Home » Жаңалықтар » Ерлік елге мұра, ұрпаққа өнеге

Ерлік елге мұра, ұрпаққа өнеге

Масаурова Салтанат Маратқызы
Алматы қаласы,
«№110 бөбекжай-балабақшас» КМҚК
меңгерушісі

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай көптеген маңызды шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ бүгін №39 балалар кітапханасында ұрпақтар сабақтастығы «Ерлік елге мұра, ұрпаққа өнеге» атты іс-шара өтті. Іс-шараға біздің балабақшаның балалары, «Ұлан» армиясының сарбаздары, №17 жалпы білім беретін мектеп интернаттың оқушылары, Дусмаилов Шапек ардагер атамыз қатысты.

Іс-шараның мақсаты:Ардагерлер мен жас ұрпақ арасындағы диалогты қалыптастыру, ардагерлерге құрмет көрсету. Ұлы Жеңістің тарихын түсіндіру, ардагерлердің ерліктерін насихаттау, жастарға елін сүю және отансүйгіштік қасиеттерін сіңіру.Отан сүйгіштік, адамгершілік, ерлік, ұстамдылық сияқты қасиеттерді мектеп оқушылары мен балабақша балаларында қалыптастыру.

Іс-шарада  Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан батырларының  ерліктер туралы бейне ролик көрсетілді. Ардагер Дусмаилов Шапек атамыз өзінің еңбек жолы туралы айтып балаларды оқуға, еңбекті сүюге шақырды. Кездесуде сарбаздар мен балабақша тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарлама көрсетілді. Концерттік бағдарлама музыкалық және шығармашылық жұмыстарды қамтыды.Балабақшамыздың балалары батырлар туралы өлең оқып, ән шырқады.Сарбаздар домбырамен күй тартып, гитарамен ән шырқады.
Бүгінгі кездесу барлық қатысушыларға әсіресе балабақша балаларына ерекше әсер қалдырды.

Батыр аталарымыздың есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашағымызға күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі – ел есінде”- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.