Home » Мақалалар » Бастауыш сыныптың оқу үрдісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалану

Бастауыш сыныптың оқу үрдісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалану

Қазіргі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Білім берудің қазіргі кездегі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу.

Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымы, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдер нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет.

Бүгінгі күні бастауыш мектептің оқу-үрдісіне, тәрбиесіне қойылатын талаптар даму процесінен өтуде. Мұғалімдердің дайындығына, кәсіптік шеберлігіне қойылатын талаптар өзгеру үстінде. Осыған байланысты мұғалім оқу-тәрбие үрдісін интерактивті технологияға негіздей отырып ұйымдастырған жөн.

Қолданыстағы оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдері мектептегі жаңарту, жаңару үрдісін қызу қолданып, оларды тәжірибеде пайдалануда үлкен белсенділік танытуда.

Оқушылардың ақпараттық сауаттылығы компьютердің қолдану саласын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосып, керегін алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, талдауға, сурет салуға пайдалануға үйренеді. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсіну ортасында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың түрлеріне көтереді.

Online оқытудың ofline оқыту әдісінен айырмашылығы көп емес. Ең алдымен, кез келген сабақтың белгілі бір мақсатқа және нәтижеге жететін нақты жоспары, құрылымы болуы керек. Мұның бәрі де оқушыға материалды жақсы меңгерулеріне көмектеседі және өз білетіндері мен сәйкестендіруге септігін тигізеді.

Білім берудің озық технологияларын меңгеру қазіргі заманның басты талабы. Шығармашылықпен жұмыс істеу, үздіксіз іздену арқылы мұғалім өз шеберлігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірбиені меңгеру, игеру. Сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ – ұстаздың еңбегінің айғағы.

Білім – әрбір оқушының бағындыратын шыңы. Осы мақсатта педагогикалық технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалануға тырысу қажет.

Қазіргі уақытта, оқытудың басты мақсаты – өз бетінше дами алатын, жеке шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан оқушыларға өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын үйрету керек. Сондықтан жаңартылған технологиялардың элементтерін пайдалану – әр мұғалім үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.

А.К. Мыкышева
№34 ЖББМ КММ
бастауыш сынып мұғалімі,
Қарағанды қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.