Құтты қадам — жаңа бағдар
«Балабақшада әр педагог ата-аналармен тікелей серіктесе отырып, сенімділік пен достық қарым-қатынас орнатуды көздейді. Сондай-ақ, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде көрсетілген ерте жастан бастап бүлдіршіндерді тәрбиелеуде ата-аналарға кеңес беру, сүйемелдеу басты мақсат. Нәтижеге бағытталған мақсат бүгінде балабақшамыздың жаңа бағыт-бағдарына айналмақ», — дейді Базарбаева Роза Жолаушықызы.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы №3 «Күншуақ» балабақшасының меңгерушінің уақытша міндетін атқарушы қызметінде кәсіби біліктілігін аянбай еңбек етуде десек артық емес. Себебі, аталмыш мекеме басшысы қызметіне үміткер, жаңашыл маман аса маңызды әрі заманауи балабақшаның даму моделі кезеңіне қадам басуды алғатартады.
2021 жыл қазан айының 27 жұлдызы күні Нұр-Сұлтан қаласы
№3 «Күншуақ» балабақшасының қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Қамқоршылық кеңес отырысында өзінің даму жоспарын ұсынған үміткер Базарбаева Роза Жолаушықызы алдағы балабақшаны дамыту жоспарымен таныстырды.
Жалпы Заманауи балабақша қалай жұмыс жасау керектігіне тоқталып, мақсатқа жетудегі нақты бағдарымен және балабақша миссиясын, миссияға жетудегі болжамдарын ұсынды.
Кеңес мүшесі Bad.Kz ақпарат агенттігінің бас редакторы Бакбергенова Молдыр «Заманауи балабақша» маңыздылығына тоқтала келе, балаларға ерте жастан кәсіби мамандардың инновациялық әдістермен әр-түрлі әдістердің қажеттілігіне тоқтады. Балабақша қызметінің ашықтығы, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, ата-аналармен және БАҚ–пен ынтымақтастықтағы туралы үміткердің бағдарын оң бағалап, қолдау білдіретінін жеткізді.
Сондай ақ тек қана жоспарлы жұмыс емес «Заманауи балабақша» ерекшеліктеріне тоқталған кеңес мүшесі Мустафина Жансая Алибековна кәсіби сайт жұмысының тиімділігін атап өтті.
Балалармен жұмыс жасауда оқытудың әр-түрлі тәсілдерін қолдаймын деп сөз алған ата-ана Тайжанова Бахыт Жумабековна тәрбиелеу мен білім беру процесінде қауіпсіз білім беруді, инклюззивті ортаны құруға бағытталатыны қажеттілік екенін ескергенін атап өтіп, заманауи балабақшаның дамуына толық жағдай жасалатынына сенім білдірді.
Кеңес мүшелері үміткер Р. Базарбаеваның даму жоспарын қолдайтынын бір ауыздан шешті, Заманауи балабақшаның дамуына жағдай жасалатынына сенім білдірді.
Мұстафина Жансая Алибекқызы