Home » Жаңалықтар » Отбасы – бақыт мекені

Отбасы – бақыт мекені

Ұлттық тәрбиенің негізі балаға ана тілімен ана сүтімен, бесік жырының әлдиімен беріледі.Ал балабақшада балаға әр бүлдіршіннің тілге, ілім, білімге деген жеке дара бейімділігімен қызығушылығын дамыта отырып,ойлау қабілеттері мен танымдық қабілеттіліктеріне қалыптастырады. Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығы бірін-бірі қос өзеннің сағасындай толықтырады десек те болады.
Осы қағиданы ұстанып, Астана қаласы әкімдігінің № 87 «Қадыр» балабақшасы офлайн форматта «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында мектепалды топ тәрбиеленушілерінің көпбалалы ата-аналарымен конференция өткізді.

Конференция шымылдығы балабақша меңгерушісі- Аханова Ляйля Жакановнаның алғы сөзімен басталды. Кішкентай бүлдіршіндердің «Мен бақытты баламын» әдемі музыкалық ән шашуымен бастап, барлығын әсерлі көңіл күйге бөледі.

Ең алғашқы спикер болып «Еркемай» мектепалды топ тәрбиеленушісі Марқаш Ибраһим «Менің әкем-арқа сүйер тірегім» тақырыбымен ашты. Әкенің бала тәрбиесіндегі алар орнын ескере кетті.
Келесі болып «Балбөбек» мектепалды тобының ата-анасы Назарбаева Гүлдана Шерханқызы, «Менің анам-кеудемдегі жүрегім» тақырыбымен жалғады. Ана ретіндегі өмірдегі басты мақсаты-баланың қажеттілігін өтеу емес, ұлтжанды, патриотты бала тәрбиелеу екенін көрсетті.

«Адал азамат- әділетті Қазақстан» тақырыбымен «Нұрай» мектепалды тобының ата-анасы Ташимов Нурсултан Тоқтарұлы сөз қозғады. Әділ адам деген кім? Әділдік қайдан басталады?,-деген сұрақтарға жауап берді. Яғни, әділдік отбасынан басталатынын, ата-ана өзі әділ болу керек екенін айтты.
Ары қарай «Ромашка» мектепалды тобының ата-аналары Сабырбекұлы Әділбек, Сек Юлия Еновна «Дені сау ұрпақ-еліміздің болашағы» тақырыбымен жалғады. Отбасында ең бірінші қағида-спорт екенін атады.

Конференцияның жалғасы «Төребек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы-Нарбекова Баян бастаған, № 87 «Қадыр» балабақша меңгерушісі- Аханова Ляйля Жакановна балабақшаға қарасты 1 сынып табалдырығын аттайтын көпбалалы отбасынан шыққан 29 бүлдіршінге мектеп жабдықтарына толы сөмке сыйға тартты. Бұл балапандарға да, ата-аналарға да сөзсіз жақсы көңіл күй сыйлады.
Осылайша Аханова Ляйля Жакановна бастаған ұжым-ата-аналармен тығыз жұмыс жасайтынын, ата-ана сұранысымен талап-тілектерін қанағаттандыра отырып, біліммен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізінде жұмыс жасайтынын дәлелдей алды.
BILIM AINASY
Астана қаласынан
Әсел Нұртайқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.