Home » Балабақша » Ертегілер еліне саяхат

Ертегілер еліне саяхат

Алматы қаласы,  Алатау ауданы
МКҚК «№164 бөбекжай- балабақшасы»
Кіші топ тәрбиешісі
Акимбекова Ляззат Баккельдиевна

 

«Ертегілер еліне саяхат»
Тақырыбы:«Ертегілер еліне саяхат »
Мақсаты:  Балалардың үйлесімді сөйлеуін қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Міндеті:
1) Білімділік:
«Бауырсақ» ертегісі туралы білімдерін бекіту;
балалардың сөйлеу сөздерін құрастыру дағдыларын бекіту, сын есімдерге антонимдерді таңдау мүмкіндігі; кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсіну және бағалау қабілетін қалыптастыру; жалпылама мағынасы бар зат есімдерді қолдану дағдысын қалыптастыру (жиһаз, көкөністер, жануарлар және т.б.).
3) Тәрбиелік:
ынтымақтастық пен қайырымдылықтың әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын, мейірімділік, достық, өзара көмек туралы түсініктерді тәрбиелеу;
қоғамдағы қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне таныстыру.
Көрнекі құралдар:
Бауырсақ, Қоян, Түлкі, Қасқыр, Аю;
Бауырсақ» ертегісіне сай суреттер, тапсырмалары бар конверттер.
Оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші: Қайырлы күн,балалар! Менің көңіл -күйім жақсы,мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Мен өзімдің көңіл-күйімді сендермен бөліскім келеді. Оқу қызметіне  бейімделу үшін бір-бірімізге күлімсіреп, алақанымызды көршіміздің алақанына тигізіп жақсы көңіл-күй тілейік .
Балалар, сендер ертегіні ұнатасындарма? Ертегіні сендерге кім оқып береді? Сендер ертегі әлемінде болғыларын келе ме?
Мен балаларға ертегіге саяхатқа баруды ұсынамын.Балалар тақпақты айтып,қимылдар  орындай отырып жүреді.

Біз кішкентай балдырған,
Сескенбейміз жаңбырдан.
Төбемізде қол шатыр,
Алдымызда жол жатыр.
Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы, біз ғажайып алаңға тап болдық.
Сендер кімді және нені көріп тұрсыңдер? (Балалардың жауабы)
Тәрбиеші:: Дұрыс айтасыңдер,біз ертегі әлеміне тап болдық. Бірақ қай ертегі бұл?
Есімізге түсірейікші,қай ертегіде ата мен әжей бар еді?
(«Түлкі мен қасқыр», «Шұбар тауық», «Алтын балық», «Бауырсақ», «Шалқан».)
Тәрбиеші:Жарайсындер,балалар!Сендер көп ертегі біледі екенсіндер!Ал біз қай ертегіге тап болғанымызды білу үшін жұмбақтың жауабын табуларын керек:
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан.
Дұрыс таптыңдар,балалар. Біз «Бауырсақ» ертегісіне тап болдық.
Балалар, біздің Бауырсақ, неге көңілсіз. Неліктен ол соншалықты көңілсіз  деп ойлайсыңдар? (балалардың жауаптары).
– Әрине, ол көңілсіз, өйткені ол кездестіргендердің бәрі оны жегісі келді. Естеріңде барма, орманда Бауырсақ  кімдерді кездестірді? (Балалардың жауаптары).
— Ол атасы мен әжесінен қашқан кезде Бауырсақ тіл алғыш болды ма, жоқ па, не  деп ойлайсыңдар?
— Неліктен Бауырсақ мұндай қиындықтарға тап болды?
— Балалар ересектерсіз жүруге бола ма? Неліктен? Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлесуге бола ма?
Балалар, қиындықтардан аулақ болу үшін Бауырсақ не істеуі керек деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауаптары)
Біз ертегі кейіпкерлеріне барамыз және олардың тапсырмаларын орындаймыз. Әрбір дұрыс орындалған тапсырма үшін олар бізге пазлдың  бір бөлігін береді. Онда не болғанын біз оқу қызметінің соңында көреміз.
Міне, Бауырсақ домалап кетті …(балалар шеңберде тұрып, Бауырсақты бір-біріне өткізеді, Бауырсақ  тәрбиешінің алдына келгенде  кейіпкер туралы жұмбақ жасырады)
Сылдырдан қорқады,
Дұрыс таптыңдар,бұл жұмбақтың жауабы-қоян. (Конверттен тапсырманы алу)
— Қоян бізге тапсырма берді: оған қарама-қарсы мағынасы бар сөздерді таңдауға көмектескенімізді қалайды.
Д/О «Керісінше ата» (антонимдерді таңдау)
* Жұмсақ-қатты;
* Тәтті-ащы;
* Қалың-жұқа;
* Ұзын-қысқа;
* Көңілді-қайғылы;
* Ауыр-жеңіл;
* Жоғары-төмен;
* Ыстық-суық;
* Науқас-сау.
– Жарайсыңдар,балалар, барлығын дұрыс айттыңдар, Қоян Бауырсақты жемеді, ол Бауырсаққа пазлдың бір бөлігін берді.
Біздің Бауырсақ әрі қарай домалап кетті.
Сұрғылт тартқан түсi бар.
Ақсиған көп тiсi бар
Тыным таппай жүгiрiп,
Сiлекейi шұбырған,
Қыстау маңын ториды,
Ауылдыұң өш бар итi.    (Қасқыр) (Конверт ішіндегі тапсырма).
Қасқыр да  тапсырма берді. Орындауға тырысайық.
Д/О «Бір сөзбен ата»
* Қайың-шырша-емен; (ағаштар)
* Сиыр-қасқыр-жылқы-аю; (Жануарлар)
* Табақ-шанышқы-шыны-табақ; (ыдыс-аяқ)
* Қарлығаш-торғай-қарға; (құстар)
* Үстел-кресло-шкаф-диван; (жиһаз)
* Қызғалдақ-раушан-бәйшешек (гүлдер)
Сендер қасқырдың да тапсырмасын орындадыңдар! Жарайсыңдар! (тағы бір пазл береді)
Бауырсақ  әрі қарай домалап кетті(доп шеңберде). Ал оған қарай…
Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп-кішкентай арадан
Үп-үлкен боп қорқоды.
(Аю)
Аю да тапсырма берді: ол сендермен  жаттығуларды орындауды қалайды!
Сергіту сәті
Бармақ болып жұмысқа,
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.
Бауырсақ  әрі қарай домалап кетті(доп шеңберде). Ал оған қарай…
Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын?    (Түлкi)
– Балалар,түлкі Бауырсақты  жегісі кеп тұр, бірақ біз түлкінің тапсырмасын орындап Бауырсақты құтқарамыз(тапсырманы оқу).
Түлкі өте сыпайы,ол ол сыпайы сөздерді ұнатады.
Д/О «Төлін тап»
Сиыр-бұзау
Қой-қошақан
Ешкі-лақ
Жылқы- құлыншақ
Түйе-ботақан
Аю-қонжық
Балалар, Түлкі бізді қойып жібергісі келмейді ,ол бізбен ойнағысы келеді.
Ойнаймыз ба? (Балалар жауабы)
Доппен ойын  «Сөз айт»
Балалар шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші кезекпе -кезек допты лақтырып сұрақ қояды.
Үкі ұшады, ал қоян….?
Сиырда бұзау, ал түлкіде … ?
Қоян сәбізді жейді, ал маймыл…?
Кітап қағаздан,ал стақан ….?
Аю апанда тұрады, ал тиын … .?
Түлкіге бізбен ойнаған ұнады,ол бізге соңғы пазлды берді.
Енді тақтада пазлды жинаймыз.
– Балалар, Бауырсақтың көңіл-күйі жақсарды,қалай ойлайсыңдер Бауырсақ не үшін қуанды? (Балалар жауабы).
— Біз Бауырсаққа көмектестік, сапарымыз аяқталды және ендеше балабақшаға оралуымыз керек.
Қорытынды
— Сендерге ертегіге саяхат ұнады ма? Бауырсақтың көңіл-күйі сияқты сендердің де көңіл-күйлерің жақсыланды ма ?
— Бәрінен бұрын не есте қалды?
— Кімнің тапсырмасын орындау қызықты болды?

Сендер бүгін көптеген игі істер жасадыңдар. «Алақандарыңдағы ұя»ны  ашып, мейірімдеріңді ауаға шығарыңдар. Мейрімдерің  бізге, қонақтарымызға, қалаға, Отанымызға, жер планетамызға ұшып кетсін. Бүкіл әлем сендердің мейірімдеріңмен жақсы болсын.

55 комментариев

  1. Керемет Лаззат алға

  2. Жарайсың Ляззат

  3. Айша бибі

    Өте танымды

  4. Керемет сабак болды!!!Балаларга алар нарсе коп болды!!!Керемет Ляззат ✊😎

  5. Балалар жақсы көретін тақырыптардың бірі, ұнайды өте. Еңбегіңіз бағалануын.

  6. Жарайсыз, Ляззат апай👏🏻Еңбегіңіз бағалана берсін!!!

  7. Керемет тек қана алға!

  8. Зауре Жайлаубаевна

    Жарайсыз Ляззат Баккельдиевна. Балалардың зейінін аша беріңіз. Шығармашылығыңыз шыңдала берсін

  9. Өте керемет маған ұнады !

  10. Тамаша !! Білікті мамандар көбейе берсін

  11. Бахытжанова Құндыз

    Керемет!!
    Балалық шақтың бал дәмі- ертегіден басталары сөзсіз соның бірі бауырсақ ертегісі. Керемет тақырып. Жарайсыз !!! Тек алға

  12. Рыскелді

    Тамаша! Оте білікті маман!

  13. Керемет.Біліктілігіңіз арта берсін.

  14. Жарайсыз тек биік белестен көріне берініз👏👏

  15. Ең керемет апай! Ляззат апай тек алға. Сәттілік еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Баламенде ата анаменде өте жақсы қарым қатынас жасайды!

  16. Балаларга арналган керемет такырып! Енбегин багаланып,бииктерден корине бер!

  17. bortaevaalia692@gmail.com

  18. Akimbekovatamara@gmail.com

  19. akimbekovamadina965@gmail.com

  20. Лаззат тек алга жетистиктерге жете бер биік шындарга жете бер

  21. Лаззат тек алга жетистиктерге жете бер биік шындарга жете бер

  22. Тамарааа

    Лаззат тек алга жетистиктерге жете бер биік шындарга жете бер

  23. Керемет мақала ұстаз болғансоң осындай болу керек керемет

  24. Жарайсыз!

  25. Бибинур

    Керемет 👍👍👍

  26. Мадина .

    Тек алға ! Тек биіктерден корине бер .

  27. Бибинур

    Жарайсыз еңбегіңіз еселенсін! Сіздей ұстаздардың барында балапандарымызды сеніммен тапсырамыз! Балалардың білімін шыңдап, бар еңбегін береді!

  28. Гулжайна Сагынгалиевна

    Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Биіктерден көріне беріңіз❤️

  29. Керемет! Ісіңіз алға бассын!

  30. Кулсынай

    Жарайсыз Лаззат еңбегіңіз жаңа берсің, білімді шәкірттерді тәрбиелеп жаңашыл ұстаз, тәрбеші атана беріңіз, шәкірттеріңіз тек білімді ұрпақ болып өсе берсін чіз сияқты білімді азаматшаларымыз Қазақстан атын шығара берсін👍👍👍👍👍👍💐💐💐💐💐💐

  31. Назерке

    Керемет тек алға, еңбегіңіз жана берсін.💥💥💥💯💯💯💯

  32. Лаззат апай сизге коп Рахмет, енбегиниз балагана берсин, Лаззат апайымызды жаксы коремиз оте балажан! Сиздерди жаксы коремиз!🙏енбегиниздин жемисин кориниз!

  33. Куралай

    Лаззат апай балалардың зейінін ашуда, сөздік қорын дамытуда, бейнелі ойлауына әсер етуде мына жобалық жұмысыңыз өте керемет құрал екен. Бүлдіршіндеріміздің бүкіл таным үрдісінің дамуына әсер ететіні жұмысыңыздан көрініп тұр. Сіздей ұшқыр ойлаушы тәрбиешілеріміз көп болсын! Сіз мықты тұлға, әрі шебер мамансыз!

  34. Баймешова Гулзинат

    Лаззат жұмысына сәттілік тілеймін, тек Алға,тек Жеңіс,тек мактаулар болсын.Білімді ұстаз болуына тілектеспің. 💐💐💐

  35. Эльнара

    Жарайсыз, өте керемет! Еңбегіңіз жана берсін! 😘👍💐

  36. Еңбегіңіз жана берсін өте керемет тәрбиешісіз

  37. Бимурзанова Алтынай

    Молодец,Жарайсың,биіктерден көріне бер👍

  38. Алтынай

    altynaibjimurzanova@gmail.com

  39. Бақыткелді

    Жарайсың! Өте керемет, биіктерден көрін!

  40. Өте керемет, еңбегіңнін жемісін көр!

  41. Жарайсың Ләззат! Керемет! Еңбегің жансын!

  42. Еңбегiңнiң жемiciн көр. Жарайсың өте керемет
    Тәрбишiсiз🥰🥰🥰

  43. Жарамсыз Ләззат тәте Еңбегіңіз жана берсін .

  44. Жарайсыз Лаззат тәте енбегіңіз жана бересіз

  45. Майгуль

    Жарайсыз Ляззат ханым! Еңбегіңіз жемісті болсын! Тәрбиелеп жатқан әр бүлдіршіндеріңіз биіктерді бағындырсын! Аллам әр ісіңізге берекет берсін!

  46. Айгерим

    Өте керемет👍😍

  47. Жарайсың Ляззат!

  48. Өте керемет. Жұмысыңа сәттілік тілеймін.

  49. Еңбегіңіз жана берсін👍🏻

  50. Ләззат еңбекте табысты бол! Шығармашылық табыс тілеймін

  51. Гулдархан

    Жарайсын, Лаззат!

  52. Ляззат апай куштиииииииииииии!!!!!!!!!!!!

  53. Әкітхан

    Бауырсақ деген біздің балалық шақтағы жақсы ертегі.Керемет жазылған,алға Ләззәт.Биіктерден көріне бер.

  54. Бақыт Аяла Айболқызы

    Бауырсақ ертегі менің сүйікті ертегім.Еңбегіңіз жемісті болсын.

  55. Тамаша, енбегиниз жемисти болсын

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.