Home » Айтарым бар » Нұр- Сұлтан қаласындағы № 66 «Толағай» балабақшасына айтарым

Нұр- Сұлтан қаласындағы № 66 «Толағай» балабақшасына айтарым

Біз «Ертөстік» тобының ата- аналары «Білім айнасы» газеті арқылы өзіміздің ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Бұл балабақшаға балаларымыз 2 жылдан бері келеді. «Толағай» балабақшасында білікті мамандар жұмыс істейді. Меңгеруші Онланбекова Назкен Оңғарбековна баламен балаша қуанып, балалар әлеміне бірге еніп кетеді. Таңертен, жылы қабақ танытып, жанашырлықпен қарап, әрқайсымызға  көңіл бөліп кіре берісте күтіп алады. Бүлдіршіндерге бүкіл жағдайды жасайды. Биыл бақшамызда «Тұзды үңгір», «Интеллектум» кружоктары ашылды. Баланың денсаулығы мен  интеллектуалды дамыту жағдайлары жасалған. Балабақшаның әдіскері Жакипбекова Ж.Н. өз жұмысының шебері. Алдына қай сұрақпен барсаңда зейін салып, мұқият тыңдап, сұрағыңды бей- жай қалдырмай, міндетті түрде орындап береді. Биыл балаларымыз 1жыл аттап, ересек тобы болды. Тобымыздың тәрбиешісі Тынышкүл Нұржанқызы Абилдаева балаларымызды жарты жылдың ішінде,  сөздік қорларын молайтып, қаншама тақпақтар мен өлеңдерді жаттады. Балаларымыз бақшаға қуана келеді. Ертеңгіліктеріміз жоғары деңгейде өтіп жатыр. Балаларымыздың жетістіктерін көріп, бала жанын терең ұғына білетін, талапшыл, мәдениетті, кішіпейіл тәрбиешіміз Тынышкүл Нұржанқызына ересектер «Ертөстік» тобының ата- аналары шынайы алғысымызды білдіреміз. Осы қасиеттерін біз өз перзенттеріміздің бойынан танып, көріп отырамыз. Ел ертеңі- жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегіне жеміс тілейміз!

«Ертөстік» тобының ата- аналарының атынан:
Әділхан Исминаның анасы Буранкулова Асем
Байысбай Аяулымның анасы Жақанова Жайсан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.