Home » Жаңалықтар » «Тілге бойлау» – бұл жай ғана тіл үйрету емес…»

«Тілге бойлау» – бұл жай ғана тіл үйрету емес…»

Тілге бойлау жобасы – Оқу Ағарту министрлігінің ұсынысымен  2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының бес аймағында пилоттық режимде қазақ тілін үйрету мақсатында енгізілді. Бір жыл жұмыс жасаған жобаның артықшылығы мен кемшілігін бағдарлау мақсатында  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі пилоттық жобалар: теория, практика, нәтижелер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Іс- шараны Оқу ағарту министрлігі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту департаменті мен Астана қаласы Әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Астанадан және Ақмола облысының Целиноград ауданынына қарасты бірнеше балабақшаларда іс-тәжірибе алмасу семинарлары өтті. Біздің ат басын бұрған мекемеміз Астана қаласының Білім басқармасына қарасты №42 “Бәйшешек” балабақшасы болды. Шарбағынан кіре мұнтаздай тазалықты көзіміз көрсе, жүрегіміз шуағын шашқан жылылықты сезді. Құтты бір қазақы ауылға кіргендей көңіл-күйде болдық. Ата-аналар ұлттық аспаппен ән салып, тәрбиешілер қаздай тізіліп хормен ән салып қарсы алды. Бұл енді қазақтың қонақжайлылық салт-дәстүрін балаларға  насихаттаудың бір жолы деп түсіндік.   

Семинар басын № 42 «Бәйшешек» балабақшасының меңгерушісі: Махмутова Жанат Жансултанқызы бастады.  
— Құрметті қонақтар, қадірлі әріптестер!
Бүгін сіздерді №42 «Бәйшешек» балабақшасында қарсы алып отырғаныма қуаныштымын!

 Бүгінгі басқосуымыз – болашаққа бағытталған ерекше жобаның аясында өтіп жатыр. «Тілге бойлау» – бұл жай ғана тіл үйрету емес. Бұл – баланың жүрегіне жол табу, ұлттық құндылықтарды сіңіру, рухани мәдениетке бастау. Семинар – ой бөлісетін, тәжірибе алмасатын, жаңа идеялар туындайтын орта. Бала тілін терең түсіну – үлкен жауапкершілік. Біз осы жолда бірге болсақ – бәріне қол жеткізе аламыз деп сенемін – деді.
Бүгінгі кездесуіміз мазмұнды, пайдалы әрі шабытты болсын!
Қош келдіңіздер! Бірге бойлайық – тілге, мәнге, болашаққа! Бұдан әрі тәжірибе алмасу алаңы басталды. Онда Астана қаласының Білім басқармасына қарасты №20, 23, 30, 32, 34, 42 балабақшалардың тәрбиешілері ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетті. Атап айтанын болсақ, “Балаларға ертегілерді қолдану  арқылы қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын  дамыту, олардың тілге деген қызығушылығын арттыру жолдарымен тәжірибе бөлісу” бағытынада Рамазанова Галия Ахметбековна, Габдуллина Айсұлу Сериккалиқызы сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің  №20 «Арайлым» балабақшасының қазақ тілі педагогі Сейтмаханова Айгүл Урмановна “Жайлаудағы “Ақсүйек ойыны” ұйымдастырылған іс-әрекетін, сол балабақшаның тәрбиешісі Байдаулетова Рахила  Камаловна мен  дене шынықтыру нұсқаушысы Шитик Наталья Владимировна “SHANYRAK көңілді алаңы” кіріктірілген іс-әрекетін көрсетті. Одан әрі  №42 «Бәйшешек» балабақшасы, мектепалды «Ақбота» тобының тәрбиешілері Есмагамбетова Гулзада Олжабаевна,  Мукатова Дурия Ахмедиевна «Легенда аксакала» ұйымдастырылған іс-әрекетін, ересек «Орман дәмдісі» тобының тәрбиешілері Булатова Салия Бахтбековна, Бохай Роза  «Мақта қыз» театрланған іс-әрекетін, дене тәрбие нұсқаушылары Калиева Асем Капашевна, Серікболатқызы Алтынгул, Амантай Динара Мұратқызы «Алаңдағы бес кеней ойыны»  шебер – сынып жұмыстарын ортаға салды.

Ұзынынан созылған дәлізді ашық есік, тәжірибе алмасу көрмесіне айналдырды. Онда  №42 «Бәйшешек» балабақшасы  қазақ тілі педагогі Карбаева Динара Еркеновна «Ұлттық құндылық – ел қазынасы» сондай-ақ  №42 «Бәйшешек» балабақшасының әдіскері  Дайрабаева Парида Канайбековна, №30 «Қайнар» балабақшасының әдіскері Ищанова Роза Телмановна, ересек топ тәрбиешісі Бейсенова Гүлжанат Жанбаевна  «Бала болашағы- біртұтас тәрбиеде»,  №42 «Бәйшешек» балабақшасы 2-шағын орталығының әдіскері Джаксылыкова Айгуль Кенесхановна «Мнемотехника әдісі арқылы балалардың тілін дамыту», №32«Балдәурен» балабақшасының қазақ тілі  педагогі Косыбаева Толкын Дайырбековна, тәрбиеші  Алимжанова Светлана Булатовна, әдіскер Дуйсенбенова  Салтанат  Дусмаганбетовна «Бала тілін ойын арқылы дамыту» тақырыптарында өз жұмыстарын ортаға салды.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің бас сарапшысы Андыбаева Манап Сағатқанқызы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің оқу-әдістемелік орталығының әдіскер: Бұсұрманова Мөлдір Бақытжанқызы, Атырау облысы  Исатай ауданы Жанбай ауылы Балдаурен балабақшасының әдіскері: Садихова Роза Маратқызы,  Қызылорда облысы  Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі: Алмат Көркем Түгелбайқызы, Абай облысы Мақаншы ауданы білім бөлімінің әдіскері: Байрбаева Лаура Бакаевна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскері: Жумабаева Жайнагуль Болатовна, Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” МКҚК басшысы Дауешова Сындар Мұратқызы,  ҚР Оқу ағарту  министрлігінің Балаларды ерте дамыту институты РММ аға сарапшысы: Дайрабаева Парида Канайбековна, Астана қаласы Білім басқармасына қарасты №42 “Бәйшешек” балабақшасының әдіскері: Хаменова Мариям Олжабаевна және қазақ тілі мұғалімі: Карбаева Динара Еркінқызы семинардан көрген білгендерін, ойға түйгендерін ортаға салды.   

Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген қонақтар, Астана қаласындағы әріптестерінің жасалып жатқан жұмыстарына ынта-жігерлерімен риза болысты. Ақ тілектерін де ағынан ақтарылып, ойларын да ортаға салып жатты.
«Тілге бойлау» – бұл болашаққа бағытталған, баланың жүрегін ана тілімен жылытып, ұлттық рухты оятатын жоба. Бұл тек тіл үйрету ғана емес, халықтың салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін кішкентай жүректерге сіңіру. Әр тәжірибе, әр ашық сабақ – болашақ ұрпақтың тілге, рухқа деген махаббатын күшейтетін алтын көпір. Бүгінгі басқосуда көрген ынтымақ пен кәсіби ізденіс, ортақ мақсат жолындағы бірлік – жобаның ең үлкен жеңісі. Тілге бойлау арқылы біз мәнге, болашаққа бойлаймыз.
Бұл жоба – тілдің жай ғана қарым-қатынас құралы емес, жүрек пен жанның, ұлттық болмыстың мәйегі екенін дәлелдеген бастама. Балабақша – ұрпақ тәрбиесінің алтын бесігі десек, сол бесіктің әр бұрышында қазақтың қаны мен жаны, мәдениеті мен дәстүрі сезіліп тұруы тиіс. «Бәйшешек» балабақшасындағы әрбір тәрбиеші, әрбір әдіскер – өз ісінің шебері ғана емес, ел ертеңін тәрбиелеуші ұлы жүректің иесі.
Бүгінгі кездесуде қазақтың ұлттық ойыны мен әні, ертегісі мен театрланған қойылымдары, ойын арқылы тіл дамыту тәсілдері – бәрі-бәрі баланың тілдік қорын байытып, рухын тәрбиелеу мақсатында жасалғаны айқын көрінді. Бұл – нағыз ұлттық құндылықтарға негізделген, бала бойына тілді ғана емес, елін, жерін сүюді, құрметтеуді үйрететін игі іс.
Кездесу барысында ортаға салынған ойлар мен ұсыныстар, жылы лебіздер мен қолдау сөздер, әдістемелік жаңашылдықтар – барлығы да жобаның болашағы үшін аса маңызды. Өйткені бұл – қазақ тіліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын, ұлттық болмысты сақтай отырып, заманауи әдістемені жетілдіретін маңызды қадам.
Бүгінгі басқосу – тек бір күндік шара ғана емес, ел ертеңін тәрбиелеудің, тілді қадірлеудің, мәдениет пен руханиятқа адал болудың нақты көрінісі. Бұл кездесуден әр педагог, әр әдіскер тың ойлармен, жаңа тәжірибемен, болашаққа деген сеніммен қайтты.
Ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы біз болашақтың ұлтжанды, тілі мен мәдениетін құрметтейтін азаматтарын тәрбиелеп жатырмыз. «Тілге бойлау» – тек балабақшаның ғана емес, тұтас қазақ қоғамының болашағы үшін қажет жоба.
Астана қаласы
БІЛІМ АЙНАСЫ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.