Home » Мақалалар » «Көктемгі егістік»

«Көктемгі егістік»

КМҚК №132 бөбекжай-балабақшасының
Ортаңғы «Балдырған» тобының
ұйымдастырылған оқу қызыметінің жоспары
Серiкқали Әнел Серікқалиқызы

2020-2021оқу жылы

Күні:29.04.2021

Айлық тақырып: «Жылғалардан  су ақты»

Апталық тақырып: «Көктемгі егістік»

Білім беру салалары: « Қатынас»,  «Таным»

Ұйымдастырылған  оқу қызметі:  Сөйлеуді  дамыту.

«Сөйлеуді дамыту » оқу қызметі:

Тақырыбы: «Ойыншықтар  әлеміне саяхат»

Мақсаты:

а) Балалар бұрыңғы меңгерген білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

б) Не? Нелер? Қайдан алуға болады? Қандай? Неден жасалған сұрақтарына жауап беруге, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

в) Ұқыптылыққа,тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әр түрлі ойыншықтар, тақпақтар, ойындар,слайд сызбасы.

Әдіс – тәсілдер: Әңгімелету, түсіндіру, көрсету және сергіту.

Пәнаралық байланыс: Қатынас (Тіл дамыту)

Денсаулық (Дене шынықтыру)

Таным (Қ.М.Ұ.Қ. қоршаған орта)

Сөздік:  Ағаштан, шүберек, резеңкеден.

Кіріспе бөлім:

Шаттық шеңбері:

Ойыншықпенен денеміз

Шынығамыз өсеміз.

Жылдан жылға бір жылға,

Үлкен болып өсеміз.

Тәрбиеші: Балалар сендер немен ойнайсыңдар?

Балалар: Ойыншықпен

Тәрбиеші: Қане, балалар сүйікті ойыншығымызды атайықшы.

Балалар: Қуыршақ, машина, доп т.б.

Тәрбиеші: Балалар саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?

Балалар: Ия,ұнайды.Тосын сәт: Осы кезде Ақзере жылап келеді ойыншығынжоғалтып алып.

Тәрбиеші: Балалар Ақзереге көмектесеміз ба  ойыншығын тауып беруге және ойыншығын табу үшін өзімізбен бірге саяхатқа алып шығамыз ба?

Балалар: Ия, алып шығамыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар ендеше  ойыншықтар әлеміне саяхатқа жол тартайық.

 Үш столда ағаштан, резеңкеден және пластмасса мен шүберектен жасалған ойыншықтар тұрады.

Балалар мына жердегі не екен қарайықшы  жаймендеп бетін ашайықшы және Ақзеренің  ойыншығын іздейік?

Балалар: Ия қарайықшы.

Тәрбиеші: Балалар мынау қандай ойыншық?  Түсі қандай? Пішіні қандай? Неден

жасалған? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

Ақзере: Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.

Балалар: Бұл доп. Пішіні дөңгелек. Резеңкеден жасалған. Түсі сары.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ендеше мына столдағына еөрейік. Мынау қандай ойыншық? Пішіні қандай? Неден жасалған? Түсі қандай? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?

Ақзере: Мына ойыншықтардың ішінен таба алмадым.

Балалар: Домбыра. Сопақ пішінді. Ағаштан жасалған.Сары.  Сандық. Төрт бұрышты. Ағаштан жасалған. Түсі көк.

Тәрбиеші: Үшінші столды қарайықшы

Балалар мынау қандай ойыншықтар? Неден  жасалған?  Түстері қандай? Ақзере осының

ішінде сенің ойыншығың бар ма?

Ақзере: Алақай, менің ойыншығым табылды. Мынау менің ойыншығым. Балалар рахмет сендерге ойыншығымды табуға көмектескендеріңе.

Балалар: Машина, қуыршақ. Машина темірден жасалған қатты. Қуыршақ шүберектен жасалған жұмысақ.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар әр түрлі ойыншық түрлерін көрдік. Бұлар жай ойыншықтар емес сиқырлы ойыншықтар. Ендеше балалар ойыншықтар түрлерін көрдік, сипаттама бердік. Енді ойыншықтар тц\уралы тақпақтарымызды айтайықшы.

Алина:

Добым, добым домалақ

Қайда кеттің домалап.

Қызыл, жасыл, сары көк

Сенімен ойнайтын бала көп.

Санжар:

Ойыншықтар қандай, қандай

Қызыл, жасыл, сары, көк

Түрлі – түсті түстер

Көз тартады өздері

Айбар:

Мынау ойыншық әлемі

Ойыншықтары әдемі

Таңдап алып біреуін

Бөпеме алғым келеді

Сынып қалса бір жері

Жөндеп бергім келеді

Жылатпаймын бөпемді

Үлкенмінғой себебі.

Слайд сызбасы:

Мақсаты: Көгілдір экраннан көрген  слайд сызбасына сүйене отырып  ойыншықтарды сипаттауға үйрету, заттың   түсін, пішінін, қалай  сипаттауға болатынын айтады көлемін ажырата білу   біліктілігін қалыптастыру. Ойыншықпен   ойнауды, сындармауды және ойнап болған соң жуып сүртіп орнына жинауды үйрету.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Ойыншықпен не істейміз?

Балалар: Ойнаймыз.

Тәрбиеші: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?! Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімиді.

Ойын: «Поезд» тақпағымен ойын ойнау

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ойыншықтарды,
Түсінуге тиіс: Ойыншықтарды, оларды топтастыруды
Істей білуі керек: Ойыншықтар туралы ойынды ойнауды

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.