Home » Мақалалар » Ұстаз – ұлт болашағының айнасы

Ұстаз – ұлт болашағының айнасы

Ұстаз — ұлы есім. Ұстаз дана адам, ол барлық оқушыларға пана бола білген кісі. Ұстаздың сабырлылығына, даналығына барлық адамзат бас иеді деп ойлаймын. Кез келген адам ең алғаш осы өмірге алып келген анасына алғыс айтса, екінші кезекте өзіне білім берген, сапалы ілім берген ұстаздарына алғысы шексіз болуы тиіс. Себебі ұстаз оқушының озат болып, білімнің биік шыңдарын бағындырғанын қалайды.

Білім де, білікті ұстаздарымыздың бірі Умирбекова Дана Сериковна ағылшын тілі пәні мұғалімі. Алматы қаласы Наурызбай ауданы №174 мектеп- гимназиясының мұғалімі. Қазіргі таңда 9-10-11 сыныптарға ағылшын тілінен сабақ береді.

  • Мен үшін әрбір оқушының өзінің қабілеті мен дарыны бар. Оны тек әрі қарай дамытып, оған өз тілімен сабақты бере білу қажет. Өзімнің осы жылдар ішінде білімнің жаңа белестерін бағындыруға, өзгерісті тез үйренуге бағыттаймын. Жана технологияның әдіс тәсілдерін меңгерте отырып, оқушылардың өз еркімен ақпаратты іздеуге, ойын жеткізе білуге дағдыландыру, барлық Listening, Speaking, Writing skills  дамыту. Жаңартылған бағдарлама бойынша, шәкірттерімді білім нәрімен сусындатамын.

     Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі  ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген сөздерінің жаны бар, барлығы да мұғалімнің бізге берген сарқылмас білімі мен баға жетпес тәрбиесінен бастау алады.  Ұстаздың жүзі жылы, көңілі жұмсақ келеді. Әр оқушысын өз баласындай көріп, өз баласындай асыл тәрбиесін берген ұстаздардың жұмысы әрдайым жоғары бағаланады. Ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен та­бандылықтың үлгісін көрсетуші.

Маржан Нұрханқызы,
Білім айнасы газеті мен журналының тілшісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.