Home » Мақалалар » Жалпы білім беретін мектептерде робототехниканы оқытудың маңызы

Жалпы білім беретін мектептерде робототехниканы оқытудың маңызы

Сабигат Айымгуль
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Қоянды орта мектебінің
информатика пәні мұғалім

        «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ», — деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі біздің жағдайымызды айтқан болатын. Расында, қазір кез-келген салаға үңілсек, олардың компьютермен немесе заманауи технологиялармен жабдықталғанын байқаймыз. Ендігі кезек қазіргі жастарда, яғни бізде. Біз  де еліміздің кемел келешегі үшін, дамыған елдермен терезесі тең түскен еліміздің өркениетін, экономикасын одан әрі дамытып, әлемнің ірі державаларының бірі атануы үшін барынша өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Қазақстанда роботтардың басым бөлігі өндірістік роботтар. Атап айтқанда машина жасау саласында, кітап шығару, текстил өндіру, кондитер өнімдерін шығару, сусындар шығару саласында және т.с.с. салаларда өндірістік роботтар кеңінен қолданылады. 2025 жылға дейін роботты техника 10,4% орташа жылдық өсу қарқыны болжануда. Роботтар білім беру және тәрбиелеу, ойын-сауық, қауіпсіздік, тазалау және басқа да тұрмыстық мақсаттар үшін әзірленетін болады.

Қазіргі уақытта өнеркәсіптің және өндірістің барлық салаларында робототехникалық жүйелер қолданылады. Олар өндірісте, соның ішінде машина жасау саласында кең қолданыс тапқан.

Робототехника – ғылым мен техниканың роботтар мен робототехникалық жүйелерді жасауға байланысты саласының бірі болып табылады. Бұл ғылым, механика мен кибернетика ғылымдарының негізінде жаңа сала болып анықталады. Бұл ғылымның зерттелетін негізгі объектілерінің бірі болып адамның интеллектуалдық және қозғалыс функцияларын орындайтын әмбебап автомат – робот болып саналады. Механика мен электрониканың қосылған облысында жетістіктерге жеткен нәтижелері бойынша жаңа техниканың өкілдері – роботтар болып табылады.

Робототехника қазіргі кезде мектептегі барлық пәндерді біріктіретін (жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша– математика, физика, информатика, биология, химия пәндері– тікелей, қалған пәндер – жанама) бағыт болып табылады, инженерлік –техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру және танымдық қабілеттілігін арттыру қызметін атқарады.

Робототехника негіздерін оқу бастауыш мектептерде қосымша білім беруге, сондай-ақ бейіналды даярлықты ұйымдастыруда элективті курс және жоғары мектептерде бейіндік оқытуға негізделеді. Мектептерде робототехника негіздерін оқыту білім алушылардың сыни ойлау қабілетін және практикалық тапсырмаларды орындау қабілеттілігін арттырады сондай-ақ бұл жастарды ғылым, технология, математика, шығармашылық қабілеттің дамуы арқылы, жағдайға анализ жасау арқылы жаңашылдыққа шабыттандыратын білім беру ортасы болып табылады. Білім беру саласындағы роботтар білім алушылардың жұмыс кезіндегі өзіндік ұстанымның қалыптасуы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы, техникалық және инженерлік қабілеттерін қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады.

Қазіргі уақытта білім алушылар мектептерде робототехникамен сабақтан тыс кезде және таңдау курстарында шұғылдана алады. Бұндай сабақтарда жарысатын бағыт басым болады. Дәлірек айтқанда жарысатын компонент айқын түрде қатысады. Білімділік бағыты жанама түрде тек техникалық бағытпен айқындалады. Әр-түрлі болатын жарыстарда роботтарды ойлап табу және құрастыру, өз бетімен дизайнын өңдеу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырады. Бұл жерде оқытушы кеңесші ретінде және роботты құрастыру, бағдарламалау және жобалау кезінде негізгі білім беруші ретінде болады.

Білім беру орындарында робототехникаға көп көңіл бөлінуіне қарамастан, мектептердегі робототехниканың кең таралуына қарамастан, біріңғай оқыту әдістері немесе орталықтандырылған әдістемелік көмек және білім беру үрдісінде ортақ іс – әрекет толық қарастырылмаған.

Робототехниканы үш бағытқа бөлуге болады:

  • білімділік;
  • жарысатын;
  • шығармашылық.

Білім берудегі роботтар мүмкіндік береді:

  • білім алушылардың инженерлік мәдениет саласында негізгі түсініктерін қалыптастыру;
  • білім алушылардың жаратылыстану және нақты ғылымдар саласына қызығушылығын арттыру;
  • қолданбалы тапсырмаларды орындауда стандартты емес ойлауын дамыту, сондай-ақ іздеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады;
  • білім берудегі үрдісіндегі робототехника бойынша тапсырмаларды орындау, математика, информатика, физика, химия, биология пәндеріне танымдық қызығушылығын арттыру және инженерлік мамандықтарды оқуда ынтасын арттыру;
  • роботтарды құрастыру және бағдарламалау кезінде жеткіншектердің және жасөспірімдердің шығармашылық мүмкіндігін арттыру.

Робототехника негізгі білім беру бағдарламасына кірмегендіктен, ол өзінің ішкі жиынтықтары бар қосымша білім беру болып табылады.

Бұл жерде «Информатика» инновациялық ғылымы бірінші кезекте тұрады және ол бірқалыптықайта жаңғыртуды қажет етеді. Білім беру үрдісінде роботтарды қолдану кезінде білім алушылар білімділік, жасай алушылық қабілеттерін, дағдыларын және іс-әрекеттәсілдерін меңгере алады.

Білім берудегі роботтар бойынша сұрақтар, тапсырмалар информатика пәнімен байланысты болған соң, «Информатика» пәніне робототехника курсын біріктіру мүмкін болып табылады. «Алгоритмдеу және бағдарламалау», «Модельдеу және рәсімдеу», «Ақпараттық технологиялар» білім берудегі роботтар саласымен тығыз байланысты.

Білім алушылар жобаларды орындау кезінде немесе сабақтан тыс іс-әрекеттерді орындау кезінде барлық негізгі механизмдер, құрастыру идеялары және бағдарламалау әдістері осы жобаның барысында оқытылуы және қалыптастырылуы керек. Бұл жобалар практикалық, бақылау және жобалық шаралар негізінде қызмет етеді.

Робототехника мектептерде оқушыларға 21 ғасыр технологиясын көрсетеді, оқушылардың коммуникациялық белсенділігін көтереді, оқуға деген ынтасын арттырады, шығармашылық қабілеттері дамиды және ой-өрісін кеңейтеді. Сондықтанда жалпы білім беретін мектептерде робототехниканы оқытудың маңызы зор деп ойлаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.