Home » Жаңалықтар » Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін стандартты емес тапсырмалар арқылы дамыту

Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін стандартты емес тапсырмалар арқылы дамыту

Мовлямов Алламырат
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және
инжиниринг университетінің
2 курс магистранты
ғылыми жетекшісі: п.ғ.к.
қауымдастырылған профессор
Шолпан Сапарбайқызы.

Өзектіліғі
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушының жеке қабілеттерін, соның ішінде интеллектуалдық әлеуетін дамытып, өмірлік жағдаяттарда білімін қолдана алатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. Осы мақсатқа жетудің бір жолы – стандартты емес тапсырмаларды тиімді пайдалану. Мұндай тапсырмалар теориялық білімді өмірмен байланыстырып, аналитикалық ойлауды, шығармашылық қабілеттер мен рефлексияны дамытады. Бұл мақалада стандартты емес, практико-бағдарлы және интеграциялық тапсырмаларды оқу процесіне енгізудің теориялық және практикалық негіздері қарастырылады.
Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуда стандартты емес тапсырмалардың рөлін анықтау және оны әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
Міндеттері:

  • Стандартты емес тапсырмалардың түрлерін жіктеу;
  • Оларды қолдану әдістемесін ұсыну;
  • Ойлауды дамытудың механизмдерін сипаттау;
  • Тиімділігін дәлелдеу.
  • Зерттеу әдістері
  • Ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау;
  • Оқу процесіндегі эмпирикалық бақылау;
  • Салыстырмалы талдау;
  • Интервью және сауалнама жүргізу.

Стандартты емес тапсырмалардың жіктелуі

Тапсырма түріСипаттамасыМысалы
Қызықты тапсырмаларЛогиканы және зейінді дамытады«Заттарды молекулалық массасы бойынша реттеп орналастырыңыз»
Ситуациялық тапсырмаларШынайы өмірлік жағдайлармен байланысты«Қай орам тиімді: 900 г – 810 тг,                              1,2 кг – 1020 тг»
Практико-бағдарлы тапсырмаларТұрмыстық құбылыстарға негізделген«Сорпадағы тұз концентрациясын есептеңіз»
Интеграциялық тапсырмаларПәнаралық білімді қажет етеді«Топырақтың қышқылдығы өсімдікке қалай әсер етеді?» (химия + биология)

Тапсырмаларды күрделілік деңгейі бойынша саралау

ДеңгейіСипаттамасыМысалы
A           Базалық«Реакция теңдеуін шешіңіз»
B          Логикалық және шығармашылық тәсіл«Үй жағдайында суды тазарту әдісін ұсыныңыз»
C   Кешенді, теориялық-есептік«Белгілі көлемдегі озон ыдырағанда қабат массасы қаншалықты азаяды?»

Тәжірібе-бағдарлы (практико-ориентированный) және интеграциялық тапсырмалар мысалдары

  • «Қай орама экологияға тиімдірек: қағаз, пластик немесе әйнек?»
  • «Тіс тазалау кезінде күніне қанша су кететінін есептеңіз»

Интеграциялық тапсырмалар:

  • «Неліктен мұз су бетінде қалқып жүреді?» (Физика + география + экология)
  • «Бромидтердің жүйке жүйесіне әсері» (Химия + биология)

Диаграмма: Тапсырмалардың ойлау түрлерін дамытуға әсері (0-10 балл аралығы)

Ойлау түріДәстүрлі тапсырмаларСтандартты емес тапсырмалар
Логикалық ойлау69
Шығармашылық ойлау410
Рефлексивтік ойлау38

Гистограммада стандартты емес тапсырмалардың барлық ойлау түрлерін дамытуда дәстүрліге қарағанда едәуір тиімді екені көрініп тұр.

Тапсырмалардың тиімділігін салыстырмалы талдау

КөрсеткішДәстүрлі тапсырмаларСтандартты емес тапсырмалар
Тақырып бойынша орташа балл70%85%
Оқушының мотивация деңгейіОрташаЖоғары
Сабақтағы белсенділікТөменЖоғары
Емтиханға дайындықЖартылайКешенді

Зерттеу нәтижелері мен талдауы

Стандартты емес тапсырмаларды қолдану:

  • Логикалық, шығармашылық және рефлексивтік ойлауды дамытады;
  • Пәнге деген қызығушылықты арттырады;
  • Қорытынды аттестаттау нәтижелерін жақсартады;
  • Білімді өмірмен байланыстыруға көмектеседі.

Қорытынды
Әрбір сабақта стандартты емес тапсырмаларды мақсатты түрде қолдану – оқушылардың интеллектуалдық дамуын арттырып, олардың пәнге қызығушылығын күшейтетін тиімді құрал. Мұндай тапсырмалар оқушыны күрделі жағдайларды шешуге, логикалық және шығармашылық тұрғыдан ойлауға бейімдейді. Пәнаралық байланыста берілген тапсырмалар тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етіп, білімнің практикалық маңызын көрсетеді. Бұл – білім сапасын арттырудың маңызды тәсілдерінің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Семёнов И.Н., Степанов С.Ю. Рефлексия в организации творческого мышления и саморазвития личности // Вопросы психологии. — 1983. — №2. — С. 35-42.

2. Ермаков Д.С., Жариеова Е.А., Ленина О.Ф. Задачи с практическим содержанием на начальном этапе изучения химии // Химия в школе. -2006. — № 5. — С. 27-32.

3. Зимняя И. А. Ключевые компетенции — новая парадигма результата образования // Высшее образование сегодня. — 2003. — № 5. — С. 34-42. 2. Кендиван О.Д-С. Использование ситуационно-проблемного подхода при изучении географии / О.Д-С. Кендиван. — География в школе . — 2010. — №8. —

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.