Home » Жаңалықтар »     «Бестемше»  деген не, білесіз бе?

    «Бестемше»  деген не, білесіз бе?

     Басшы аңғармаса ұлттық құндылық әдіре қалар ма еді, кім білсін?!
Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты №61 “Шолпан” балабақшасында семинар өтті.  “Бестемше” ойындарын балабақшада өткізу деген тақырыпта.   Бірден айтайын, бұл атау таңсық көрінеді. Десе де, дендеп көруді, білуді, түсінуді талап етіп тұрғандай. Олай дейтінім, көз алдыңызға ескінің елесі қылаң беретін тәрізді. Түрі мен пішініне қарасаң кәдімгі тоғызқұмалақ. Бірақ тауы басқа.  Бестемше – әлемдік мәдениетте озық ойындар үлгілерімен ой таластыратын, логикалық ойлау өнерін, ой өрісін кеңейтетін,  ақыл – ойын кемелдендіретін бірден-бір ұлттық рухани ойын. Бір сөзбен айтқанда, тоғызқұмалақтың інісі деуге келетін сияқты. Осындай көненің көзін жаңғыртып, әспеттеп ұсынып отырған № 61 Шолпан балабақшасының меңгерушісі Зағира Үсенбайқызы мен ұжымына алғыс айтамыз. Ал, осы жобаны көріп, оған қолдау білдірген Айгүл Қайратқызына ерекше ілтипат білдіргіміз келеді.  «Бестемше»  ойыны жайлы болашақта терең зерттеп,  газетіміде жазатын боламыз. Бүгінгі шағын семинар  бар-жоғы қырық минутта тәмәм болды. Қырық жылға олжа боларлық ой қалдырды. Ұрпақ, салт-дәстүр сабақтастығы ұлттық құндылықтарымызбен маңызды.

 Республикалық “BILIM AINASY”
жобаларының негізін қалаушы:
Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.