Home » Жаңалықтар » 114 батысқазақстандық «Елбасы медалі» жобасында жеңімпаз атанды

114 батысқазақстандық «Елбасы медалі» жобасында жеңімпаз атанды

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Елбасы медалі» жобасының қола медаль иегерлері марапатталды.

ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы қорымен дарынды жастар мен көшбасшыларды қолдау және дамытуға бағытталған «Ел үміті» бастамасы аясында өткізілген «Елбасы медалі» жобасына облыс бойынша 14-29 жас аралығындағы балалар мен жастардан барлығы 265 адам қатысты. Олардың 114-і республикалық комиссияның шешімімен «Елбасы медалі» жобасының қола медалі және төсбелгісі иегері атанды.

Қола медаль 6 ай ішінде 7 бағыт бойынша арнайы тапсырмаларды орындап, өз қабілеттерін шыңдаған жастарға берілді. Оқушыларды дайындаған ұстаздарға, мектеп ұжымына, ата-аналарға алғыс білдіреміз. Жеңімпаздардың алдағы уақытта күміс, алтын медаль иегерлері атанарына сенім мол.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.