Home » Мақалалар » [с],[с’], [з], [з’] оқшауланған дыбыстарын буындарда және сөздерде саралау

[с],[с’], [з], [з’] оқшауланған дыбыстарын буындарда және сөздерде саралау

 Райымканова Перизат Райымкановна
 Алматы қаласы білім басқармасы
КМҚК «№63 бөбекжай балабақша»
меңгерушісі м.а.

«[с],[с’], [з], [з’] оқшауланған дыбыстарын буындарда және сөздерде саралау»

Алматы қаласы Жетісу ауданы  №63 бөбекжай балабақшасында 16 ақпан күні логопед мамандарға арналған аудандық  семинар өткізілді. Семинар барысында логопедия мәселесіне байланысты бірқатар мәселелер айтылды. Соның ішінде  «[с],[с’], [з], [з’] оқшауланған дыбыстарын буындарда және жеке сөздерде дұрыс айтылуын қадағалау.

Тақырыбы:  «[с],[с’], [з], [з’] оқшауланған дыбыстарын буындарда және сөздерде саралау»

Мақсаты: Балаларға  [с],[с’], [з], [з’] оқшауланған дыбыстарды сөздерде және буын арасында дыбысталуын үйрету және қатаң-ұян, жуан-жіңішке болып бөлінуін саралауға көмектесу.

Қазіргі заманның ерекшелігі қоршаған ортаның қарқынды өзгермелі болуында. Орын алып жатқан өзгерістер бұрын-соңды болғандарға мүлдем ұқсамайды, ол адамзаттың өмір сүру саласының барлық деңгейіне өз ықпалын тигізуде. Бұл өзгерістердің негізгі сипаты — үздіксіздік, үдемелілік, жылдамдық және жаһандық.  Аталған факторлардың барлығы қазіргі үздіксіз білім беру саласына, соның ішінде оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне үлкен талаптар жүктеп отырғаны белгілі. Жаһандық инфрақұрылымның жедел дамуы өз кезегінде бала тәрбиесіне де әсерін тигізуде. Ақпараттық кеңістікте өмір сүрген ата-ана мен бала бүгінде цифрлық технологияның құралдарына тәуелді.

Ұялы телефон мен смортфондар, гаджеттер цифрлық коммуникацияның үлкен жетістігі болғанмен балалар тілінің дамуына кері ықпалын тигізуде. Ата-ананың әлеуметтік желіде көп уақытын өткізуі, баламен қарым-қатынасты тежеуі баланың психологиялық, эмоционалды күйін тудырады. Осының салдарынан балалар тілінің кеш шығуы, дыбыстарды дұрыс айтпауы, дыбыстарды ажырата алмауы сияқты үрдістер пайда болуады. Қоршаған ортадағы құбылыстарды шынайы сезіну арқылы қабылдау баланың дүние танымын ашады және баланың айналадағы заттарға байланысты қызығушылық танытып, сұрақтар қоюы тілінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік болады.

ЮНЕСКО-ның зерттеулеріне сүйенетін болсақ, 3-5 жас аралағында балалардың 95% күніне 4 сағат телефонда отырады екен. Бұл баланың сөйлеу дағдысының артта қалуына түрткі болады. Отбасы, балабақша әлеуметтік институт ретінде баланың сөйлеу тілін дамытуға көп көңіл аударуы қажет. Қазақ фольклорының мұралары бала тілін дамытудың негізгі құралы болып табылады.

Бұл отбасы және балабақшадан басталуы қажет. Балабақшада баланың тілі, танымы, коммуникациялық дағдысы, шығармашылық әлеуеті қалыптасады.

Тіл – адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды.

Тілді дамыту отбасында, балабақшада жүзеге асады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрдастарымен   белсенді түрде сөздік қатынас жасайды.

Баланың ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту –  тәрбиешінің міндеті болып табылады.

Мектепке дейінгі білім беру — бұл жалпы мәдени, ұлттық құндылықтар негізінде балалардың үйлесімді дамуы, баланы жалпы орта білім берудің бастауыш сатысына дайындау, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылатын білім беру ұйымы.

Балабақша — балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді.

Ойлауды дамыту және сөйлеуді дамыту үдерісі басты орын алады. Әрине, баланың тек сөйлеуін ғана емес, тыңдау және есту қабілеттерін, әріп пен дыбыс айырмашылығын түсінуін, мазмұнын айтып, өз бетінше әңгіме құрастыра білуін дамыту да маңызды. Осы орайда дыбыстарды ажырату, оны сөйлем мен буындарда дұрыс қолдану маңызды.

Сөйлеу тілі, оның ішінде оның дыбыстық жағы туа біткен қабілет емес, онтогенез процесінде баланың физикалық және психикалық дамуымен қатар дамиды және оның жалпы дамуының көрсеткіші ретінде қызмет етеді. Барлық балаларда айтылымның дамуы мен қалыптасуы әр түрлі уақытта жүреді. Кейбір балалар белгілі бір кезеңде дыбыстардың көп санын және айқынырақ айтады, ал басқаларыныки анық емес.

Сөйлеу – адамзат баласына ғана тән ең маңызды психикалық функция. Сөйлеу арқылы қабылдау, қиял және есте сақтау секілді психикалық процестер қалыптасады. Л.С.Выготский «сөйлеу – ойлауды дамыту мен адамның «менін» қалыптастыратын негізгі фактор» -деп атап өткен болатын.

Сөйлеудің белгілі бір дәрежеде бұзылуы – баланың барлық психикалық дамуына әсер етеді. Сол себепті мұндай ерекшелігі балалармен жұмысты неғұрлым ерте бастаған абзал.

Балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық жағының даму заңдылықтарын білу дыбыстық айтылымның бұзылуын уақытында және дұрыс диагностикалау және сөйлеу патологиясын жеңу үшін барлық түзету және тәрбие жұмыстарын құру үшін қажет. Дыбыстың дұрыс айтылуы-бұл баланың әр сөйлеу дыбысын таза айтуы ғана емес, сонымен қатар буындар мен сөздердежі осы дыбыстардың тіркесу заңдылықтарын игеруі.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымау жағдайы сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың барлық аспектілерінің бұзылуымен сипатталады. Оның басты ерекшелігі — дыбыстық жағына (айтылуына) қатысты да, лексикалық және грамматикалық жағынан да проблемалардың болуы. Сонымен қатар жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларда есту және интеллектуалдық бұзылулар болмайды.

Дыбысты айту кемшіліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды түзету бойынша оқыту міндеттерінің бірі – дұрыс айтылымды қалыптастыру. Оған дыбысты айтудың артикуляциялық дағдылары, буын құрылымын, фонемалық есту мен қабылдауды жатқызуға болады. Бұл мәселені шешу түзету жұмыстары кезінде жеке және топтық сабақтарда жүзеге асырылады.

Сонымен қатар оқшауланған дыбыстарды сөздерде, буындарда, сөйлемдерде қолдануға және саралауға үйрету қажет. Логопедиялық жаттығулар барысында оқшауланған дыбыстарды үйрету үшін бірнеше тапсырмалар беріледі.  [с],[с’], [з], [з’] дыбыстарын есту арқылы ажыратады. Фонетикалық талдау арқылы қатаң, ұян, жуан және жіңішке дыбыстардың артикуляциялық айтылу жолдарын түсіндіреді.

Дыбыстық талдаудың негізгісі дыбыстарды дауысты — дауыссыз дыбыстар деп ажырату, естілуіне байланысты оқшауланған дыбыстарды саралау. Дауыссыз дыбыстардың дауыс ырғағына сәйкес қатаң-ұяң, жуан-жіңішке деп топтастыруға үйрету. Әріптердің дыбысталуын арттикуляциялық жаттығулар арқылы қайталау.

Дыбыстарды дұыс айтқызу барысында бірнеше заманауи әдістер қолдануға болады. Тілді созу, таңдайға соғу,  дыбыстарды айтып үйрену, ерінді созу және жинау артикуляциялық жаттығулар арқылы дамыту.

Арттикуляциялық гимнастика дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі. Сонымен қатар логопедиялық сабақта «Көңілді тіл» ертегісін қолдану балалардың қызығушылығын дамытады. «Көңілді тіл» ертегісінде адамның ауыз қуысында орналасқан ауыз мүшелерінің дыбыстық және артикуляциялық айтылымға қатысуын ертегі сюжеттері арқылы бейнелейді. Ерінге, тілге арналған жаттығуларды логопедттер өз тәжірибесінде жиі қолданады. «Доп қағу» ойындарында с, з дыбыстарынан басталатын сөздерді буынға бөліп оқуға болады. Бұл балалардың есте сақтау және айтылым қабілетін дамытады. Сөздік диктант тапсырмасында с, з дыбыстарынан басталған сөздерді көшіріп жазуға болады.

Дыбыстарды қайталату арқылы фонетикалық, фонемологиялық және артикуляциялық жаттығулар жасалады. Мысалы, с дыбысын қайталағанда артикуляциялық жаттығу қолдануға болады.   Оқыту процесінде [с],[с’], [з], [з’]

әртүрлі тапсырмалар жасату арқылы балалардың тілін дамытамыз. «Кім зейінді? ойын технологиясын қолдануға болады. Балалар «с» дыбысын естігенде алақанды бір рет соғады, ал «з» дыбысын естігенде алақанды екі рет соғады. Ойын технологиясы балалардың белсенділігін дамытады және дыбыстарды ажыратуға көмектеседі.

2-тапсырма Буынға ажырату жаттығуы. С-З ды дыбыстарын буында ажыратуға арналған тапсырма болып табылады. Мысалы:

Са-са-са -Сара
За-за-за- Зада
Сы-сы-сы- Сыбдыр
Зы-зы-зы- Зығыр
Осы дыбыстарды қайталау және бекіту барысында жаңылтпаш айтқызу маңызды. Ол баланың тілін дамытуға, есте сақтауға көмектеседі.
Ауыл маңы саз-саз
Жайылады қаз-қаз
Жем шашсан мәз-мәз
Тоймай қалса, қаз-қаз
Шашқан дәмін аз-аз
Баланың тілін дамытуда ойынның маңызы ерекше. Баланың қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын — мектепке дейінгі жастағы  бала қызметінің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі болып табылады.

Ойын балалар үшін сөйлеу дағдысын дамытудың тәсілі. Ойын кезінде бала өзін еркін ұстайды және айналасындағы достарымен сөйлеседі . Дидактикалық ойындар арқылы балалар қоршаған ортадағы заттармен танысып, қасиеті мен сапасын ажыратуға, әртүрлі құбылыстардың ерекшеліктерін білуге талпыныс жасайды, өзіне қажетті көптеген мәліметтер жинайды және олардың сөздік қорлары кеңейеді.

Оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастыру барысында грамматикалық ойындар қолданауға болады.  Ойын технологиясы баланың сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Әртүрлі грамматикалық тапсырмалар арқылы ойын сюжетін құруға болады.

Қорыта айтқанда балалардың тілін дамыту, фонетитикалық, артикуляциялық жаттығулар арқылы жүзеге асады. Логопедиялық жаттығулар, логопедиялық гимнастика жасату т.б. әдістер қолдану балалардың тілін дамытуға көмектеседі.
     

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары. http://oqu-zaman.kz/
  2. Р.И.Крымова Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру жолдары //Білім беру айнасы Нұр-Сұлтан, -2017
  3. Анализ современной системы дошкольных организаций в Республике Казахстан https://articlekz.com/article/5782

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.