«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздық қызметін ұлы жолға айналдырып, болашақтың кепілі болар балаларды оқыту жолында өзіндік сара жолын қалыптастырған мұғалімдер аз емес. Солардың бірі өзінің біліктілігімен Жумабаева Райхан Сайлаубаевна.
Райхан Алматы қаласы, Әуезов ауданының №13мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады. Қазіргі таңда санаты педагог-зерттеуші санатынқдағы Райхан ұстазымыздың, көптеген жас мамандарға үлгі боларлық жетістіктері бар. Солардың бір парасына тоқталып, өтелік: 2019 жылы Құрмет Грамотасы, Қазақстан салалық Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы Алғыс хат, Халықаралық Бастауыш сынып ұстаздары арасында олимпиадаға жеңімпаздарды дайындағаны үшін 2020жылы ІІ дәрежелі Диплом, І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасының жүлдегері 2020 жылы, ІІІ дәрежелі диплом, «Педстарт» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық олимпиадасы, 2020 жылы.
«OZAT PEDAGOG» төсбелгісі, Құрмет Грамотасы,»Ozattar» энциклопедиясы, «Қашықтықтан білім беру берудің өзекті мәселелері», Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына қатысушы, сертификат.
- Әрбір бала өзінше дара және дарын. Олардың көзіндегі отты байқап, әрі қарай тәрбиелеу ұстаздың басты міндеті. Еліміздің ертеңін ұстатын, болашағымыздың іргетасын қалайтын жас өрендерімізге жаныммен білім беремін. Әрқашан көк туымыз желбіреп, биіктен көрінсе деген басты ұстаныным бар, — деді ұлағатты ұстаз.
Білім ең үлкен бизнеске айналған мына заманда білімді ұстаздың сұранысы артпақ, сол үшін де ұстаздық бәсекеге қабілетті тұлғасы жетілмек керек. Сол арқылы кейбір ұсақ түйінді ұстаздың өзі шешпек керек. Біз де ұсақтап кетпес үшін ұсақ түйіндерге соқпадық. Ұстаз – ұлт болашағының айнасы.
Маржан Нұрханқызы,
Білім айнасы газеті мен журналының тілшісі.