Алматы қаласы, Алмалы ауданы КМҚК № 3-бөбекжай-балабақшасында «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі. Тәрбиешілердің ата-анамен жұмыс формалары» атты танымдық-тағылымдық семинар өтті.
Шараның шымылдығын балабақша меңгерушісі Ерғазиева Айгүл Тоққожаевна жүрекжарды алғысөзімен ашты.
Бұл сәтте балабақшаның тарихымен біте қайнасқан, өзінің өнегелі жолымен, табанды еңбегімен ерекшеленген балабақша меңгерушісінің еңбегін ерекше атап өтпеу мүмкін емес.
Себебі:ол кісі мектепке дейінгі білім беру саласында табан аудармай 40 жыл бойы абыроймен еңбек етіп келеді. Бұл — тек уақыттың ғана емес, берілгендік пен адалдықтың, бала тәрбиесіне деген шексіз махаббаттың белгісі.
Қырық жыл ішінде талай ұрпақтың балалық қиялына қанат бітіріп, тәрбиелеу ісінің биік шыңына көтерілді. Талай ұрпақтың тәрбиесіне, тәрбиешілердің кәсіби дамуына, балабақшаның өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұйымдастырған сансыз іс-шаралары, жүзеге асырған тың жобалары — бүгінгі ұжымның мақтанышына айналған.Бүгінде ұжымдағы әрбір тәрбиешінің жүрегінде алғысқа толы ізет бар десек, артық айтқандық емес. Балабақшаның жетістіктері мен табыстары — осы жетекшінің қажырлы еңбегінің жемісі.
Осындай мол тәжірибе мен парасатты басшылықтың үлгісі — баршаға өнеге. Семинар аясында бұл еңбекті қадір тұтып, шын жүректен алғыс білдіреміз!

Семинар барысында балабақша әдіскері Тилепбергенова Асель Камзаевна ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері мен маңыздылығына тоқталып, «Тәрбиешілердің ата-аналармен жұмыс формалары» атты мазмұнды баяндамасын ұсынып, тәжірибеден алынған нақты мысалдармен бөлісті.
Шараға жиналған қонақтар қазақ халқының бай мұрасымен тереңірек танысты. Тәрбиеші Хамидуллина гулбану Габдулиевна Ұлттық тұрмыстық бұйымдар — келі келсаппен тас диірменді ортаға шығарып, таныстырды. Келгендер оларды өз қолдарымен ұстап көріп, қолдану әдісін үйренді. Қонақтар бұл сәттен ерекше әсер алып, балаларша қызығып, белсенділікпен қатысты.

Балабақша тәрбиеленушілері әсем билерін ұсынып, өз өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, тәрбиешілердің де өнерден құр алақан емес екені көрініп, бірі әуелете ән шырқап, көпшілікті тәнті етті.
Семинар барысында балабақшаның білікті тәрбиешісі Текесбаева Гулназ Мажуновна “Современные формы работы с родителями в доу” тақырыбында мазмұнды баяндамасын ұсынып, тыңдаушылар назарына терең ой, құнды мәліметтер жеткізді.
Келесі бөлімде ұлттық ойындар кезеңі басталды. Бірінші болып «Бес кеней» ойынын тәрбиеші Маханбетова Индира Аскарбековна балалардың шапшаңдығы мен ептілігін арттыратын бұл қызықты ойынды таныстырып, көрермендермен бірге ойнап көрсетті. Қонақтар да ойынға қызығушылықпен араласып, шынайы қуанышқа бөленді.

Екінші ойын — оюлармен байланысты “секірме” ойыны болды. Текшені лақтыра отырып, кілемде бейнеленген оюдың үстінен дәл секіру шарты орындалды. Бұл ойын да жиналғандарды балалық шаққа жетелеп, көңілді сәт сыйлады.
Үшінші ұлттық ойын – «Бәйге». Қол ептілігі мен шапшаңдықты сынайтын бұл ойында бейнеленген ат мүсіндеріне жіп жалғанып, оны жылдам тарту арқылы мәреге кім бұрын жетсе, сол жеңімпаз атанды. Барша қатысушылар жарыс рухын сезініп, көтеріңкі көңіл-күймен атсалысты.
Семинар сергіту сәтімен жалғасты. Балабақша психологы Жиенбаева Самал Нурлановна қонақтармен танысу жаттығуын жүргізіп, әр қатысушы өзінің есімін айтып, таныстыру ойындарын ойнатты. Мұнан соң, денені сергітетін жаттығулар жүргізіліп, шаттық шеңберінде бәрі бір-бірінің арқасынан ұстап, достық атмосферасында жүріп өтті.
Шара соңында тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер бірлесіп, әсем ән орындап, семинарды көтеріңкі көңілмен аяқтады.

Осындай мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған балабақша меңгерушісі Ерғазиева Айгүл Тоққожаевна, әдіскер:Тилепбергенова Асель Камзаевна, тәрбиешілер: Хамидуллина Гулбану Габдуллиевна,Маханбетова Индира Асқарбековна, Текесбаева Гулназ Мажуновна,Мухатова Бакытгул Заутбековна, Велахунова Рану Тельмановна, Еришева Шайкуль Торекуловна,Мамырбаева Сәуле Мураткалиевна, Куралиева Айгерим Габитовна, психолог:Жиенбаева Самал Нурлановна, музыка жетекшілері:Амангелдиев Жасулан Тостайбекович пен Оразбеков Ілияс Асқарбекұлына зор алғыс білдіреміз!
Алматы қаласы
BILIM AINASY
Елназ Тұрсынғалиқызы