Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл жағасы табиғат дарынды етіп жаратар талай дүлділдің мекені….Балалық шақ, жаз жайлаудың рахатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнап өскен бала қиылында басқаша елестейтіндей…

Қаланың қым қуыт тіршілігі, мазаңды алар дыбыстар ….Сейсенбінің таңы осы бір аулаға кіргенде өзгеріп сала берді…Астана қаласы, Нұра ауданындағы №53 «Мерей» балабақшасы. Айқара ашылған қос есіктен кіргеннен қазақы әуен, оюлы кілем, ұлттық ойындардың қызған ортасына тап болдым… Ұлына садақтың жебесін қалай керіп салуды үйреткен әке мен нысанаға дәл тигізген ұлдың жайдары жүзі шіркін… Көрcем деп іздеп таппасаң сағымға айналып баратын көрініс… Мен ғана емес осы ауылға қыдыра келіп, танысып тамашалап жүрген бір қауым ел… Тойдың үстінен түскендеймін…
Республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясына оқу-ағарту министрлігі, облыстық білім басқармаларының өкілдері, мемлекеттік, жекеменшік, өңірлік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жиналған республикалық семинардың басқосуы. «Тұғыры биік туған тіл» тақырыбымен оқыту тілі орыс тілінде жүргізілетін топтарда балаларды қазақ тіліне «тілге бойлау» арқылы оқыту тәжірибесімен өңірлік педагогтар арасында өзара тәжірибе алмасуды ұйымдастыруды мақсат еткен шараны «Мерей» мерекеге ұластырды .

Балабақша ауласында «Желең мектебі – шығармашылық пен пікір мекені» KIDS & CAMP – ұлттық ойындар әлеміне саяхат! ұйымдастырылды. Балабақша дәліздері елдің тұрмысын, тілін, әдет-ғұрпын, салт дәстүрінен сыр шертіп тұрғандай…
Көз тартар әсемдікпен төбесінде қос кептер мен қазақтың оюы ілінген ақ боз үйдей безендірілген музыка залына жиналдық. «Поэзия көңіл тербейді» музыкалық композициясы…
Тіл тағдарының асқақ болуына сенімді күшейте түсер жас педагогтардың үлгі болып өз тілінде өлең жолдарымен қойылымды бастағанда көрегенді ортада отырғандай күй кештім. Жарқырап шыққан ұл қызды көргенде бір бірін толықтыра білген жарқын достық салтанат құрды. Кеудемді мақтаныш биледі. Рухты көтерер әнге қойылған қыран биі, аққу бейнесіндегі әсем қыздарымыз, музыка аспаптарымен орындалған ұлттық әуен, жырланған «Үш бақытым» өлеңі тарих пен бүгінді жалғастырған тамаша қойылым. Еш қысылмастан көптің алдында өнер көрсетуге үйренген өжет ұл қыздарымыз көңіл марқайтты.
Алғашқы сөзді Астана қаласы әкімдігі №53 «Мерей» балабақшасының меңгерушісі Алимбаева Гүлсүм Азимжановна алып «Тілге бойлау» жобасы бұл қазақ тілін қолданысқа енгізуді, оның қолдану аясын кеңейту мақсатында тілді үйренушілердің қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде еркін меңгеруін қамтамасыз ету және Біртұтас тәрбиені бала бойына сіңіру мақсатында балабақша қабырғасында ата-ана мен балабақшаның тығыз қарым-қатынас орната білгенін тілге тиек етіп серіктес балабақшалармен бірлесе жыл көлемінде атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісуге дайын екендіктерін жеткізді. Қазақтың «Қоржын толсын» деген ырымымен республиканың түкпір түкпірінен келген педагогтар есік алдында табысталған қоржынға салынған асықтың түсі бойынша екі топқа бөлініп, 6 балабақшаның жұмысымен танысты.

«Табиғатпен үндескен ойын керуені» ұлттық ойындар топтамасымен бастаған Астана қаласы әкімдігінің №53 «Мерей» балабақшасының қазақ тілі маманы Баталова Ақмарал Жеңісовна тәрбиешілері Алиманова Гүлнара Булатовна, Кенесова Гүлмізат Мизраховна ұлттық құндылық керуен туралы түсінік бере отырып, заманауи технологиялар арқылы тіл байлығын жетілдіру,сөздік қорын молайтуды мақсат еткен, табиғат көрінісі,тұрмыстық заттар, экраннан керуен суреті, ұлттық құндылықтар, жасанды интеллект LET көрнекіліктер,құрал-жабдықтар пайдалана отырып жұмыстарын көрсетті. Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым қожа» повесті көрінісінен үзінді де ұсынды. Маманның шеберлігі мен тәрбиешілердің талапшылдығы нәтижелі жұмысқа жетеледі. № 6 «Көктем» балабақшасы қазақ тілі педагогы Каримбаева Балшат Омуртаевнаның «Ым-ишара әдісі арқылы қазақ тілін үйренеміз» ұйымдастырылған іс-әрекеті келушілердің оң бағасына ие болды. Педагог шеберлігіне, өзге ұлт балаларының қазақ тілінде еркін сөйлегені және тақырыпқа сай жұмыс жасауы отырған жұртты тәнті етті.
«Тіл үйрену – енді қызық! Майнкрафтпен бірге қазақ тілін үйренейік» квест – ойын форматына Астана қаласы әкімдігінің №83 «Жансая» балабақшасының тәрбиешісі Ахметжанова Лилия Назировна көрсетті.
«Гармония языка и игры: развитие развитие речи через национальные игры» ұйымдастырылған іс-әрекетті Астана қаласы әкімдігінің №59 «Аққанат» балабақшасының тәрбиешісі Микуцюк Татьяна Юрьевна ұсынды.

«Жасанды интеллект: Тіл. Ойлау» шебер-сыныпты Астана қаласы әкімдігінің №74 «Дәурен» балабақшасының тәрбиешісі Есентаева Ақжарқын Бауыржанқызы таныстырды.
«Қазақтың BRENDI: домбыра, бүркіт, бауырсақ, құрт, асық» сахналық қойылымын Астана қаласы әкімдігінің №60 «Арай» балабақшасының тәрбиешісі Айтқан Бақыт Айтқанықызының шәкірттері көрсетті. Қазақ тілін үйрету және ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ мәдениетін, тілін және салт-дәстүрін ұғындыру арқылы балаларды көптілділікке, мәдениетаралық диалогқа үйрету. Балалар бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіре білуге үйрету. Құндылықтарымызды қорғап, сақтай білуге тәрбиелеу мақсатын толық орындап шықты. Әсіресе, домбыра мен асық сияқты дәстүрлі элементтерді осылай таныстыру арқылы көрермендерге ұлттық рухты сезіндіруге болатынын дәлелдей білді.
Республикалық семинарға Қазақстан Республикасы Оқу — ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Ерманова Мария Наятовна, ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім беру департаментінің бас сарапшысы Барон Лада Анатольевна, Астана қаласы білім басқармасының мектепке дейінгі бөлім басшысының м.а Алеуханова Лаура Мошкаловна, Қазақстан Республикасы Оқу — ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» PMM аға сарапшысы Сарсембина Бахытгуль Куандыковна, әдістемелік орталық әдіскері Махаббат Аскаровна арнайы қатысты.
Семинар соңында өз пікірлерімен алған әсерлерін бөлісуге шыққан педагогтар қатары көп болды. Семей қаласы № 10 « Бал бұлақ» балабақшасынан Карибаева Кульзира, Ақтөбе қаласынан «Хамза 1» бөбекжай балабақшасынан Даут Гүлбадан, Ақтау қаласынан Раманқұл Әсел, Қостанай облысынан Хасенова Асемгуль, Шымкент қаласынан №122 « Ақ көгершін» балабақшасынан Түсіпбаева Бибигуль , Алматы облысы, Еңбекші ауылынан «Айсұлтан 2015»бөбекжайының меңгерушісі Түргенбаева Аймангүл, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы «Әдемі» балабақшасының меңгерушісі Гүлбану Закариевна семинар берері мол басқосу болды деді. «Мерей» балабақшасының ұжымына, қазақ тілін үйретуде түрлі әдістемелік ерекшеліктерді көрсете білген 6 балабақшаның педагогтарына, еркін сөйлеп, шынайы қарым-қатынас орната білген, өнерімен таңқалдырған тәрбиеленушілер талантына таңданыстарын жасырмады.
Иә, мамыр айының 27 күні «Тілге бойлау» тілге жан бітірген жоба екенін көрсеткен күн болды. «Мерей» балабақшасы – ата-ана ниеті түзу, педагог ынтасы басым, жанды қарым-қатынас пен береке бірліктің ордасы. Ал, бірлесе жұмыс жасаған балабақша меңгерушілері ортақ іске бір кісідей жұмыла білетін көрегенді басшылар. Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген, халықтың ұлттық болмысынан ажырамауы керек екенін жете түсінетін, Алимбаева Гүлсүм Азимжановна басқаратын ұжымның абыроймен атқарған республикалық семинары басқаларға үлгі. Елдің әр өңірінен келіп басқосқан педагогтар «Мерей» педагогикалық ұжымымен бірге «Ата мекен» әнін қосыла шырқады. Біз – біргеміз! Барлығын бірге жеңеміз деген үнді естігендей болдым. Педагог үні осындай…
Әлия Ғалымбекқызы
Астана қаласы
Білім айнасы