«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, Ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші , ұстаз — адамдықтың диқаншысы. Адам тәрбиелеудің , жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны. Кіршіксіз, пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де, білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. «Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан, өмірдің қыр сырын меңгеретін де ұлық тұлғалар. Ендеше ұстаз білімнің отын жағып, бал-шырын нәрін шәкірт ойына сіңіретін әдіс — тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу, адам бойындағы ұлы қасиет. Ол жүректің батырлығын да, сезімнің ақылдығын да мінездің жайлылығын да, білімнің байлығын да топтастырып, бір арнаға тоғыстыратын, бір сөзбен айтқанда ұстаз- асыл қасиеттердің жиынтығы.
Ұстазға құрмет- адамзатқа міндет. «Адамның адамшылдығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім — тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім. Ұлт ұстазы, қазақтың өткен ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектепкен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі- білімді, педагогика методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» депті.
Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі — оқушыға тиянақты білім беру. Ол үшін мектеп мұғалімдері оқытуды тиімді әдіс – тәсілдерін өз тәжірибесінде тыңдап алады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді, қарым – қатынас тілі — орыс тілі мен және әлемдік кеңістік тілі – ағылшын тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып , жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр. Үш тілді оқыту және барлық пәндерді оқыту барысында үштілділік саясатты әр сабақта ұстану оқушылардың « ғылыми тілін», коммуникативтік дағдыларын дамытады. Заман талабына сай оқушы бойына сындарлы ойлау мен әртүрлі зерттеу жұмыстарына да дағдылауымыз қажет. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Финляндия сынды дамыған елдерде пайданылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы: баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады, жан –жақты ізденуіне ынталандырады. Кіріктірілген білім беру бағдарламасында тіл пәндерінің берілу жайы да өзгеше. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын, тыңдалым , айтылым , оқылым , жазылым – жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды бір- бірімен тығыз байланысты. Яғни жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдк мақсат та күрделене түседі. Оқушылардың бойына 21 ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбек ету керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану, оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Қазақ тілін оқытуда ең бірінші эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқудың әр түрлі құралдары, кестелері оқулықтары, техникалық құрал- жабдықтары, информациялық құралдар болуы қажет. Мұғалім сабақ түсіндірген кезде оқушыға аса күш түсірмей жеңілден ауырға қарай жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына, мүмкіндіктер туғызуы қажет. Әрбір сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдерін дұрыс таңдап, саралап, даралап оқыту қажет. Мемлекеттік тілдің жоғарғы деңгейде оқытылуы оқушы санасына сіңірілетін білімнің сапасымен өлшенеді. Сондықтан да әрбір ұстаз үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек. Компьютерлік техниканың дидиактикалық мүмкіндіктерін педагогилалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсетуге болады. Жаңа ақпараттық технологияны қолданып оқытуды ұйымдастыруда кедергі келтіретін басқа да негізгі факторлар болады. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр оқушының қабілетін жан – жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтардың түрлі елдерде қарқынды даму үстінде. Елімізде білім беру саласына жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Осы заманда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында бірнеше міндеттерді шешу керектігін де айта өту керек: компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және мультимедиялық электрондық, оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілінде еркін сөйлеп,өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін тұлға етіп қалыптастыру ұстаз атты ұлға тұлғаға жауапкершілік болып отқаны хақ. Әрбір педагогика саласының майталмандарына тек өз пәнінің білгірі болу емес, тарихи – танымдық, педагогикалық – психологиялық сауатты,саяси экономикалық білімді және ақпараттық – коммуникациялық технологияны жан – жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.
21 ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр, дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін — өзі басқару, өзін- өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қәзіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті.
Нурова Айсара Жеткергеновна,
Қызылорда қаласы
№23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицей
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі