Home » Мақалалар » Жаттығуға көп рақмет, денсаулығым керемет!

Жаттығуға көп рақмет, денсаулығым керемет!

Нұр-Сұлтан қаласы,
30- «Қайнар» балабақшасына
қатысты шағын орталығы
дене шынықтыру нұсқаушысы
Юсупова Жадыра Алибековна

 Жаттығуға көп рақмет, денсаулығым керемет!

Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: « Денсаулық»
Бөлімі: « Дене шынықтыру»
Тақырыбы: «Жаттығуға көп рақмет, денсаулығым керемет!»

Топ: мектепалды даярлық «Шұғыла»

Білімдік мақсаты:   Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Берілген жан — жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы орындай білуге, жаттығуларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру, жаттығу кезінде денені түзу, тік ұстай білуге дағдыландыру. Қол, иық, аяқ, табан, бұлшық еттерін жетілдіру. Берілген тапсырманы ынтамен тыңдай білуге тәрбиелеу, Дене мүшелеріне массаж жасату. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Қажетті құралдар: гимнастикалық таяқшалар, 2 гимнастикалық орындық, денсаулық туралы нақыл сөздер, гимнастикалық доптар, құрсаулар, массажды кілемше.

Балалар залға бірінің артынан бірі жүріп келеді. Шеңбер құрып тұра қалады. Шаттық ШЕҢБЕРІ

Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің нұрын алайық
Жылынган жүрек жылуын
Бір-бірімізге шашайық

Нұсқаушы: Құрметті балалар! Бүгінгі «Дені саудың — жаны сау» атты оқу қызметіне қош келдіңіздер. Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.

Нұсқаушы: Жалқаулықты тастаймыз!
Шынығамыз жастай біз!
Босқа тұрмай қанекей.
Жаттығуды бастаймыз!

— Ал балалар қолдарынды белге қойып сап құрып, шеңбер бойымен жүреді, аяқ ұшымен, өкшемен, жеңіл жүгіру.

Жүру түрлерін аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен жүру, қаздарша, жай жүру, жүгіру.

Жүріп келе жатып қолдарына таяқша алып 3 қатарға бөліну.

І. Гимнастикалық таяқшамен орындалатын ждж:

  1. «Таяқшаны бұр» Б.қ.: өкше бірге, аяқтың ұшы жан-жақта, таяқшаны екі қолмен ұстап, алдыға көтереміз. 1- таяқшаны оңға (солға) бұрамыз. 2- б.қ.
  2. «Жоғары көтер» Б.қ.: аяқ солай, қол таяқшамен төменде. 1- қол таяқшамен алдыда. 2- жоғары, оған қараймыз. 3- алдыда. 4- б.қ.
  3. «Отырып тұру» Б.қ.: солай. 1- отыру, таяқшаны жоғары көтеру. 2- б.қ.
  4. «Таяқшаны ауыстыр» Б.қ.: аяқ солай, қол жан-жақта, таяқша бір қолда. 1-қолды жанымызбен жоғары көтеріп, таяқшаны екінші қолға ауыстыру. 2- б.қ. келу
  5. «Алдыға еңкею» Б.қ.: жерде отыру, аяқ иық бойымен, қол тізеде жатады. 1- алдыға еңкею, қолды таяқшамен созып, аяқтың ұшына жеткізу. 2- б.қ.
  6. «Жүреміз» Б.қ.:жерде отыру, аяқ бірге, таяқша алдыда, руль ретінде. Көліктерде отырып, аяқты алма-кезек алдыға-артқа жылжыту.
  7. «Секірулер» Б.қ.: т.т., таяқша жерде тұрады, бір аяқпен оны айналып секіру, екі аяқты алмастырып отыру.
    8) Демалу жаттығуы.

Нұсқаушы: Бәрекелді балалар!— Адамдардың көңілді, әдемі боп жүруі неге байланысты?
Балалар: — Денсаулыққа.
Нұсқаушы:— Дені сау адам — бақытты адам.
— Олар өз денсаулығын күтеді, қысы-жазы шынығады. Таңертең жаттығу жасайды.
— Ал, сендер қандай балаларсыңдар?
Балалар: Ақылды біз баламыз
Айтқан тілді аламыз.

Дидактикалық ойын: « Біздің денсаулығымызға не керек?»
Міндеті: Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.ЕКЛМВлючитьвук

Құрал:   Доп.

Ойын барысы: Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, керісінше допты педагогқа қайтарады. Ал, шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді. «Дені саудың- жаны сау»
Нұсқаушы:. Балалар деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау керек. Ал сендер күн тәртібін сақтайсындар ма?
Ал енді біз көп қимыл-қозғалыстар жасадық

Ал енді негізгі қимыл жаттығуы:

ІІ. 1.Гимнастикалық орындық үстіндегі кедергілерді аттап жүру

  1. Алға домалау.
  2. Құрсаудан қос аяқпен секіру

Ойын: «Өз жұбыңды тап»  Шарты: ойынға балалардың бәрі қатысады, музыка әуенімен шеңбер бойымен жүгіреді, белгі бойынша еденді жатқан құрсау ішіне жұп болып кіреді. Жұпсыз қалған бала ойыннан шығады

«Спорт — біздің досымыз»
Күш қайрат сыйлаған.
Спорт — біздің досымыз,
Өсіп күнде шыңдалған — дей отыра

Табанды шынықтыру массажы:Табанға массаж-өте тиімді пайдалы денені шынықтырудың түрі. Бұл табан бөлігіндегі активті нүктелерге қалыптасу үшін керек.Табанға арналған төсеніш үстерімен жүру.

— Жарайсыңдар балалар!
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау — саламат болайық.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.