Home » Мақалалар » Мәтін әлемінде

Мәтін әлемінде


Кадырбаева Сауле Тюлебаевна

Астана қаласы  М.Дулатұлы  атындағы
№68  мектеп –гимназиясының 
бастауыш  сынып  мұғалімі,
педагог- зерттеуші

Галимова Асия Алимовна
Астана қаласы  М.Дулатұлы  атындағы
№68  мектеп –гимназиясының 
бастауыш  сынып  мұғалімі,
педагог- зерттеуші

Мәтін әлемінде

Оқушыны сөйлеудің жазба түріне үйрету жолын қарастырғанда сөйлеу үдерісінің нәтижесі болып саналатын мәтін құрудың еркешелігін оқытудың маңызы зор. Өйткені, байланыстырып жазуға үйретуде оқушыларға сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисін білу жеткіліксіз. Олай дейтініміз, өз ойын айту немесе жазу жеке сөйлемдерден ғана тұрмайды, ол бір –бірімен логикалық және грамматикалық байланысқа түскен сөйлемдер бірлігі болып табылатын тұтас мәтіннен тұрады.

Мәтіннің құрылу шарттары арқылы мұғалім: сыртқы тұлғалық байланыстарға, белгілі бір ішкі  мазмұнға ие болуы, аяқталғандығы, қарым- қатынас жасауды іске асыру мүмкіндігіне ие болуы» деген анықтама береді.

Н. Құрманова «Текст теориясы мен әдістемесі» еңбегінде «Оқушыны мәтін құрастыруға үйрету үшін мәтіннің құрылымдық ерекшелгі мен ішкі  және сыртқы байланыстарға негізделіп құрылатын таныту керек» деп жазады.

Мұғалім мәтін құрастырудың алғашқы кезеңінде белгілі бір тақырып бойынша оқушыларды ойға түйгенін жазу қажетттілігінен  туындаған себептерін   байқайды.  Бұл қажеттілік жазатын сөйлемді іштей сөйлеу арқылы құрастырумен ұштастырылады. Одан кейін ішкі сөйленіс механизмдерінің көмегімен ой синтаксистік құрылымға түсіріліп, қағаз бетіне жазылады, жазылғанын тексереді.

Мәтіннің мағыналық құрылым ерекшелігін таныту, мәтін жайлы теориялық және тәжірибелік білімді меңгерту мәтіннің байланыстылық, тұтастық және бөлікке бөлінушілік сияқты негізгі белгілерін оқытумен қатар жүргізіледі.

Мәтінмен жұмыс оқушыларды тіл заңдылықтарын қолдана білуге, ауызекі және жазбаша сөйлеу біліктіліктерін тиімді меңгеруге үйретеді. Сөздің құдіретін, сөйлеудегі керемет сезім тіршілігін сезініп, ана тілінің жұмбақ сырларын біліп, сөйлеу өнерін игеруге талпындырады, оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейтіп, басқалармен қарым-қатынас кезінде өздерін еркін ұстауға үйретеді. Оқушыны жан-жақты жетілген, өз бетімен әрекет ете алатын, шығармашыл-ізденімпаз тұлға болып қалыптасуына  жағдай жасайды.

Оқушы тілін дамытуға мәтіндердің атқаратын қызметі өте күшті. Мәтін оқушыға білім береді, мәтін-оқушыны оқуға үйретудің құралы, ол ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге үйретеді. Мәтін осы қызметтерді толық атқару үшін, оған төмендегі талаптар қойылады.
Мәтін оқушының жас ерекшелігіне, түсінігіне сәйкес болуы керек. Мәтін әр сыныптағы оқушының жас ерекшелігіне, біліміне, түсінігіне сай алынады. Осымен байланысты әр сыныпта оқытылатын мәтін әр түрлі деңгейде болады.
Мәттің мазмұныны әр сыныптың оқушысының білім деңгейіне, дүние танымына сай болуы қажет. Оқушыға таныс емес, оқушы түсінбейтіндей қиын мазмұнды мәтін алынбауы, оқуға берілмегені дұрыс.
Мәтіндердің мазмұны оқушыны қызықтыратындай болуы қажет. Оқушыны қызықтыратын мәтіндерді оқушыны жақсы меңгереді.
Мәтіндердің тәрбиелік мәні болуға тиіс. Оқушыны достыққа,бірлікке, адамгершілікке тәрбиелейтін мәтіндердің мәні күшті.
Мәтіндер қазақ халқының мәдениетімен, әдет — ғұрыптармен,ұлттық мерекелермен, жетістіктермен оқушыларды таныстыру қызмет атқарады. Ол халықты сыйлауға, тәрбиелеуге қажет.
Мәтіннің мазмұнына баланысты сұрақтарға жауапты жазбаша түрде жүргізу арқылы оқушының жазбаша тілін дамытуға болады. Мәтін бойынша ауызша тіл дамытуға жүргізілетін жұмыстардың бәрі жазбаша да жүргізіледі.

Мәтінмен жұмыс  ұғымдарды, мақал-мәтелдер мен даналық сөздерді өмірде өзі үшін пайдалануды;  мәтіннің негізгі ойын саралауды, мәтін бойынша өз ойын анық және нақты жеткізе алуды, мәтінді талдауды, мәтін мазмұнын салыстыруды, өмірімен байланыстыра алуды жүзеге асырады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.