Рахменова Ляззат Галимжановна,
Астана қаласы әкімдігі №77 «Қошақан»
балабақшасының меңгерушісі
Ұлттық тәрбиенің уызына жарымаған ұрпақтан ұлтжанды азамат шықпайды деген сөздің астарына барлығы сыйып кететіндей… Мектепке дейінгі ұйымда жүріп бүлдіршіндерімізді ұлттық тәрбиенің бұлағымен сусындатудың жолын іздеп бір оймен бір ой ұштасып жататыны шындық. Жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодымызды сақтай білу. Осы жолда ұлттық нақыштағы авторлық жұмыстар біздің дәстүр мәдениетімізді бейнелейтін ерекше бұйымдар. Авторлық тәсілмен жасалған әр бұйымы қайталанбас қолөнер туындысы Разакова Айгүл Ашимқызымен танысып жұмыстарын көргенде рухани байлықты балабақшамның әр педагогы бағалап, әр бүлдіршіні көрсе деген ой келді.
Мақсатымыз жүзеге асып «Жеңістің 80 жылдығы» қарсаңында балабақшамызда ұлттық бұрышымыздың ашылу салтанаты өтті.
Киіз, мақта, жібі табиғи материалдардан жасалған тарихы мен мағнасы бар әр бұйым балабақшамыздың ажарын кіргізіп, бойға күш, рухани ләззат сыйлады. Оған ашылу салтанатының қонақтары мен ата аналарымыз педагогикалық ұжым куә.
Ою –өрнектер, дәстүрлі элементтерді пайдаланып жасалған әр бұйым ұлттық ойындарымыз «Бестемше» , «Бескеней» түрлері, барлық жабдықтарымен жасалған құрастырылмалы киіз үй, жиналмалы құрақ көрпешелер мен ұршық бәрі бәрі балаларымыз үшін күнделікті пайдаланатын таным құралдарына айналады.

«Коммерциялық жұмыс емес бүлдіршіндерімізге ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін сақтап бойына сіңіру, ойыншық ретінде емес бала тәрбиесінде жоғалтып бара жатқан қазақи тәрбиені қатар алып жүретін ғұмырлы дүние болсын деген ойдан туған дейді» автор ЮНЕСКО КЛУБ » Айналайын» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Президент жанындағы Жамбыл облысының Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі Разакова Айгүл Ашимқызы.
Авторлық жоба “Айналайын” балалар мен жасөспірімдер орталығы қоғамдық бірлестігінің мектеп, балабақша балаларына ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған.

Жамбыл облысы , Жамбыл ауданы Аса ауылы “Айналайын” Балалар мен Жасөспірімдер орталығының жанынан ашылған тігін шеберханасында дайындалған балалардың ой-өрісін дамытуға арналған көздің жауын алар ұлттық бұйымды Астана қаласында бірінші болып балабақшамызға алғанымыз үлкен қуаныш.
Ашылу салтанатынан кейін жоба авторы педагогтарға қалай жұмыс жасауды түсіндіріп өтті.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Астана қаласы филиалы мен 4 балабақша меңгерушісі өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойдық. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қазақ тілін дамыту, ұлттық құндылықтарды насихаттау, балалардың тілдік және тұлғалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды мақсат еткен байланыста бір жыл бойы Астана қалалық филиалының төрағасы Лариса Алдабергенмен жұмыс жасадық. Ынтымақтасық аясында тағы да бірлесе жұмыс жасаймыз.
Ұлт болашағына үлестерін қосып жүрген қонақтарымызбен бірге балабақша ауласында гүл көшеттері мен ағаш отырғыздық. Жақсы ырымға балаған әр ісіміз оңға басып, бастамамыз гұмырлы болсын дегім келеді.