Вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар арасында акциялар өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтіліп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі ведомство басшысы А. Аймағамбетовтің студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасы туралы хабарлаған болатын.
Бүгінгі таңда 10 жоғары оқу орны бұрын вакцинацияланған және қазіргі уақытта екпе салдырған білім алушылар мен оқытушылар арасында акциялар өткізу үшін жедел шаралар қабылдады. Осылайша, жоғары оқу орындарының ректорлары қазір күллі әлемде жүргізіліп жатқан вакцинация қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдайды.
Студенттер мен оқытушыларды вакцинациялауға ынталандыру үшін қолданылған нақты шаралар мен жоғары оқу орындарының тізімін қоса береміз.
— Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ)
— Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ)
— НАРХОЗ университеті
— Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
— Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ)
— Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
— Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
— А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
— М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
— Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (ҚазҰҚПУ).
ҚР БҒМ баспасөз қызметі