Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Тәуелсіздік жылдарында көп жетістікке қол жеткіздік,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің 1000 университеті қатысқан QS «World University Rankings» халықаралық рейтингінде әлемнің 210 үздік әлемдік университеттер және 50 ең технологиялық дамыған әлем университеттер қатарына кірді Орталық Азия аймағындағы жалғыз университет. Тек қана ТТМ-ді елдерінен екі университет кірді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ломоносов атындағы ММУ. Сонымен қатар «ҚазҰУ — тәуелсіз ұлттық ЖОО рейтингінің абсолюттік үздігі» және «ҚазҰУ түлектерді жұмысқа орналастыру рейтингісінің үздігі» атанып отыр .
Біліктілігі жоғары, тәжірибелік құзіреттілікке ие мамандарды даярлаудың бір жолы – кәсіпорындарда тек өндірістік практиканы ғана өткізіп қоймай, кәсіпорынмен бірлесіп сабақ – өндірістік практика, зертханалық жұмыстар, ғылыми жұмыстар жүргізу.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетінде осындай тәжірибе орын алуда. Практикалық, ғылыми бағыттары толық қалыптасқан кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатқан өзіндік тарихы мен жетістігі бар бұл факультетте де бакалавр, магистр және PhD-докторанттарды жоғары деңгейде дайындайды.
Бакалавр, магистранттар, өз ғылыми жұмыстарын жүзеге асыру үшін ЖШС «Goldman and Young» «Орталық Азия экологиясы мен қоршаған ортаның ғылыми зерттеу орталығы» ЖШС (Алматы) Сынақ зертханасы «Analytical Complex International Laboratory» , ЖШС «Еркін талғам» ЖШС кәсіпорындарымен келісім шарт бар.
«Орталық Азия экологиясы мен қоршаған ортаның ғылыми зерттеу орталығы» ЖШС (Алматы) Сынақ зертханасы «Analytical Complex International Laboratory» , ЖШС «Еркін талғам» өндірістік практика өтип студенттер көп әдістерді үйренді.
Кафедра оқытушыларымен ( доценттер Оспанова Ж.Б., Кумаргалиева С.Ш., Есимова О.А,) бірге ЖШС «Goldman and Young» кәсіпорнында магистранттармен экскурсия ұйымдастырып, семинарлық сабақ өткізді. «Goldman and Young» компаниясы косметикалық (мысалы, «Утя» кремі) және жуғыш (мысалы, «Принцессы» шампуні) өнімдерді шығарумен айналысады. Кездесу барысында кәсіпорынның операциялық директоры Никулина Елена жуғыш және косметикалық заттарды өндірудегі негізгі процестермен (шикізатты қабылдап, сапасын тексеру; композицияны дайындау; дайын өнімді құю, қаптау және т.б.) таныстырды. Магистранттарға ғылыми жұмыстарын бағыт бағдарлама беріп, дәстүрлі рецептуралармен таныстырды. Кәсіпорындармен осындай байланыс жүргізілген жұмыс нәтижесі студенттердің құзіреттілігін арттырып, технологияларды әзірлеп, біліктілігі жоғары мамандарды даярлауға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
әль- Фараби атындағы ҚазҰУ,
химия және химиялық технология
факультетінің доценттері.
О.А. Есимова., С.Ш. Құмарғалиева