөзжұмбақ шешу.
- Друг
- Десять
- Класс
- Дедушка
- Умный
- Первый
5-айналым «Ойлы болсаң, ойлап көр»
Мақалдардың дұрыс нұсқасын тауып, қиындылардан мақал құрау.
1-топ: Кітап — (білім) бұлағы.
Ас атасы — (нан)
2-топ: Өнер алды — (қызыл) тіл.
Ер қанаты — (ат)
3-топ: Тіл қаруы — сөз,
Сөз қаруы – (ой).
Кітап — (алтын) қазына
6-айналым «Білімді болсаң, байқап көр»
Топ басшыларымен сайыс. Ребус шешу
Жауаптары: қуыршақ, қолғап, жүз екі.
Əділқазылар ұпай санын есептегенше, əр топта оқушылар еркін тақырыпта сурет салу.
Қорытындылау.
Əділқазыларға сөз.
Байтақ дала жерім менің,
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің! — егеменді еліміздің білімді де саналы ұрпағы болайық!