Home » Жаңалықтар » «Алатау» театры Сұлтан Бейбарыс жайлы қойылымымен Чехов фестивалінде өнер көрсетеді

«Алатау» театры Сұлтан Бейбарыс жайлы қойылымымен Чехов фестивалінде өнер көрсетеді

«Алатау» театры Сұлтан Бейбарыс жайлы қойылымымен Чехов фестивалінде өнер көрсетеді
2025 жылғы 8–9 шілде күндері Мәскеудің Моссовет атындағы Мемлекеттік академиялық театр сахнасында «Алатау» дәстүрлі өнер театры «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» атты қойылымын ұсынады. Қойылым А.П. Чехов атындағы XVII Халықаралық театр фестивалі аясында көрсетілмек. Фестиваль 23 мамыр мен 25 шілде аралығында өтеді. Биылғы бағдарламаға 12 елден 13 спектакль енген. Қазақстанмен бірге Аргентина, Армения, Бахрейн, Бразилия, Үндістан, Иран, Қытай, Колумбия, Ливан, Франция және Оңтүстік Африка Республикасы қатысуда. Фестивальде пластикалық театр, қуыршақ қойылымдары, жаңа цирк және дәстүрлі бағыттағы спектакльдер қамтылған.
«Алатау» театры ұсынатын «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» — саундрама жанрындағы, 85 әртіс қатысатын эпикалық қойылым. Жанды музыкалық сүйемелдеумен сахналанатын туынды қазақ даласынан шығып, Мысыр билеушісіне айналған тарихи тұлға – Сұлтан Бейбарыстың тағдырын баяндайды. Қойылымның премьерасы 2024 жылдың 7–8 ақпан күндері өткен болатын.
Айта кетейік, А.П. Чехов атындағы халықаралық фестиваль – театр өнері саласындағы әлемдік деңгейдегі беделді жобалардың бірі.

Авторы: Рано Назарова театртанушы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.