Home » Жаңалықтар » Денсаулықты сақтау негіздерін қалыптастыру кіші жастағы балалардың физикалық қабілеттері мен қимыл дағдыларын дамыту

Денсаулықты сақтау негіздерін қалыптастыру кіші жастағы балалардың физикалық қабілеттері мен қимыл дағдыларын дамыту

Алматы қаласы, Алмалы ауданы
“N30 бөбекжай-балабақшасы”
меңгерушісі: Кыдырбаева Анаргүл Шалкаровна


Қалалық семинар
Күні: 30.04.2025ж
Білім беру ұйымы: КМҚК «№30 бөбекжай-балабақшасы»
Түрі: семинар-практикум
Мақсаты: денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың физикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және негізгі қимыл түрлерін жетілдіру .
Міндеттері: негізгі қимыл түрлерін жетілдіру;жүру, жүгіру,өрмелеу,лақтыру, секіру, тепе-теңдікті сақтау
жалпы дамытушы жаттығуларды, ұлттық,қимылды, саусақпен ойналатын ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;
салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру және құрдастарымен бірлесіп әрекет етуге дайындау.
Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі:Кыдырбаева Анаргүл Шалкаровнаға беріледі.

Қайырлы күн құрметті әріптестер, бүгінгі қалалық семинарға қош келдіңіздер! «Эмоционалды дағдыларды дамыту» педагог-психолог Гильманова Лазат Каримовнаның психологиялық тренингі.

Кіші балапан тобының тәрбиешісі Нусипова Балжан мен тәрбиеленушілерінің физикалық қимыл қозғалыс дағдыларының меңгеруі бойынша іс-әрекет көрсетілімі.
Спорттық киім киген кіші «Балапан» тобының тәрбиеленушілері музыка әуенімен залға кіріп физикалық қабілеттері мен қимыл дағдыларын көрсетеді.
1)Жалпы дамыту жаттығуларын орындау
2)Негізгі дамыту жаттығуларын орындау
— шеңбер бойымен жүру;
-тепе-теңдікті сақтап жүру;
-допты лақтыру;
-еңбектеу;

3)Қимылды ойын: «Қонжықтар мен көжектер»
Шеберлік сағаты «Тыныс алу жаттығуларына арналған құралдар» тақырыбында ортаңғы «Ботақан» тобының тәрбиешісі Жусипалиева Айгерім  және ересек «Көгершін» тобының тәрбиешісі Умирзакова Камшат семинарға келген педагогтармен шеберлік сағатын өткізуі.

6.Музыка жетекшісі Тетеева Мадина Белгібаевнаның ұйымдастырған концерттік бағдарламасы.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерінің «Шашу» биі, балабақша тәрбиешілерінің «Спорт,спорт,спорт» биі, тәрбиеленушілердің орындауында «Балабақшам» әнінің орындалуы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.