Home » Жаңалықтар » Тәуелсіздік мерейін асқақтатқан тағылымды кеш

Тәуелсіздік мерейін асқақтатқан тағылымды кеш

Алатау ауданы 180 мектеп-гимназиясы
директордың тәрбие ісі жөнінденгі орынбасары
Байжумаева Фариза Ерболовна

№180 мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 34 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты салтанатты концерт ерекше сән-салтанатпен өтті. Шараның шымылдығы «Телқоңыр» ансамблінің орындауындағы «Нарағаш» халық күйімен түріліп, көрерменге терең рухани әсер сыйлады. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — Күзбаева Фарида Мадиярханқызы.
Кешті мектеп директорының міндетін атқарушы Кусайынов Бақытбек Амангельдіұлы ашып, тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерге тоқталды. Ол егемендіктің қадірін бағалау — әр ұрпаққа жүктелген аманат екенін атап өтті.

Концерт барысында оқушылар ұлттық өнерді айшықтап, қазақ болмысының сырын сахнада жарқырата көрсетті. «Алатау» әнін орындаған Ершатқызы Аягөз бен 10 «Г» сыныбының «Әлқисса» күйіне қойылған биі көрерменнің қошеметіне бөленді. Желтоқсан құрбандарына арналған монолог 1986 жылғы оқиғаның рухын терең сездірді. Арнайы шақырылған «Желтоқсан қоғамы» өкілдері — Нсанғалиева Айгүл Қапизқызы мен Мәден Әбілов Мәдіғұлұлы тағылымды естеліктерімен бөлісті.
Шараны ұйымдастырған ұстаздар — Фарида Мадиярханқызы, Фариза Ерболовна және Жадыра Ысабекқызы орындаған «Елім менің» әні кеш мазмұнын тереңдете түсті. Соңында 1-сынып оқушыларының хоры мерекеге шуақ қосты.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болып, жас ұрпақ елдің ертеңін нық сеніммен жалғай берсін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.